Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Асан Қайғы

0
1514
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Майлықожа Сұлтанқожаұлы ( 1835, Қазігі Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, Қожаторғай,- 1899, Шымкент облысы, Бадам селосында) – қазақ ақыны. Жасында ауыл молдасынан хат танып, өз бетімен ізденіп көп оқыған. Майлықожа өлеңді ауызша да жазбаша да шығарған. Жанары мен мазмұнына қарай Майлықожа туындыларын төрт топқа бөлуге болады. Олар – ғибрат, нақылдар «Жолдас болсаң жақсымен, Жақсы  адам қартайса, Құлақ салғың, Халайық, т.б.», арнау өлеңдер «Тұрлыбекке, Ахметтөреге т.б.», дастан, мысалдар «Қасқыр, Үш жігіт, Тоты намы, Аңқау мен қу т.б.», айтыстар «Құлыншақпен, Гүлханмен т.б. айтысы».

Майлықожаның бес өлеңі 1883 ж. Түркістан мұғалімдік семинариясының мұғалімі Я.Я.Лютш құрастырып, Ташкентте бастырып шығарған. «Қырғыз хрестоматиясы» атты кітапқа енген. Майлықожаның ақындығының үстіне ауыз әдебиетіне нұсқаларын жинаумен де айналысқан. Ол белгілі фольклорист Ә.Диваевқа көп материал берген. Майлықожаның шығармалары соңғы жылдарда ғана зерттеліп, жариялана бастады. Оның ьір топ шығармасы «Үш ғасыр жырлайды» кітабында (1964 ж.) жарияланды. «Нақыл атты жинағы» (1972 ж.) жеке кітап болып басылып шықты.

Майлықожа термесі.

Жігіттер өсиеті.

 

Жігіттер жаман істі кәсіп етпе,

Досыңды бірге жүрген басып өтпе.

Басыңа әлдеқандай іс түскенде,

Дос түгүл дұшпаныңда қашар шетке.

Жігіттер малмен басым көп демеңіз,

Кейін кеп тамағымды тоқ демеңіз.

Дәіттің отыз ұлын бір күнде алған,

Біздерге және ажал жоқ демеңіз.

 

Асан Қайғы

Асан Қайғы (туған-өлген жылы белгісіз) – қазақ ақыны, философ, аңыз кейіпкері. Халық қамын, елдің болашағын ойлап, үнемі мұңға батып жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына «қайғы» деген сөз қосып, Асан Қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде (15 ғ.) өмір сүрген Асан  Қайғы алдымен Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ – Мұхаммед ханның ықпалды билердің бірі болған. Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралды, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған қазақ мемлекетінде, Жәнібек, Керей хандардың төңірегінде өтеді.  Асан  Қайғы – көптеген нақыл сөздердің, афористтік, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құралу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елемін танимыз. Асан  Қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуге қарсы болмағанымен, ата мекен  Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек, Керей хандардың оңтүстік жаққа емес, батысқа – Жайық, Жем бойына қоныстануғаүгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асан  Қайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыруды қажет етіп санады. Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің,қазақ халқының болашағын жете ойламайсың деп сөгеді. Шоқан Уалиханов «көшпенді ноғайқазақ ұлысының философы» деп атаған Асан  Қайғы туыстас рулардың бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру, қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етеді. Біздің заманымызға жеткен толғауларынын оның өз дәуіріндеболып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бәрінің де құрып біетінін болжай алғаны көрінеді.

Өзеннен соңғы ұрпақ әулие танып, «Асан Ата» атандырған ақын жайлы әр қилы мазмұн, әр түрлі сипаттағы әңгімелер халық арасына кең тараған. Асан  Қайғы төңірегіндегі аңыздар негізінен үш жүйеге (Асанның алғаш тануы, қайғы аиануы, «Жер ұйықты» іздеуі)бөлінеді. Бұлардың ішіндегі ең таңдаулысы – Асан  Қайғының «Жер ұйықты» іздеуі жайлы аңыз. Асан  Қайғы елдің кешіп кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбады, мекен еткен қоныстарын жерсінбейді, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көру мүмкін жұмақ бар, аты — «Жер ұйық».  Бұл – елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгіг, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік етеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген. Асан  Қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті баға беріп отырады. Ақыры таба алмай, өксіп кеп, Ұлытаудың басына жеткенде дүниеден көшеді. Аңыз – қазақ халқының бақытты тұрмыс, сәулетті болашақ туралы армандарының жемісі. Сонымен қатар бұл — Асан  Қайғының бақыт мекені «Жер ұйық» жайлы утопиялық шығармасының ауыздан-ауызға көше келе өзгерістерге түсіп, аңызға айналып кеткен нұсқасы деп шамалауға да негіз бар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ