М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.

0
19623

Ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бояуларын халықтық жырдан іздейтін М.Шаханов туған елмен ару атамекеннің қасиетін сағым көмкерген даланың құдіретті күшін, бабаларының өшпес рухымен, қайтпас ерлігін, адалдықты ту еткен, асқақ жандардың ару махаббатымен адал достығын жырлайды. Ойымызды аша түсу үшін «Ғашықтық ғаламаты» балладасының кіріспесінде келтірілген төмендегі түсініктемені келтіруімізге болады.

Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72 – ге келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан арбаға жанбастай жатып досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын… Ұлы сезімнің кішкене жүзігіне сыйдырған қайран Қорланым –ай» – деп ағыл – тегіл жылапты .

Ақын поэзиясына алтын арқау болған махаббат тақырыбы шынайы сүйіспеншілік пен жырланумен бірге бұл тақырыпқа ақын жаңадан із салған және ақын өзіндік беті айқын мәнері жаңалығы бар ақындарды мойындап, оған жанаспайтын өнердегі із, жол, салып бағытын таныта алмағандарды есепке алмай. Ақын «Ғашықтық ғаламаты» балладасында Естайдың мына бір сөзін әсерлі келтіреді:

Тұзағына іліндірді мені өлім,

Тулағанмен амал нешік, көнемін,

…Десе – дағы ел дәстүрі ерге сын,

Қарттарға ескерт

Қарсыласа көрмесін

Қорланымның көзі болған жүзікті

Өтінемін,

Өзіммен бір жерлесін!…

Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік

Жарық беріп жатсын маған көрде де, –  деп өзінің соңғы үмітін досына аманат етіп айтады. Естайдың бұл тілегін Мұхтар ақын «Ғашық болып өлу қандай мәртебе» — деп, деген жаңа тұжырымға келеді. Естайдың бұл әрекетін естіген Қорлан:

Егер олай етпесе,

Естай Естай бола ма?!

Естай Естай бола ма?!

Онсыздағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өлім сыйлапсың–ау, жер–ана, — деп, ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп еңкілдейді. Қорланның Естайға деген аппақ та, тұнық сезіміне таң қалған Мұхтар «Нағыз ғашық қарттылығына көне ме?» деген байлам жасайды. Қорланды жылатқан–Естайға деген махаббат. Кейін өзі қылтамақтан өлерде күйеуін сыртқа жіберіп, немересіне Естайдың әнін салдырып, «Бақыттымын, бақыттымын» деп мәңгілік көз жұмады.

Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?!

Қорлан өзі кейінірек қылтамақтан өлерде,

Әжім жүзі қуарып, түнеріп,

Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,

Ақпалап, қозып делебесі де,

Бойжетіп қалған немересіне

Естайдың әнін салдырып,

Жанарын шоқтай жандырып,

«Бақыттымын, бақыттымын» — депті де,

Көз жұмыпты мәңгілік ,

Ақын Естайдың Қорланға деген кіршіксіз махаббатын жырлай отырып, ғашықтық деген сезімнің ғаламат күшін паш етеді. Естайдың өлімін биік өлім деп бағалайды. М.Шаханов ғашықтық дегенде көрсеқызарлық, арзанқұмарлықты айтып отырған жоқ, тіршіліктің тірегі, ұлы сезім – мөлдір махаббатты үлгі етеді. Ойын сабақтай келе:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,

Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады.

Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі

Ешбір геометриямен

Өлшенбейтін көлемі.

Бұл сезімнің ұшан – теңіз адамзатқа берері

Ғашық болу келсе кімнің қолынан

Әлем соған сенеді.

Құлай сүю – ерлікпен тең себебі!

Апатай – ау,

Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға?

Көңілің күні жоқтардан

Табанының бүрі жоқтардан

Жұрт онсыз да зардап шегіп жатқанда.

Жоғарыдағы адал сүйіспеншілік, оңай алынбайтын асудай болған махаббат қуанышы мен қайғысы қатар жүретін сезім, арай, көрнекті қазақ ақыны Т.Айбергеновтың «Махаббат элегиясында» да нәзіктік пен жырланған.

Көрмес деп күдер үзбеймін,

Саламын сұрау, іздеймін,

Сағына сені сарғайдым,

Сары жапырақ күздеймін.
Атыңды айтсам ардақтап,

Ойым жоқ басқа жар таппақ.

Сен бе деп көше қызының,

Жүзіне қараймын жалтақтап.
Тілдеспей кетем сөзге кеп,

Шыққан соң сенен өзге боп.

Қаяулы көзден моншақтар,

Тамшылап жатар кез де көп.
Сол сәттен сені жоғалтқан,

Сүю таңы әлі жоқ атқан.

Күтем мен сол таң арайын,

Үмітпен келер сағаттан [1,178].
Ал, Мұхтар балладасына оралсақ, анаға Естай өмірін өнеге ете отырып:

Апатай – ау,

«Қызым батты күнәға,» —

Деп қамығып жылама,

Жандарыңды қасіретке бұлама

Мүмкін, жолы сәтсіз шығар…

Бірақ сүю бақыты

Кез – келген тартылмайтын сыбаға

Апатай – ау,

Сеніміңді жасытпа,

Қашықтықты жеңе білу – мықтылық,

Нағыз бақыт – жақында емес, қашықта.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ