М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

3
34654

  Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.
Ақын «Толқын» деп аталатын өлеңінде толқындардың қозғалысының әртүрлі болып келетіндігіне назар аудартады. Сылдырап аққан бұлақтың бетінде бірде көпіршіп, бірде иіріле ағатын толқындар нәзік, қарапайым, зиянсыз, сырттай қарағанда өмірге қатер тудырмайды. Солай болса да Мағжан толқынның қимылынан біріне-бірі жақындап келіп, сырласқан болып, бірінің сырын бірі ұрлап, бірін-бірі жұтып жіберетін жымысқы адамдардың әрекетін көреді. Толқындар бірін-бірі қуалай алдап, еркелей ойнап, жарыса жүгірген болып, абайсызда итеріп құлатып жібергеннен кейін өтірік жылап, көз жасын сүртіп, жағалауға шегініп, өзге толқындарға ілесіп, көрінбей кететін адам әрекетінің образын ойға салады. Жартасқа сүйеніп, көз жасын сүртіп, сылқ-сылқ күліп, бірінің ізін бірі аңдып, жоғалып жататын адам тағдырымен астарлайды. Осылайша, өмірдің толқынды құбылысының қозғалысын ойға салғандай образдайды.
«Толқын» сөзінің негізгі мағынасы табиғаттағы су бетінің ырғалысынан пайда болатын тербелісті білдіреді. Мағжан табиғаттың осы бір құбылысын ала отырып, терең ой толғайды. «Толқын» — қозғалыс перзенті, ал өмірдің өзі қозғалыстан тұрады. Ақын өлеңде «Толқыннан толқын туады» деп бастап, өмір заңдылықтары: уақыт, қозғалыс, өмірдің өзгермелігін, өмір жолындағы жарыс пен тартысты, ұрпақ жалғастығын, жылайтын, күлетін адамның болмысы мен сезім-күйін өлеңнің мағыналық астарына дәріптейді. Алдыңғы толқынның өмірден озуы, кейінгі толқынның орнын басуы заңдылық. Өлеңнің идеялық өзегінде өмір философиясы бой көрсетеді. Өлеңнің композициялық құрылымы ерекше. Ақын өмірдің бар болмысын толқынның тууы мен өлуі арасына тізбектей отырып көркем безендірген. Өлең компазициясында ақын үн үйлесімін аллетерациялық тәсіл арқылы шебер берсе, өлең ырғақ, өлшем, ұйқас арқылы да сазды, әуезді құрылым түзген. Анафоралық қайталаулар мен паралелизм ақынның салмақ түсіретін ойын ерекшелей түскен. Осылайша ақын «Толқын» өлеңінде терең толғанысты, әуезді әсем сурет жасаған.

Өлеңде  ақын өмір философиясы туралы толғанады.

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады,

Толқынмен толқын жарысады,

деп, ақын айтқандай, өмірдің өзі бірін-бірі қуған, жарысқан осындай толқындардан тұрмақ. Өмір ағысы осындай.

Мөлдіретіп көз жасын,

Жасымен жуып жартасын,

Сүйіп сылқ-сылқ күледі.

Жылағаны – күлгені,

Күлгені оның – өлгені,

Жылай, күле өледі.

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Бірінің сырын бірі ұрлап,

Толқынды толқын қуады.

Жарына бал береді,

Береді де өледі,

Өледі толқын тынады.

 


3 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ