«Мамандықтардың бәрі жақсы» атты ұйымдастырылған оқу қызметі

0
2094
Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Мамандықтардың бәрі жақсы»

Білім беру саласы: «Коммуникация» Сөйлеуді дамыту.

Мақсаты:Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру; еңбекке деген қызығушылықтарын ояту,үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту. Мақал- мәтел айтып, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік қорларын дамыту.

ҰОІӘ әдіс- тәсілдері: сұрақ -жауап,баяндау,талдау, ойын.

Көрнекіліктер:интерактивтік тақта, ойынға қажет құралдар.

Көптілділік: мамандық- профессия-profession, еңбек -труд-work.

Іс-әрекет кезеңдері.
Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы

Балалармен амандасу:

Hello! Здраствуйте! Сәлеметсіздер ме!

1.Психологиялық дайындық:

Тәуелсіз жаңа заманда,

Сұраныс көп маманға.

Нағыз маман пайдалы,

Мемлекет, қоғам,адамға.

2.Балалардан мамандық түрлерін сұрау.

Балалар:

Good morning, good morning

Goоd morning to you.

Good morning, good morning

I am glad to see you.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.

Мамандық түрлерін атап шығады: тәрбиеші, тігінші, аспазшы, сатушы, шахтер, биші,суретші ,т.б.

Іздену-ұйымдастырушы
3.Мамандықтар туралы жұмбақ жасыру:

Тәртіп,заңды сақтайды,

Ел сенімін ақтайды.

Мектептің жүрегі,

Білімнің тірегі.

Зымыранды ерттеген,

Ай жұлдызды зерттеген.

Тікті әсем киімді,

Дүкенге әкеп ілінді.

4.Кейбір мамандық түрлеріне жеке тоқталып, әңгімелеу.

(Балаларға мамандық түрлеріне байланысты презинтация көрсету).

5.«Мен өскенде…» ойыны.

Мақсаты: балалар болшақта кім болады әңгімеле отырып, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады.

6.Сергіту сәті «Профессии»

Много профессий на свете у нас!

О них поговорим сейчас:

Вот швея рубашки шьет,

Повар варит нам компот,

Самолет ведет пилот-

На посадку и на взлет.

Доктор ставит нам уколы

И охранник есть у школы.

Каменщик кладет кирпич,

А охотник ловит дичь.

Есть учитель,есть кузнец,

Балерина и певец.

Чтоб профессии иметь,

Надо много знать,уметь

Хорошо дружок учись!

И, конечно не ленись.

7. «Бұл кім?» ойыны. Ұнтаспада әр түрлі маман иесі сөйлейді :

-Балмұздақ, алыңдар, балмұздақ.

-Шашыңызды қай үлгіде қиып берейін?

-Отырыңыз,қай жерге апарайын?

-Қанша ақша алғыларыңыз келеді?

-Отырыңыз, қазір сіздің бейнеңізді салып беремін.

— Қай жеріңіз ауырып тұр,

ыстығыңызды өлшейін?

8.Балаларға «Дәрігер» сюжеттік рөлдік ойынды ұсыну.

9.Балаларға әр түрлі мамандықтар туралы білетін тақпақтарын айтуға ұсыну.

10.Еңбекке деген қызығушылықтарын ояту,үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

11.Д/о «Маман иелерінің құралдарын табу»

(Игровизормен жұмыс. Әр қайсы маман иесіне сай құралды тауып сызық арқылы қосу)

Жұмбақтардың шешуін табуға тырысады:

Полиция.

Мұғалім.

Ғарышкер.

Тігінші.

Балалар презинтацияны қызығушылықпен қарап, әр қайсы маман иесі жайында білгендерін айтып береді: Сатушы киім, азық түлік сатады. Адамдармен сатушы сыпайы болу керек.

Дәрігер өте маңызды маман. Дәрігер адамдарды емдейді. Сондықтан да дәрігерге әр қашан да мұқият болу керек, себебі оның қолында адам өмірі.

Құрылысшы әр түрлі үйлерді, ғимараттарды салады. Құрылысшылардың да жұмысы өте қауіпті.

Және де басқа мамандықтар туралы әңгімелейді.

«Мен өскенде…» ойына қызығушылықпен қатысады.

Алихан: Мен өскенде шахтер боламын, себебі, теледидардан шахтерларды көргенде өте қызығамын. Шахтерлардың жұмысы қиын болса да, өте қызықты.

Айгерім: Мен өскенде дәрігер боламын, себебі, дәрігер адамдарға көмектеседі, оларды емдейді. Мен де адамдарға көмектескім келеді.

Аман: Мен өскенде полицияда жұмыс істеймін, себебі, бұл өте жауапты мамандық. Өскенде мен бұзақыларды ұстаймын, адамдарды қорғаймын.

Ярослав: Мен өскенде тіс дәрігері боламын, себебі менің ата — анам екеуі де тіс дәрігері болып жұмыс істейді. Бұл өте қызықты мамандық.

Және де басқа балалар да өз ойларын айтады.

Балалар тәрбиешінің соңынан қайталап, сергіту сәтіне сай қимылдарды орындайды.

Балалар мұқият тыңдап бұл кім екенін табады:

Сатушы.

Шаштараз.

Таксист.

Банк жұмыскері.

Суретші.

Дәрігер.

Қызығушылығын білдіреді. Үш бала шығып, «Дәрігер» сюжеттік рөлдік ойынды сахналап береді(біреу дәрігер, біреуі ана, біреуі баласы болып ойнайды ).

Балалар әр түрлі мамандықтар туралы білетін тақпақтарын айтады: Нурислам:

Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Ауруларды емдейтін

Мен дәрігер боламын.

Даниял:

Сән үлгісін қиятын

Шаштараз болам жолыңа

Түрлі түрлі шаш қиып

Қызмет етем халқыма.

Аманжол:

Қолда темір қалағым

Саздан сарай саламын.

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

Медина:

Мұғалім, аспазшы

Жақсы оқып сабақты

Білім алып толамын

Бөбектерді оқытар

Мен мұғалім боламын.

Еңбек туралы мақал мәтелдерді айтады:

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарын тіленбей.

Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

Еңбексіз өмір-сөнген көмір.

Балалар ойынға белсеңді қатысып, тапсырманы дұрыс орындайды. Әр қайсы маман иесіне сай құралды тауып сызық арқылы қосады.

Рефлексивті-коррекциялау

Сұрақ жауап арқылы ҰОІӘ қорытынды жасау.

Балаларды мақтап,мадақтау.

Балалар сұрақтарға толық жауап беріп, ҰОІӘ қорытынды жасайды.

Балалар мадақтағанына қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: әр түрлі мамандық иесінің еңбегі жайында.

Түсінеді: үлкендердің еңбегін бағалау.

Қолданады: мақал -мәтел айтып, жұмбақ шешу. Өздерінің болашақ мамандығын таңдап, әңгімелеу.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ