Маған қымбат жандар (бастауыш сыныптарына арналған ашық сабақ)

0
2169
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: Маған қымбат жандар

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

II-кіші тобы

Сабақтың мақсаты: Отбасындағы баланың әлеуметтік орнын, бос уақытын тиімді өткізу, өзіне қызмет ету біліктілігін және жақын адамдарына қамқор болу қасиеттерін қалыптастыру.

Білімділік: Отбасы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Білімін дамыту.

Тәрбиелік:Бауырмалдыққа ақылды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабaқтың көрнекілігі: Плакаттар түрлі- түсті, үнтаспа.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Щеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Сәлемдесу:

Жарқырап күн де ашылды,

Күн нұры түгел шашылды.

Қайырлы күн қонақтар

Біз әдепті баламыз.

Қайырлы күн ұстазым,

Біз көңілді боламыз

II.Суретпен жұмыс.

-Мына отбасында ата,әже бар екен,балалар тағы кім бар?

-Төрде кім отыр?

Жетелеу сұрақтар:

— Отбасы дегеніміз не?

— Сен отбасыңда кімсің?

— Өзіндік орның қандай?

Конструкциялық сызба.

 

Анам

Әкем

Ағам

Апам

“Хаттар сыры” айдары

Хатшыбектің хаты “Сағынышқа толы сезімдер”

Дайекі сөздер:«Бір кемедегінің жаны бір»

« Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»

Ой түйіндеу сұрақтары:

Өзіңнің үйінде сен үшін қымбат не нәрсе?

Отбасы жарастығы:

Келісім

Сүйіспеншілік

Адалдық

Сыйластық

Бірлік

Татулық

Шығармашылық тапсырма: Отбасы бәйтерегін гүлдендіріп, тамырын тереңге жаюға қосар біздің үлесіміз.

III.Қортынды: “Сен бақытты ұлансың!”

М.Қуанышбеков

Анаң-күнің жүрегің, Әкең – өмір тірегің

Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.

Әжең-асыл ардағың, Атаң – дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.

Ағаң- қамқор асқарың, Інің–мөлдір аспаның,

Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын

Жүректен жүрекке:

Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып тұрады. Мүбәрәк Жаманбалиновтың «Бір аптада» өлеңін қосылып оқиды.

Бір аптада

Бір аптаның күндері өтті:

Дүйсенбіде гүлдер ектім,

Сейсенбіде жуа тердім,

Сәрсенбіде су әкелдім,

Бейсенбіде бақша баптап,

Жұма күні тақпақ жаттап,

Сенбіде мен киноға бардым,

Жексенбіде бір демалдым.

Ұқыпты дер бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

IV.Үйге тапсырма: Әр тәрбиеленуші отбасындағы қымбат жандарына тілек ойлап келеді.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ