Мемлекеттілік — қоғамдық сананың көрсеткіші ретінде.

0
1314
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Әрбір мемлекеттін қалыптасуына табиғи, экономикалық, саяси, діни және сыртқы факторлар әсер етеді. Ал қалыптаскан мемлекеттін өміршендігі – хадықтың басын біріктіретін белгіді бір идеялармен тығыз байланысты.

ЖОСПАР

Кіріспе

1.Мемлекеттілік — қоғамдық сананың көрсеткіші ретінде.

  1. Мемлекеттік басқару

3.Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеу.

Қорытынды

 

Кіріспе 

Әрбір мемлекеттін қалыптасуына табиғи, экономикалық, саяси, діни және сыртқы факторлар әсер етеді. Ал қалыптаскан мемлекеттін өміршендігі – хадықтың басын біріктіретін белгіді бір идеялармен тығыз байланысты. Белгілі бір мемлекетгін мәнгілік болмауы да идеялардың заман талабына сай езгеріп отыруына байланысты. Сондықтан да тарихта халқын белгілі бір идеялармен ұйымдастыра білген мемлекетер ғана үлкен жетістіктерге жете алды.

Осы тұрғыдан, қазақстандағы мемлекеттердің тарихындағы мемлекеттілік туралы идеялардың роліне тоқталып өтуді жөн көрдім. 

1.Мемлекеттілік — қоғамдық сананың көрсеткіші ретінде.

Мемлекеттілік ұғымы мемлекет ұғымымен тығыз байланысты. Бірақ мемлекеттілік ұғымы мемлекет ұғымынан біршама кен. Сондықтан онын кұрамына мемлекеттік идеология, мемлекеттің қоғаммен қарым-қатынасы, жартылай мемлекеттік құрылымдар кіреді. Мемлекеттілік — ол қоғамды алға жетелеудің идеялық, мәдени, саяси бағдарының жиынтығы және қоғамдық сананың көрсеткіші. Сонымен бірге, ол белгілі бір территориядағы этникалық топтардың саяси ұйымдасуы мен тарихи дамуынын деңгейін білдіретін көрсеткіш. Сондықтан да дүниедегі 4 мыңға жуық этникалық топтарды мемлекеттілігі бар және мемлекеттілігі жоқ деп екіге бөледі.

Мемлекеттілік ұғымы, әдетте, халыктарға және территорияларға байланысты колданылады. Себебі, белгілі бір территорияда қоныстанган этникалық топтардың өзін — өзі сақтау механизмінің ен жетілген түрі — мемлекет болып саналады. Сондықтан да мемлекет сатысына жеткен этникалық топтарды «халық» деп атай бастады. Мемлекеттілік белгілі бір саяси ұйымдасудың, өзін-өзі анықтаудың жоғарғы сатысы бола отырып, қатып қалатын процесс емес. Белгілі бір территорияда қалыптасқан мемлекеттер ыдырап, басқа мемлекеттік құрылымдардың құрамына кіріп, қайта құрылып, қайта ыдырап отыруы мүмкін.

Жалпы белгілі бір территорияға иелік етуге және сол жердегі халықты басқаруға арналған саяси институт —  мемлекеттін калыптасуы, өркениетті сатыға аяқ басудың бір белгісі. Мемлекетке бірігіп, дамудың жана сатысына аяқ басуы — белгілі бір халықтын өзін-өзі сақтау идеясының жеңісі, өзін-өзі тануының бастамасы.

Қазақстан территориясындағы мемлекеттілік тарихы біршама бай. Оны ғалымдар түркі кезеңіне дейінгі кезең (сақ, үйсін кезеңіндегі мемлекеттілік), түркі кезеңіндегі мемлекеттілік, монғол кезеніндегі мемлекеттілік, қазақ хандығы кезіндегі мемлекеттілік, Ресейге қосылғаннан кейінгі, бодандық кезендегі орыс мемлекеттігі және тәуелсіз Қазақ мемлекеттігін құру кезеңі деп бірнеше кезеңдерге бөліп карастырады. Негізгі критерий — әрбір кезеңдегі мемлекеттік ұйымдасудың ерекшеліктері —қай этникалық топ немесе элиталық топ мемлекет құруға ұйытқы болып отыр, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрлері және олардың мемлекет құру барысындағы идеялық бағдары. Мысалы, алып Монгол империясы ыдырау барысында әр түрлі территорияларда Шыңғыс әулеті (чингисизм) жаңа мемлекет құрудың ұйытқысы болды.

Шынғыс хан құрған алып империяның ыдырау дәуірінде Жошы ұлысында бірнеше жаңа мемлекеттер қалыптасты. Осы хандыктардын негізін қалаған хандардың барлығы да Жошы ұрпағы болғандықтан, әрқайсысы сол территорияға иелік етуге хақы бар деп есептелді. Шыңғыс тұғымы жаңа мемлекеттердін ұйытқысы бола отырып, монғол мемлекеттілігін, атадан қалған мұраны қалпына келтірдім деп есептесе, ал белгілі бір мемлекетке біріккен тайпа мен ру басылары өзара жанжалды тоқтатудың амалы деп есептеді. Себебі өзара жан-жалды тоқтатудың, территориялық бүтіндікті камтамасыз етудін жолы — мемлекетгілік екенін түсінді деп есептеді. Сондықтан ірі, тайпа одақтары әскер басы ретінде Шыңғыс тұқымын билікке шақырды.

Керей мен Жәнібекке ерген немесе екеуін билікке шақырған қазақ деп аталған халықтын негізін қалаған тайпалық одақтар, топалақ заманда елдің бірігуіне, тайпалардың өзара билік үшін тартысын тоқтатуға. Жошы ұрпақтары әсер етеді деп есептеді. Аласапыран дәуірде қазақ хандығының қалыптасуына әсер еткен бұл идея — бейбіт кезенде жалғасын таппай. дамымай қалды. Халықты топтастыратын жаңа идеялардың пайда болмауына натуралды шаруашылық пен халықаралық жағдай және халықтын мәдени деңгейі де әсер етті.

Міне, осынын салдарынан қазақ мемлекеті бірнеше рет бытыраңқылықты бастан кешіріп, саяси ықпалынан айрылып отырды. Алғаш дүрбелен кезен Қасым ханның өлімінен кейін басталды. Елді дұрыс басқара алмаған Тақыр ханға тайпалардын бағынбай қоюынан — қазақ хандығы үлкен дағдарысты бастан кешірді. Қазақ мемлекеттігін түйықтан шығаруға тырысқан Хак-Назар хан болды және ол алғаш казақ мемлекетінің саяси құрылымын және басқаруды жақсарту мақсатында жаңа идеяларға негізделген саяси-әкімшілік реформа жүргізді. Бұл реформа бойынша үш жүз пайда болды, яғни тайпалық одақтардың статусы, өкілдік жүйесі, территориясы белгіленді. Қазақ хандығының шекарасын кеңейтуге ұмтылған Хақ-Назардың өлімі (1580 ж.) жэне Шығай-хан мен Тәуекел сұлтаннын Орта Азия билеушісі Абдаллах ханның жағына шығып кетуі және олардың қазақ елінің қасиетті жерінің бірі-ұлытауға дейін жорық жасауы қазақ хандығынын алғаш рет тәуелсіздігінен айрылуы деп есептеуге болады.

Бірақ кейіннен Тәуекел сұлтанның және оның інісі Есімнін басшылығымен біріккен қазақ руларының азаттық күресінін нәтижесінде, қазақ хандығы тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікті қалпына келтіру идеясы — Абдаллах ханды жеңу идеясымен тығыз байланысты болды. Себебі, Орта Азияға бірден-бір кауіп түндіріп тұрған қазақ хандығын әлсірету үшін Абдаллах хан қазақ билеушілерінің арасына іріткі салып, өз мақсатына жеткен болатын. Қазақтар Ташкентті басып алып, Бұхараны қоршауға алды. Тәуекел жараланып қайтыс болмағанда, бұл күрес қазақтардын бүкіл Орта Азияға үстемдігінің орнауымен аяқталуы мүмкін еді, яғни Тәуекел мен Есім заңды таң мұрагерлері ретінде өз биліктерін қалпына келтіру үшін жаңа жерлер басып алу идеясы негізінде күрес жүргізді. Бұл оқиғаны — герман жерлерін біріктіруге кедергі жасап отырған Францияны талғандағанда ғана, Германияны біріктіруге болады деп есептеген Пруссия канцлері Бисмарктың идеясымен салыстыруға болады. Ел аузында қазақ хандығынын тәуелсіздігін калпына келтіруін «Есім ханнын ескі жолы» деп атайды. Себебі, қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар — Керей мен Жәнібек болғанымен, халыкаралық деңгейде мойындатқан және қазақ жеріне билігін толық жүргізген Қасым хан болса керек. «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз міне осындай мағына берсе, ал «Есім ханның ескі жолы» деп отырғанымыз бұрынғы мемлекеттіліктің қалпына келуін Есім ханмен байланыстырады.

1.2. Мемлекеттік басқару

Мемлекеттік басқару тиімділігі оның атқарушы органдарының және ұйымдастыру формаларының барлық типтеріне тиеселі ережелер мен міндеттерден тұрады. Басқару тиімділігі экономикалық  маңыздылығына қарай қызмет көрсетудің сатылық деңгейінің бөлінуіне байланысты ерекшеленеді.Басқару тиімділігінің алғышарттары келесідегідей:

  • алға қойған мақсаттың бір болуы;
  • жаңа іскерлік мүмкіншілікті тұрақты іздеу;
  • жүйелі түрде жоспарлау;
  • ақпараттылық;
  • сенімділік;
  • тәуелділік;

Мемлекеттік органдардң және қоғамдағы барлық топтардың жұмыс жетістектері басқару тиімділігінің негізгі көрсеткіштері, яғни мемлекеттік басқару тиімділігі негізгі маңызды қызметтердің тиімділігін арттыру арқылы жүргізіледі.Мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігін арттыру қағидалары төмендегідей:

  • іс — әрекеттілік және ұйымның мақсатқа жету деңгейі;
  • үнемділік;
  • сапалы қызмет көрсеткіштерінің тұтынудың стандарттарына жауап беруі;
  • пайдалылық, жалпы шығынның пайдаға қатынасы;
  • өнімділік, мемлекеттік қызмет шығындары мен ресурстардың өнімділік деңгейінің сәйкес келуі.Өнімділік арқылы өнім сапасы, қызметкердің еңбек шарттары анықталады.
  • белсенділік, мемлекет өзінің заңдық өзгерістерін ерекшщеліктеріне сәйкес өз тарапындағы және коммерциялық сипаттағы ұйымдардың функционалдық аймақтарына жаңа өзгерістер енгізеді.

Мемлекеттік сипаттағы басқару тиімділігін арттыратын және басқарудың экономикадағы қажеттілік екендігін түсіндіретін негізгі ережелер мен алғышарттар бар. Басқару тиімділігін арттыратын және әрбір билік органы міндетті түрде қарастыруы керек мынадай көрсеткіштер бар:

  • Ұлттық экономиканың әлеуметтік – экономикалық жағдайына байланысты тұтынушының орташа еңбекақы деңгейін ескере отырып, оларға мақсатты деңгейде көңіл аудару;
  • Мемлекеттік басқару органдары және кез – келген ұйым үшін қажетті ресурс адам екенін ұмытпау;
  • Мемлекет экономикалық сипатта бірнеше саладан тұратындығына байланысты нақты іс -әрекетті бағалай білу;
  • Мемлекеттік органдар, олардың қарамағындағы ұйымдар мен құрылымдар ең басты көрсеткіш қоғамдағы заңдық, құқықтық негіз екенін ескеру;
  • Жалпы мемлекеттің, басқа ұйымдардың негізгі құнды бағыттарын жіктеп қарастыру арқылы оның стратегиялық маңыздылығын түсіндіре білу;
  • Мемлекеттік сипатта қабылданған заңды немесе экономикалық ережелер халыққа түсінікті, әрі мүмкіндігінше жеткізілуі тиіс;

Мемлекеттік басқаруда жалпы және жеке сипаттағы бірнеше концепцияларды атауға болады. Олар :

  • Либералды және демократиялық;
  • Авторитарлы;
  • Тоталитарлы социалистік;
  • Мемлекеттік – діни;

Басқарудың либералды және демократиялық концепциясы түрлі мектептермен таныстырылады, соның ішінде «мемлекет – жақсылық» және «мемлекет – зұлымдық», «мемлекет – түңгі күзетші» және «мемлекет – басқарудың саяси және экономикалық әдістерінің басымдылығын қолдайтын күшті реттеуші» ойларымен, «рационалды бюрократия» концепциясымен байланысты болып табылады. Либералды концепцияда басты назар жеке бостандыққа аударылса, демократиялық концепцияда халық билігіне орын беріледі. Алайда, екеуі де жалпы адамдық құндылықтар, демократия қағидалары, саяси және идеолоиялық плюрализм қағидалары, билік бөлінісі, құқық басымдылығы, жергілікті басқаруды мойындау сияқты мемлекеттік басқарудың жалпы постулаттарына сүйенеді.Олар тоталитаризм мен авторитаризмді қабылдамайды, мемлекеттік қызметкердің халық алдында жауапты болуын, оның жеке мүддеге емес, жалпы мүддеге қызмет жасауы туралы айтады.

3.Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеу.

Мемлекеттің кейбір экономикалық процестерді реттей алу қабілеттілігі мен аса маңызды ролі саясат пен экономиканың байланысынан және экономикалық саясатты жобалауға тәуелді.

Мемлекет – ол қоғамдық жүйенің стержені болып табылады, ол институционалдық иерархияның негізін қалай отырып, қағидаларды тексереді, қоғамдық өмірдің нысандарын ұйымдастырады, билікті шоғырландырады. Мемлекет жалпы қызығушылықты жеке қызығушылықтан бөле отырып, адамның тәртібінің қоғамдық шарттылығының жаңа нысанын туындатты.

Сол себепті мемлекеттің қалыптасуы мен бар болуы тек қана тарихи қажет емес, сондай–ақ дамудың қоғамдық прогресивті және маңызды факторы болып есептеледі.

Мемлекеттің  пайда болуымен  оның экономикалық іс — әрекетінің саласы қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты басты буын әрі нарық жүйесінің қажетті элементіне айналады.Үкіметтің «көрінетін қолы» А. Смит жазған бәсекелестіктің «көрінбейтін қолын»  реттеп отыруы керек.

Мемлекеттің экономикаға араласуы ел экономикасы нарықтық па, әлде әкімшілік- бөлінушілік пе оған тәуелсіз түрде кез –келген үкімет үшін объективті қажет болып табылады. Әкімшілік экономикада мемлекет өз мойнына тауарды өндіру мен бөлу міндетін және қызмет көрсетуді  алады.Бұл жерде реттеудің қажеті жоқ. Алайда іс жүзінде мұндай жүйе өзінің тиімсіздігін көрсетті.

Нарықтық шаруашылықта үкіметтің алдында тауар өндіруді ұйымдастыру мен ресурстарды бөлудің міндеті тұрған жоқ.Ол өз еркімен ресурстарды, капиталды, өндірілген тауарды жұмсай алмайды.

Нарықтық жүйе – ол ең алдымен өндірушілер мен тұтынушылардың шешім қабылдаудағы құқығы.Нарықтық механизм экономикалық өсудің барлық мәселелерін шеше алмайды. Еркін бәсекелестік кезінде өндіруші күштердің басым бөлігі классикалық жеке меншіктің шегінен шығып, сол себепті мемлекет экономиканың ірі құрылымдарын қамтамасыз етуді өз мойнына алуына тура келеді.Олар: темір жолдар, почта, байланыс жүйесі, т.б. Еңбек бөлінісінің негізіндегі мемлекетаралық интеграцияның күшеюуі ұлттық шекараларға деген жалпы экономикалық процестердің өсуіне,қорғаныспен, ғылыммен, әлеуметтік қатынастарды реттеумен, жұмыс күшін қайта өндірумен және т.б. байланысты туындайтын жаңа әлеуметтік – экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеледі.Саяси және экономикалық шешімдерді қабылдауды реттеу механизіміне мемлекеттің құрылымның араласуының өте қатты қажаеттілігі туындайды.

Бәрімізге белгілі монополистік емес, дамыған нарық экономикасының қозғаушы механизмдері құрамында  экономикалық даму стагнациясының элеметтері болады. Бұл ең алдымен мынадан көрініс табады: экономикадағы жүйелік теңдік өндіріс факторларының толық қамтылмаған кезінде орын алады, ең бірінші жұмыс күшінің толық қамтылмауы кезінде. Стагнацияның қайшылығын шешу үшін мемлекетті оның үлкен потенциалымен тарту керек.

Қорытынды

Біздің елімізде құкықтық мемлекетті құру идеясы ойшылдарымыздың көкейіндегі өзекті мәселе болатын. Оған тарих куә. Бірақ, бұл  идеяның түкке аспай қалуына 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін дүниеге келген кеңес мемлекеті бірден-бір себепкер болды. Өйткені, сол кездегі кеңестік конституцияда жарияланғандай, оның өзегі — диктатура пролетариаты болатын. Ал, диктатура дегеніміздің өзі бұқараны қанаудың саяси, юридикалық, әскери, идеологиялык құралдары мен әдістерін колдануға негізделген үстемдіктің тұтас жүйесі. Бұл жүйенін орталық мекемесі, оның басты ұйымдастырушысы әрі жарлық берушісі — мемлекет.

Құқықтық мемлекеттің ең басты белгісі — жеке тұлғаның шынайы бостандығы (қағаз жүзінде танылғаны емес), адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі. Осыдан келіп, құқықтық мемлекеттегі соттың айрықша рөлі көрініс табады. Азаматтар құқығының қорғалуы сот процесінде іске асырылатын болғандыктан (соттық қорғалу) құқыктық мемлекетте, әрине, сот тәуелсіздігі шынайы болуы қажет.

Демек, құқықтық мемлекет коғамдық өмірдің бүкіл сферасына бақылау жасаудан, азаматтардың жеке өміріне қол сұғылуынан бас тартуы тиіс.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ