М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.

0
31663

Мағжан Жұмабаевтың “Қойлыбайдың қобызы” поэмасы мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған. Аңыз бойынша Қойлыбай атты бақсы бір жиында атжарысқа өзінің қобызын қосады. Қобызы бәйгеден бірінші келіп, ел-жұрттты таң-тамаша қылады. Поэмадан халықтың бақсы-балгерлерге деген қарым-қатынасын байқауға болады. Ежелде қазақтар бұндай ерек жандарды ерекше құрметтеп артынан ғажайып аңыз әңгімелерді өрбітіп отырған. Бұл поэма арқылы Мағжан Жұмабаев бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсеткісі келген болуы мүмкін. Халық әрқашан мистикаға сеніп, осы бағытта түрлі аңыз әңгімелер таратып отырған. Бұл аңыздарға халық өздерінің арманын, мақсат-мұратын енгізіп, сол мұраны ұрпақтан ұрпаққа таратып отырды.

«Қойлыбайдың қобызы» поэмасы «Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды. Бір қарағанда, тақырыптық тұрғыдан алғанда, алып-жұлып, әкетіп бара жатқан ерекшелік көрінбейтін секілді: «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Түркістан», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян» – аңыз, тарихи белгілі оқиғаларға, «Жүсіп хан», «Өтірік ертек» – шығыстық сюжет, мысал, тұспалға құрылған. халықтық аңыз, тарихи дерек үлкен көркемдік идея тұрғысынан қайта құйылып, ежелгі әңгіме, миф сарындары өзге құбылып, жаңа сипаттағы эстетикалық игіліктер жасалды.
Мағжан өлең болсын, поэма болсын, көбіне өткен заманды аңсап отырады. «Қойлыбайдың қобызы» поэмасында да Қойлыбай бақсының өнерін сүйсіне жырлайды. Қазақтың бақсысына дейін ардақ тұтады.   Қалың Найман ішінде Бағаналы, Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан. Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген, Алдында жорғалаған шашты шайтан.

Қойлыбай жын жолдастарының көмегімен қобызын бәйгеден оздырды. Поэма соңын Мағжан былай аяқтайды:   Ертеде ел бар екен қалың Найман, Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан… Жарасқан бай мен биі, батыр, бақсы, Алыста елестейсің заман қайран!.. Құдай-ау, албастының ойнағындай, Мынау сұм заманға кез қылдың қайдан? Шіркін-ай кер заманды күл қылар ем, Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ