«Мен мектепке барамын!» атты балабақшаға арналған ертеңгілік

0
3994
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Мен мектепке барамын!»  

1.(Жүргізуші шығу)Құрметтіата-аналар, ұстаздар, қонақтар!

Бір жыл бойы мектепалды даярлық  сыныбында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық сыныппен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Мен мектепке барамын!»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық сыныппен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Өстіміне  бойларың
Өстіақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпыз,
Құтты  болсын тойларың!-дей отыра ортаға мектепалды даярлық сынып оқушыларын және сынып жетекшісін қошеметпен қарсы алайық.(шығару-2)

  1. Маратов Жахангир
  2. Руслан Земфира
  3. Кулимбаев Ерасыл

4.Мұсайлла Айша

5.Советов Елмурат

6.Мухтариман Айару

7.Мыштанов Асанжан

8.Есенгелді Дариға

  1. Бейіс Елжан

10.Кабытаева Сара

11.Оронбасар Жанерке

  1. Тасжанов Даниялжәне сынып жетекшісі Жунусова Жулдыз Жомартовна

       3. ҚР Гимні айтылады
    Айналайын, балалар,
    Алда мектеп- ана бар.
    Өздеріңнен өседі,
    Өнерпаздар, даналар-дей отыра құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Олимпиада Досымжановна Аубакироваға беріледі.Келесі құттықтау сөз кезегі ауыл әкімі Серік Мұссайлаұлы Құсаиновқа беріледі.(4)
    Құшағыңда жарқылдап,
    Өтті сәби күндерім,
    Мектепке барам мен енді,
    Даярлық сынып қош енді-дей келе бүлдіршіңдерміздің жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!(тақпақтарын айтады-5)

         «Алғашқы ұстазым» әні (6)

Келесі кезекті әсем әнге берсек Ахмедиева Мадинаның орындауында «Ұстазым»әні!Қошеметпен қарсы алайық!(7)

Қабыл алшы өнерлерін баланың,

Тілектері орындалсын ананың.

Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,

Өздеріңсің жалғастырар бабамның,-дей келе бүлдіршіндерімізді тамаша биімен қарсы алайық!(Макарено биі-8)

Алтын ұя мектебім,

Армандарым көп менің.

Пайда әкелер еліме,

Жетелей мектебім

Сол армандар төріне-Еркен Даянаның орындауында «Алтын ұя мектебім»әні!Қошеметтеп қарсы алайық!(9)

Бізге тәртіп үйреткен,

Ән салдырып,билеткен.

Таныстырған ең алғаш,

Әріптермен,суретпен,

Білім нәрімен сусындатқан

Ұстаздарға мың алғыс!-дей келе бүлдіршіндеріміздің жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!( тақпақтарын айтады-10)

«Мен мектепке барамын»әні-(11)

Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз-дей келе бүлдіршіңдеріміздің тамаша биімен қарсы алыңыздар! (уса-уса биі-12)

Келесі кезекті әсем әнге берейік!Қабыл алыңыздар!(Айша Даяна-13)

Бойға қуат береді,

Әй,жарайсың дегені

Мен анамнан әр кезде,

Соны естігім келеді.

Сабақтан мен қалмаймын,

Бес аламын бәрінен

Озат оқып әрдайым,

Қуантамын анамды-бүлдіршіндерімздің жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!(орысша тақпақ-14)

«Учат в школе»әні-(15)

2016-2017 жылғы мектепалды даярлық сынып түлектерін тамаша бимен қошеметтеп қарсы алыңыздар!(2 сынып «Грузин»биі-16)

Қуанатын  күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім.-бүлдіршіндерімізді «Ақ мамам»әнімен қошеметтеп қарсы алыңыздар!(17)

Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр,осы жаңарту бағдарламасы бойынша үш тілде мектепалды даярлық сыныбында білім берген ұстаздарының бірін ортаға шақырсақ! Құттықтау сөз кезегі-ағылшын тілі мұғалімі-Айна Самиевна Мынжасароваға беріледі.(18)

(«Ағылшынша ән»19)

Келесі кезекті 2017-2018 жылғы мектепалды даярлық сынып түлектерінің тамаша биіне берсек!Қошеметпен қарсы алайық!

(Қымбат-Сымбат «Үнді биі»-20)

Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз,

Ән саламыз бәріміз

Мектепалды даярлық сыныбына келгенде,

Жулдыз Жомартқызы қарсы алды.

Енді міне қоштасарда,

Қимастықпен ән салдық!-дей отыра бүлдіршіңдерміді «Ән шашу»әнімен қарсы алайық!(21)

 Біздерде бар бишілер,

Көрсең жаның сүйсінер.

Ортамызға шықсыншы,

Мың бұралған бишіліер.-Қошеметтеп қарсы алайық!

(Мамбо биі-22)

Еткен еңбек жемісі,

Ақталды деп санаңыз.

Білім, әлем көгіне,

Қанат қағып ұшамыз.

Талай қызық той өткіздік,
             Бірақ орны ерекше.
             Даярлықпен қоштасатын,
             Бүгінгі той ерекше,-бүлдіршіндерімізді қоштасу вальсімен қарсы алайық!(вальс-23)

«Ұстазым»хор(барлығы шығады соңы-24)
–  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар,ұстаздар,келген қонақтар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.

Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, құттықтау сөз кезегі мектепалды даярлық сынып жетекшісі Жунусова Жулдыз Жомартқызына беріледі.(25)

   Құрметті ата-аналар,ұстаздар,келген қонақтар!Бүгінгі «Біз мектепке барамыз»атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Сау саламатта болыңыздар!!! Ертеңгілігіміздің соңғы бөлімі-шар ұшыру-« Әуеге тілек шарларын»ұшыру

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ