Мамандығым — мақтанышым (эссе)

0
21087
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

 

Мамандығым — мақтанышым

Мамандық. Менің ойымша маман ол өз ісін жанымен,бүкіл болмысымен таңдаған жолы. Мен ұстазбын -терең білім иесі, елімнің болашағының мамандықтардың бетке тұтары.Ұстаздық жолы арқаланған армандар мен үміттер жолы.Таланттылық ол бір жүре пайда болса,менің жолым жанымның бүкіл руханиятымның таңдауы, сондай сәтте болады мен мамандығымсыз өздігімді елестете алмаспын…

«Әсемпаз болма, әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан» — деп Ұлы Абай жырлағандай шыр етіп дүниеге келген соң жұмыр адамзат баласы алдына мақсат қойып,бір нәрсеге қол жеткізгісі келіп армандайды. Ойдан ой туады. Ой арманға жалғасады. Адам баласының алға қойған мақсатының ішіндегі маңыздысы, мәндісі — оның мамандығы. Иә, мамандығы, дәлірек айтсақ кәсібі. Болашақ өміріндегі қызығы мен қиындығы мол кәсібі Менің бала көңілімде, сәби жүрегімде өзінің парасатты болмысымен сақталып қалған құрметті адам болса,ол –ұстаз еді. Кішкентай кезімде мұғалімге қарап, оның әрбір іс-қимылын көзіммен ұрлана бағып, қызыға қарап,еліктейтінмін.

Бос уақытымның бәрінде «мұғалім» ойнап, тақтайшаны бормен сызып, дәптер тексеріп зыр қағып жүретінмін. Осы кездегі алаңсыз балалық шағымнан бастау алған – мамандытың мәртебелісі ұстаздық жолын таңдадым. Қазіргі жаңартылған білім беру саласында ауыл мен қала жастары ұстаз мамандығын, жалақысы аз, беделі төмен, көзге ілінбестей көреді. Қалай айтсақ та, менің түсінігімдегі ұстаз –рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отаны үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші , өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен болашағына жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі жылы адам. Осы ұстаз мамандығының ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Қасиетті мамандықтың иесі бола тұрып, баланы тұлға ретінде тани білу,оның пікірімен санаса білу, қуанышына қуану, жетістігін бағалай білу – менің ұстанымым деп білемін.Ұстаз – білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық пенденің бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.

«Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді,Ұлы мұғалім шабыттандырады» — деп ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың айтқан еді. Осы пікірге келісе отырып халықаралық, республикалық, аудандық, мадақтауларына бөленіп жатқан шәкірттерімнің жетістігі жетерлік.Олардың бақытты нұрын көргенде, кәсібімнің , төккен терімнің зая кетпегені деп білемін. Менің ұстаздық бағытымның дұрыс жолда екендігіне көзім жетеді.

Иә, ғалым да шахтер де бас иетін, шамасы келсе дүниені бағындыратын ұстазға бүгінгі таңда жүйелі жүк артылып отыр. Оқушыларымның «қазір тарих сабағы болады» деп жылы лебізбен айтқан сөздерін естігенде шаршағанымды ұмытып, жігерлене түсемін. Сондай кездерде менен бақытты ұстаз жоқ екендігіне қуанамын. Осыдан кейін мен өз мамандығымды қалай жақсы көріп, құрметтемеймін?.. «Мәңгілік ел» құндылықтары негізінде ұйымдастыру- білім беру жүйесінде жасалып жатқан инновациялық өзгерістер арқылы ұрпағымыз сапалы білімді, саналы азамат болуына сенімімім арта түседі.

«Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілген мектепшілік курс жұмыстары әріптестеріммен әр аптатадағы жұмыс, «Тәжірибе алаңында» жұмыс жасау, тәжірибе алмасып отыру мен үшін өте тиімді, пайдалы. Кәсіби даму нәтижесінде мен өзімің барлық оқу мен оқыту тәжірибе барысында өз кәсіби деңгейімнің шыңдалғанын байқаймын. Шынайы бейнедегі кәсіби маман ретінде үздіксіз білім алу, біліктілікті арттыру және тәжірибе жинақтау арқылы танылатынын білдім, меңгердім, үйрендім. Кәсіби даму бұл жүйелі білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгеру арқылы өзімің барлық еңбек жолымда белгілі міндеттерді шеше алуға ұмтылу. Кім болсада, қандай маман иесі болсада, өз ісін сүйіп, жауапкершілікпен қарап қызмет атқарса, нәтижеге жетері анық. Қорыта келгенде, ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз! «Мәңгілік Ел» , «Ұлы даланың жеті қыры» , «Рухани жаңғыру» көп ғасырлық тарихын білетін, бағалайтын, мақтан тұтатын, бүгінін нақты білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын азаматтарға білім беру бәрмізге жүктелген.

«Мұғалім–мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекеттің, ақылдың дәнін себетін, нұр құятын жалын иесі»- деп ұлы чех педпгогы Я.Коменский айтқандай жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасындағы құндылықтар мен дағдыларды өзара ықпалдастыра, жас ұрпақ бойына дарыта отырып, білім мен тәрбие беру менің міндетім.

Г.К.Казербаева

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ