Мен балабақша тәрбиешісімін (Эссе)

2
9573

Мен бүгін
Ерекше бір сезіммен ояндым,
Сәулелі шуақты ақ таңға боядым,
Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,
Өмірімнің мәніне айналған,
Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!
Мен   «Айналайын»балабақшасына 2014 жылы  жұмысқа орналасып,  кішкентай бөбектерді тәрбиелеп келемін. Басында маған өте қиын болды Көп ұзамай тәрбиелеп жтқан балаларымның бәрі өзімнің туған балаларым болып кетті. Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы десеңші. ,.Олар мен бірге жұрсем болды ,балаша қуанып, өмірге балаша қарағым келіп кетеді..
Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі болғаны  шығар.
Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің  дәндерін қондыру — менің жұмысымның мәні деп ойлаймын.

Балалармен жұмыс жасау мен  үшін үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын  маған айтады .  Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қатты сенеді. Менің бақытты болуым, осы балаларымның сенімінің арқасы. Мен балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен  сезіне білемін. Жұмысым күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін.Өйткені балармен өткізген күнімді ой елегінен өткізсем , олардың ақжарқын сәбилік жүректерін, тәп-тәтті қылықтарын, маған қарағанда үміт толы көздерін бәрін есіме алсам шаршағанымнан құлан таза айғып кетемін.  Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан,мейірімді жылы жүз керек-ақ.

Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса — міне, нәтиже.

Мен балаларды жанымдай жақсы көрем. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы.
Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза десеңші.Әр бала өзінше бір әлем. Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. Менің  мойнымдағы міндеттім де, мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс — бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?!
Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер өте сирек келеді. Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай.
Мен балабақшада үшінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалады. Балалармен болған әрбір уақытымды мен   жаңа бір әлемге жетелегендей  . Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқап жүрмін.  Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін. Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді.  Менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу қызметін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?-деп ойларымды сан жаққа бұрып тұрады.Әрине әрбір оқу іс — әрекетіме жауапкершілікпен қарап,әр уақытта дайындалып келемін .Әрбір оқу әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты.Жас өспірімдерді тәрбиелеуде ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс — әрекетіне аударту, баламен оқу қызметі үстіндегі әрбір қарым — қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Көбінесе жұмысымның негізгі
бөлімдеріне ғана назар аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренингтер, сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Мысалы, «Әуенді шапалақ», «Банан, банан, кокос» тренингтерінде тәрбиеленушілерім ерекше көңіл күйге бөленеді. Ал мерекелік іс — шараларда « Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ» ертегілерін сахналағанда түрлі рөлге енемін,  Бірде кемпір,бірде Ақшақар, бірде шалқан, бірде сайқымазаққа айналғанда балапандарымның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберлікті .Менің шеберлігімнің мәні  алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету . Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл — күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу қызметінде деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызамын.

Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата – анасымен , жанұясымен жете танысып, үнемі қарым қатынаста болу ды  өзіме басты мақсат қойғанмын .Тәрбиелеп жатырған кішкентай бүлдіршіндерім ата-анасымен  маған ортақ  деп сезінемін.  Бірде кезекті ата — аналар жиналысының бірінде әңгімені былай бастадым:
Бір бала анасына келіп:
— Ана, сен мені жақсы көресің бе? – депті.
— Әрине, сен жақсы болсаң ғана жақсы көрем,– деп жауап қайтарыпты анасы.
— Ал, мен сені үнемі жақсы көрем, — деген екен сонда баласы.
Сол кезде аналарымның көздеріне жас келгенін байқадым. Енді олар балаларына басқаша қарайтынын сезіндім. Кез — келген бала – дарынды немесе дарынсыз болсын, жылдам немесе ақырын қимылдасын – бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме көзім жетті. Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз.Тәрбиешіге арналған жүк жеңіл еместіне көзіміз жетіп отыр. Балабақшада дұрыс тәлім — тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Мен   бірнеше  бала тәрбиелеп жатырмын,олар өсе келе ,бірнеше мамандық иесі болып шығатынына сенімім мол . Болашақ заңгерлерді — әділдікке үйрету, дәрігерлерді — жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды — нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиеші жұмысы – оңай жұмыс емес. Бірақ абыройлы, сыйлы. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды.

Оған мысал, көктемде  бірінші сәбилер тобын ,екінші кіші тобына шығарып салып ,кезекті демалысыма кеткен едім. Бір күні кездейсоқ тәрбиеленушімнің мамасын көріп қалдым. Сәлемдесіп болғасын  мамасы маған былай-, деді менің қызым балабақшаға бармаймын   мен тек Жанат апйдың тобына барамын. Сіз қашан шығасыз менің қызым сол уақытта балабақшаға барады деді.Мен  қатты сасқалақтап  жақсы, меңгерушімен сөйлесем деп қала бердім. Сонда мен өзімнің қандай тәрбиеші екенімді түсіндім. Олармен кездесе қалсам, маған ұмтылған сағынышқа толы жанарларын көремін. Сол кезде балабақшадағы қызықты қылықтары, бұзықтықтары есіме түседі. Бірін ұмытпайды екенсің.Тіптен қуанғаннан көзіме жас келеді.Үйіме келіп отбасыма қуанып  баларымды көрдім,-деп  олар қызықты қылықтарын есіме ала отырамын.

«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой — өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық әріптестер.
«Білерім — бір тоғыз, білмейтінім — тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсініп жүрмін. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда деп ойлаймын. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымда әлі де алдымда. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін — зердесі кең, алыстан қарасаң — кербез, жақыннан қарасаң — кішіпейіл. Жүзіне үңілсең — мейірімді, жанына үңілсең — шуақты көрінбек.
Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам — адами парызымның орындалғаны деп  ойлаймын.


2 ПІКІРЛЕР

  1. Сəлеметсіздер ме. Сіздерге «Алтын күз» ертеңгілігінің дискісін жіберсек болады ма?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ