Аквариумдағы балықтар (Ұйымдастырылған оқу қызметі)

0
15180

Білім беру саласы:   «Шығармашылық»

Бөлімі: «Жапсыру»

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»

Сабақтың мақсаты: Аквариум туралы түсінік беру , геометриялық пішіндерден денелер қиып парақ бетіне ұқыпты, таза жапсыруға үйрету, өлең, жаттау, жұмбақ шешу, қол қимылын жатықтыру

Көрнекіліктер: Аквариумдағы балықтар, магнитті қармақ, қатты картоннан  жасалған балықтар, табиғат  бейнесі.

Құралдар: Түрлі түсті  қағаздар, картон, желім, қайшы, фломастер.

Жапсыру сабағында бүгін біз  не  жапсырады  екенбіз?

Ғажайып  сәт:-Орамал астына жасырылған аквариумдағы балықтар

Балаларды  таң қалдыру

—         Бұл  не екенін жұмбақтар шешу арқылы тауып көрейік.

Жұмбақтар: Төрт бұрышты шыны ыдыс

                      Терезесі жоқ, іші толы су.

                     Осы үйдің ғындары,

                    Шетінен шебер жүзгіштер.(Аквариум)

                1)Суда  оның  өмірі, суда  оның  қорегі

               2)Аузы  бар, ізі  жоқ, терісі  бар, жүні жоқ.

               3)Құйрығы  жерге  тимейді

               Жотасы күнге  күймейді.

             4)Аяғы  жоқ  жүрмейді, қанаты жоқ  ұшпайды

            Жер  бетінде  өмір  сүре  алмайды.

           5)Суда  өседі, өнеді

          Сыртқа  шықса өледі

  —         Өте  жақсы  жұмбақтың шешуі- Балықтар

 —          Ендеше алдымызда аквариум екен.

 —         Аквариумда нелерөмір сүреді?

  —         балықтар)

 —         Олай  болса  балықтар  туралы  жан-жақты  мәлімет  алайық.

—         Балықтар  қайда  тіршілік  етеді? (суда, теңізде, көлдк, мұхит және де  аквариум, океанариумда және дельфинариумде.Балықтардың  түрі өте  көп:тұқы, бақтақ, ақсерке, шортан, алабұға ,сазан, шабақ, жайын, ақ балық, алтын  бақа( кары, форель, семга белый ,золотая р.и,т басқалары.Балықтарды зерттейтін  ғылым- ихтиология  деп  аталады.Ал бізде  тек  қана тап  қазір аквариумдағы балықтар бар. Аквариум (су қойма-су жануарлар мен өсімдік өсіруге және зерттеуге арналған шыны  ыдыс.Аквариумдағы балықтардың тыныс тіршілігін күнде біз  топта бақылап жүреміз. Олардың да  тіршілігі көлдегі, өзендердегі балықтарға ұқсас, тек олар біздің топта шыны  аквариумда өмір  сүреді, біз  оларға күтім жасаймыз. Аквариумды жуып  тазалаймы, тамағын  саламыз.Балалаған балықтарды  басқа  аквариумда ұстап,өскеннен кейін  қосамыз.т.с.с.

 Күн  сайын 15минут қарап отырсан жүйке жүйе  жақсарып, көңіл-күй сергиді екен .

Тосын сый;

Кенет есікті біреу қағады қараса балықшы ағай келіп тұр екен.

-Балалармен амандасады.

Сәлеметсіздерме?

 Балалар есік алдыннан өтіп бара жатыр едім,сендердің дауыстарыңды естіп бұырылдым.

Балықты жақсы көретіндерің көрініп тұр. Менімен ойын ойнағыларың келеді ме?

-Иә

-Ендеше ойын «балық аулау»ойыны деп аталады.Ойын шарты   бойынша жұмбақ жасырылады,шешуін тауып,қармақпен акувариумнан аулап қандай балық екенін айту керек.

 

     Басы доғал,мұрты бар,

     Аузы апандай, ұрты бар. (жайын)

     Түрі китке ұқсайды

      Күміспеннен апталған

      Теңгеменнен қапталған (сазан)

       Қомағайлық жасайды,

      Шабақтарды асайды. (шортан)

Балықшы: Балықтар туралы тағы не білесіңдер?

Тақпақтар;

Айару;

Судан, аға, қорқам,

Жұтып қояр шортан,

Шортан жыртқыш балық

Емес, сонша алып.

Айналайын,ботам,

Жұта алмайды шортан.

 

 Ізгінұр;

Ала бұға ,ала балық,

Көрінбейді ,адамға анық

Арқасында тікені бар

Жүрмесінші қадап алып.

Қанағат;

Айқайлама ұрыспа,

Тіпті ақырын тыныста,

Сазан нағыз сақ балық

Жоламайды дыбысқа.

Балалар балық несінің көмегімен жүзиді?

-қанатының

Білесіңдер ме, балалар балық суда көзін ашып ұйықтайды.Өйткені олардың қабағы жоқ.Балалар , балыққа қабыршақ не үшін керек,су түбінде қорғану үшін керек екен.

Дидактикалық ойын; «Суретте не жетіспейді?»

Ойынның шарты:Тақтаға балық суретінің дене мүшелері ілініп қойылады.Осы балықтың мүшелерін тауып раналастырады.Мысалы:балықтың басы, кеудесі,құйрығы ,қанаты.

Балыққа байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме?

-Иә

Жанеркем:

Балық іздесең көлге барасың,

Береке іздесең елге барасың.

Бауыржан:

Балық суында патша,

Жігіт елінде патша.

Балық жеген ,ет сұрамайды,

Балықшы, балықшыны алыстан таниды.

Жарайсыңдар балалар,өте ақылды ,тапқыр екенсіңдер.Ендеше менің кететін уақытым болды, сау болыңдар .

—  Ал енді назарларына «Тәккаппар балық» атты әңгіме оқып берейін. 

Сурет  бойынша  әңгіме.

«Тәккаппар балық»

  Жөнімді өзім білем-деп,

 Сусыз-ақ өмір сүрем-деп,

 Құрлықты балық мақтапты,

 Теңізін туған даттапты.

 Бір күні күшті жел тұрып,

 Тулады теңізжұлқынып

 Тәккаппар әлгі  балықты

 Құшаққа  құрлық алыпты

 Жел  кептіріп  денесін

 Күн  құрғатып  өңешін

Желбезегі желпілдеп

Аузын  ашып  су  тілеп

 Жылапты  зарлап, «үһілеп»

-Мөлдір  суым,   мекенім 

 Енді  қайтсем  жетемін?!

 Қадіріңді  білмедім

 Неше  шалқып жүрмедім?!

Тыңдамап  едім  ешкімді,

Қателігімді кеш  білдім,-деп, тәккаппар балық құрлықта жатып  өліпті.

— Сонымен балық сусыз қалса өліп қалады екен.Сонымен бүгін мен жапсыру сабағына мынадай көк фонды аквариум деп алып, мына көк қағаз бетті дайындап қойдым, Қалай ойлайсыңдар аквариумда не жетіспейді? (балық, тас, шөп)

Дұрыс , ендеше бұл аквариумды көңілді болу үшін балықтарды қиып жапсырайық

Тасты- қөңыр,

Шөп,- жасыл

Балық денесі- сары

Қанаты мен құйрығын- қызыл түстен.

Қию  кезінде ескеретін жайт балықтың денесін сары түстен сопақша  етіп  қиямыз.Құйрық  қанатшаларын үшбұрыштап қиямыз.Тасты дөңгелетіп. Балдыр, шөпті-ұзын қиғаш қиямыз.

Жұмысқа кіріспей тұрып, саусағымызды жаттықтырып алайық.

Жаттығу:

Біз жүземіз оң жаққа

Біз жүземіз сол жаққа

Шоршимыз көл астында

Ыршимыз көл үстінде

Тұңғиыққа батамыз

Тәтті ұйқыға жатамыз.

—         Ал енді  сіздердің  алдарыңызда желім, қайшы, сары, жасыл, көк, қызыл, қоңыр түсті қағаздар  бар.Кәне  соларға көңіл аударып, жапсыру жұмысына кірісейік.

Ең алдымен балықты дайындап алайық, тік төртбұрышты екіге бөліп, бұрыштарын дөңгелетіп қию.Шаршыдан 2 тең үшбұрыш қиып, 2-ші үшбұрышты 2 тең үшбұрышқа тағы да қиямыз.Шаршыдан дөңгелек қиямыз. Шөпті жасыл қағаздан ұзын қиғаш жолақ қиямыз. Енді барлығын қағаз бетіне дұрыс орналастырып, жапсыру керек.Яғни дайын болған тас, шөп, балықтарымызды әдемілеп аквариумға орналастырып, таза етіп желімдейміз.

—         Өте жақсы дайын болған аквариумдарынды мына көрмеге орналастырайық

 Сергіту сәті:

Кәне балалар тұрамыз

Бойымызды жазамыз

Балықтарға ұқсап біз

Жүзіп- жүзіп аламыз.

—         Өте жақсы жасайды екенсіңдер. Енді аквариумдарды тамашалап мына өлең жолдарын жаттап алуға тырысайық. (хормен бірнеше рет қайталау, 1-2 баладан сұрау)

Өлең:

Суда балық жүзіп жүр.

Бір-біріне еріп жүр

Қармағымның жоғына

Бәрі бірдей сеніп жүр.

—         Балалар, кімнің  суреті  ұнады ?

—         Біздің желімдеген балықтарымыз алтын балыққа ұқсай ма?

—         Ендеше, орыс халқының «Балықшы мен алтын балық» ертегісімен үзінді айтып берейік.

—          

Ертегі:

«Көк теңіздің жағасында, бір жаман үй панасы бар шал мен кемпір болыпты, олар теңізден балық аулап, өмір сүріпті. Бір күні ата торын тартқан кезде, әдемі алтын

балық торға түседі. Ол жай балық емес сөйлейтін балық болады. Атайға былай деп тіл қатады:

—        

Теңізге жібер, ата, торды алып!

Жіберіп мені, қайта, теңізге сал,

Берейін тілегіңді не қаласаң!

 

Ата: — Жаратқаның жар болсын, алтын балық! Жүзе бер айдында асыр салып- деп балықты теңізге жіберіпті

 

Балық:  — Мен сіздің барлық тілегіңізді орындаймын – деп уәде береді. Алтын балық тек қана жақсы тілектерді орындаған екен. »

 

—         Балалар, біз де бүгін алтын балықты қармақпен ұстап алып тілегімізді орындатып алайық

 Ойын: «Балық аулау  Саяхатқа шығамыз

 

Таза ауа жұтамыз

Өзен, көлді аралап

Балық аулап қайтамыз.

(балықты аулау, өз тілегін айту, балық артында жазылған  қорытынды сұрақтарға жауап беру)

—         Ойындарына рахмет, сабаққа жақсы қатыстыңдар. Осымен сабағымыз аяқталды, осы аулап алған балықтарын сендерге бүгінгі сабақтан естелік ретінде, кішкене сыйды тарту етемін. Бүгінгі тілеген тілектерін және алдағы уақыттағы армандарын орындала берсін.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ