Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…

0
2916
Иллюстрация: Freepik.com

Досым, мен сенің ең сенімді сырласың ретінде саған бұл жер бетіндегі ең зиянды зат жайлы айтып бергім келеді.

«Есірткі» деп аталатын бұл заттың зияндылығын танып, білсең және өз достарыңа сен де кеңес берсең, бұл денсаулыққа қауіп төндіретін жамандықтан жастарымыз бойын аулақ салса, мендегі арманның орындалғаны деп білгейсің.

Есірткі — бұл қоғамды улаған індет. Аса улы деп танылған осы аты жаман заттың зардабы өте көп. Ол әсіресе жас жеткіншектердің өміріне балта шабады.

Адам организміне түсетін барлық есірткі түрлері қан арқылы адамның барлық дене мүшесіне әсер етеді. Осының салдарынан ағза әр түрлі ауруларға ұшырайды. Есірткіні алғаш қолданған адамның басы қатты ауырып, әлсіздік басады. Есірткіні сирек қолданатындардың іші өтеді, асқазаны ауырып, тамаққа тәбеті болмайды, жиі құсады, аяқ-қолдарының сіңірі жиі құрысады.

Тері, жұқпалы ауруларымен жиі ауырады. Тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабынуына шалдығады. Тамаққа тәбеті жоғалады, жиі шөлдейді. Олардың көз жанары солғын болады. Есірткіні жиі қабылдайтындардың миы әбден есірткіге үйреніп кетеді, тиісінше мидағы эндорофинзаттары оған үйренеді де, жүйке жасушаларын өлтіре береді.Адамның миы ештеңеге зейін қоймайтын, әлсіз болып қалады. Міне, бұл деген адамның бүкіл өміріне балта шабу демей көріңіз!

Қазіргі уақытта еліміздегі ғасыр дертіне айналып отырған есірткінің зардабы соншалықты, күллі адамзатқа зор қасірет әкеліп отырғаны белгілі. Десек те , бұл есірткі туралы ой-өрісі кең, көзі ашық адамзат баласы қазіргі уақытта газет-журналдардан, теледидардан, ғаламтор жүйесі арқылы көптеген мәліметтер ала отырып, оның зиянды, қауіпті екенін жете түсінуде. Оған әуестенбеудің жолын іздеуде.

Әр адам баласы өмірге, табиғатқа, қарым-қатынас жасауға, достарына, отбасына, музыкага, спортқа қуану, өзінің жетістіктеріне, оқуына, болашақ мамандығына қанағаттану, армандау және өз армандарын жүзеге асыру үшін дүниеге келеді.
Досым, мен сені салауатты өмір салтын ұстануға , яғни спортпен айналысуға шақырамын.

Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз.
Бойыңызды ластамай, жан дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз. Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыз. Өз тағдырыңыз өз қолыңызда. Адам өмірге бір-ақ рет келеді, оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді. Өзіңізге сеніңіз.

Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, бойын аулақ сала алады.
Біздің басты жанашырымыз – ол ата-анамыз емес пе? Ата-ананың әрбір әрекеті, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі – баласына үлгі болатындықтан, әрдайым өзімізге сын көзбен қарауымыз керек. Отбасындағы сыйластық, береке, мейірімділік балаға рухани нәр береді. Мұндай құндылықтар болмаған жағдайда, қым-қуыт өмір ағысы оң-солын танып білмеген баланы басқа арнаға бұрып жібереді.

Ата-ананың қадағалауынан шет қалған, өз өміріне бейқам қарайтын жасөспірім психикалық белсенді заттарды білместікпен немесе мәжбүрлікпен қолданып, санасын да, ағзасын да улағанын сезбейді. Кез келген ақпаратқа қолжетімді заманда өмір сүріп жатқандықтан, есірткі, оның зардабы туралы әрбір отбасында кеңінен қозғалып, алдын алып отыру қажет.

Өмірді өксікке айналдырар нашақорлыққа бой алдырмас үшін Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мамандары қала, ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Олардың нашақорлықтың тамырын тереңге жаюына қарсы күресі — Отанымыз үшін маңызды, сүйсінерлік жайт.

Әрбір отбасы даналықтың дәнін егіп, жамандықты ауыздықтап отырса, есірткіге ес алдыру әсте болмас еді. Сондықтан балаларымыздың араласатын ортасын, жүріс-тұрысын сырттай бақылап, қателіктерін түзетіп, ақыл-кеңес беру –ата-ананың парызы. Рухани жан дүниені нұрландыру үшін кітап, газет-журнал оқу жанұямыздың дәстүріне айналу керек.

Сондықтан тәрбие мен тәртіпті қатар тізгіндегенде ғана есірткі өмірімізге ешқашан ене алмайды.

Жапбарбек Ақерке
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Балаби ауылы,№50 Абай атындағы орта мектебінің
8 «Б» сынып оқушысы

#УПНДПКЗО

****  ****  ***

«Дені саудың жаны сау» деп халқым бекер айтпаған. Бірақ өкінішке орай қазіргі таңда темекі, есірткі, ішімдік деген басым орын алып жатыр. 

Бұл жақсы нәрсе емес, бүгінгі таңда адамдар, әсіресе жасөспірімдер бейкүнә жастар осылардың құрығына түсіп қалып, одан қайта шыға алмай дүниеден өтіп жатқанын күнде көріп, естіп отырмыз. Ішімдік ішіп, есірткі заттарын пайдалану бос уақытты тиімді өткізу деп ойласа керек адамдар.

Бірақ, мен бұған мүлде келіспеймін, себебі есірткінің зияны соншалықты оны бір пайдаланып көрген адам қоя алмайды, оның соңы өліммен аяқталады, жаман ауруға шалдығады.

Есірткі қолданудың себептеріне есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу, қызығушылықтың туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттар себеп болады деп ойлаймын. Отбасы мүшелерінің бірі ішімдік ішуі немесе есірткі қолданудың себептерінің бірі болып табылады.

Есірткіге тәуелді адамдардың мінез-құлқын қалпына келтіру үшін психологиялық тұрғыдан әңгіме жүргізген дұрыс секілді. Кез келген мектептерде немесе жоғары оқу орындарда есірткіге байланысты көптеп түсіндірме жұмыстары жүргізілсе өте жақсы болар еді.

Есірткі қолданатындардың өмірі ұзаққа бармайды, себебі олардың денелерін улап тастайды да, ең соңында мидың және тыныс алу орталығы тоқтайды.

Көптеген жасөспірімдер нашақорлықты ауыр, емделуі қиын індет екенін түсіне бермейді. Өтпелі кезеңде болғандықтан жасөспірімдер, олардың немен әуестенетіндігіне, достарының арасында ішімдік, темекі, есірткімен айналыспайтындығына көңіл бөліп, мінез-құлқы өзгерсе соған мән беріп бақылауда ұстауда керек.

Жасөспірімдер арасында спорттық сайыстар көп ұйымдастырылса, зиянды заттардан аулақ болуға тырысады.

Айтқым келгені, «денсаулық-зор байлық» демекші ойланайық, болашақ тағдыр өз қолымызда, уақытылы пайдалы тағамдар жеп, спортпен айналысайық, басқаларға үлгі болайық!

Достар, болашағымыз жарқын болсын десек, денсаулығымыз мықты болып, сауатты білім жолын таңдайық!

Тұрсын Бағдат Мейрамұлы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
9 «В» сынып оқушысы

#УПНДПКЗО

****  ****  ***

 Қазіргі қоғамда есірткі жайлы көп естиміз.  Кішкентай кезде әр түрлі фильмдер көрген кезде есірткі жайлы түсінбеппіз, уақыт өте келе есірткінің зиянын оқып білдім.

Біздің елімізде жастар арасында ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі заттарды қолдану көбейіп барады. Гиппократтың айтуы бойынша ұйықтату, жансыздандыру деген мағынаны білдіреді. Есірткіге тәуелді болған адам ешқашан ешнәрсені аямайды, өзінің отбасы, достары, бауырлары зардап шегеді.

Есірткіні қолданудың бірнеше жолдары бар: оның бірі – егу арқылы, өйткені бұны қабылдау есірткіні қан арқылы бірден миға жеткізетінін оқыдым. Ең көп тарағаны шаншу немесе егу арқылы жүзеге асады.

Есірткі уын тұрақты ұстайтын адамдарда шіріген тістер, ерте шаш түсу, сарғыш-сұрғылт тері, ерте әжім басқан бет – нашақорға тән бейне. Есірткінің зияны  психологияның өзгеруімен тығыз байланысты, ол дөрекіліктен айналасындағыларға қатыгездіктен қарым-қатынасынан байқалады. Нашақорлыққа бойы үйренген адам адам ұрлауға, бір нәрсені ұрлауға итермелейді.

Қазіргі уақытта еліміздегі ғасыр дертіне айналып отырған есірткінің зардабы соншалықты, күллі адамзатқа зор қасірет әкеліп отырғаны белгілі. Десек те ,бұл есірткі туралы ой-өрісі кең көзі ашық адамзат баласы қазіргі уақытта газет-журналдан, теледидардан, ғаламтор жүйесі арқылы көптеген мәліметтер ала отырып, оның зиянды,қауіпті екенін жете түсінуде. Оған әуестенбеудің жолын іздеуде.

Әр адам баласы өмірге, табиғатқа,қарым-қатынас жасауға  достарына, отбасына, музыкаға, спортқа қуану , өзінің жетістіктеріне, оқуына, болашақ

мамандығына қанағаттану, армандау және өз армандарын жүзеге асыру үшін дүниеге келеді.

Досым, мен сені салауатты өмір салтын ұстануға, яғни спортпен айналысуға шақырамын.

Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілеттеріңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз.Зиянды әдеттерден,ішімдіктен шылымнан,есірткіден аулақ болыңыз.

Бойыңызды ластамай,жан дүниеңізді таза ұстаңыз.Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске арнаңыз.Ар-намыстарыңызды биік ұстаңыз.Өз тағдырыңыз өз қолыңызда.Адам өмірге бір-ак рет келеді,Оны жақсы сүру сіздің қолыңыздан келеді.Өзіңізге сеніңіз.Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай,бойын аулақ сала алады.

Менің сынып жетекшім онлайн режимінде  есірткіге қатысты тәрбие сағатын өткізді. Сол кезде есірткінің зиянын ұқтым. Ол әр түрлі ауруларға душар етеді. Адамның ең басты байлығы-ол денсаулығы. Есірткінің денсаулыққа тигезер әсері өте көп. Одан арылудың басты жолы – салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, әр минутын бағалай білу.

Кез келген оқушы ата-анамен жақын байланыста болуы керек деп ойлаймын. Әр ата-ана баласының сабағын  жақсы оқуын қадағалау керек, ұялы телефонмен қай сайттарға кіретінінін тексеру қажет.

Ең соңында ата-аналардың наркологиялық патологияның ұрпаққа әсері бар.

Жас дос! Біз өз өзімізді құрметтеуіміз керекпіз! Бойыңыздағы жақсы қасиеттерді тек жақсылыққа бағыттай біліңіздер! Бойыңызды зиянды әдеттерден, ішімдіктен, темекіден, есірткіден аулақ ұстаңыз!

Сонымен қорытындылай келе, нашақорлық-қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы жетпейді. Сіздер мен біздер болып бірге ат салысуымыз керек!

Тұрғанбек Райымбек Мұханбетұлы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Бидайкөл ауылы
№148 қазақ орта мектебінің
8 «В» сынып оқушысы

#УПНДПКЗО

****    ****

Есірткі-ғасыр дерті. Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп.

Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т.б. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды. «Жұт-жеті ағайынды» — деген сөз бекер айтылмаса керек. Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге нашақорлар әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады. Марихуананың буына масайраған жандар кісі өлтіруден де тайынбайды.

Сол нашақорлыққа алып келетін, есірткі заттарының шығу тарихын білу үшін тарих беттеріне үңілсек, біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады.

Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен. Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті.

Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, сондықтан әңгімеміз тек жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа салынудың себептері неде? Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер.

Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді.

Нашақордың, мейлі ол тек марихуана шеккеннің өзінде жасы ұзаққа созылмайды. Марихуана шегетіндердің ең алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе рагі дамиды да адам өлімге дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар марихуананың бауыр мен жүрекке де кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы есірткі түрінің миға кері әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ етеді.

Марихуана шегушілердің басқалармен қарым-қатынас жасауға құлқы болмайды. Есірткінің опиат тобындағы түрлерін қолдану нашақорлар арасындағы өлімнің және мүгедектің басты себебі болып табылады. Опиатты есірткілерді (морфин, героин, кодеин, метадон) және басқалары ең алдымен ине шаншу арқылы колданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде ең қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды.

Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де, адам мүгедек болып қалады. Көкнәр шикізатын ацетон, бензол, толуол, уксус ангидриді секілді органикалық

еріткіштермен өндейтіндіктен қолданылатын есірткіде олардың 5% қалады. Есірткі қанда қалады да, еріткіш заттар бауырды күйдіріп, сонда шөгеді.

Есірткі дегеніміз –грекше наркоз,ұйықтату,ұйқымен ұмыттыру мен жансыздандыруды білдіреді. Есірткі – бұл адамның көңіл –күйін,сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті,айығу үмітсіз. Әлеуметтік дерті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады. Сондықтан, әлеуметтік жағынан азғынға, жансызға айналғыңыз келмесе, жастар, қатарластарым-есірткіге жолама!

Кішкене кезімізден қазақи тәрбиенің тәлімін алып, қаспағын қорек еткен отбасында өсіп келемін. Қазақы тәрбие біздің отбасында бір ғана сөзбен айқындалады, ол “ұят болады”. Қазағымның қағаз бетіне басылмаған “ар-ұят кодексінде” жаман әдетке ешқашан орын болмаған. Яғни, ессіздің қорегі болған есірткі түгілі, беті ашық қалған арам асты да татып ауызға алмаған қазағыма тансық бұл жаман әдеттің қайдан жабысқаны белгісіз.

Елбасымыз: «…..есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек. Есірткісіз болашақ – ең жарқын болашақ. Болашағымыз нұрлы болсын десек, зиянды әдеттерден, есіртікіден бойымызды аулақ ұстайық. Салауатты өмір салтын ұстанайық.

Айналайын жастарым,

Өн- бойыңды әрдайым,

Дәл осындай кеселден,

Сақтай жүрші ылайым!-дегім келеді.

Ниязбекқызы Нұрила
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Шиелі кенті.
№46 мектеп-лицейі 8 сынып оқушысы

#УПНДПКЗО

***  ****

Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние.адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі оның денсаулығы.

Денсаулық-ол адам бостандығы Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты осыдан үкім шығаруға болады, адамның ең үлкен қателігі болар еді өзінің денсаулығын өз қолымен бұзылса. Өз қолымен денсаулығын бұзу дегеніміз шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық, есірткі және тағы басқа.

Қазіргі кезде есірткіге тәуелді адамдар күн санап көбейіп жатыр. Бір шырмалған жанның одан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады.

Нашақорлық-адамзаттың ең үлкен қасіреті. Нашақорлықтан сақтанудың бір ақ жолы бар, ол- ешқашан есірткі пайдаланбау. Нашақорлықтың кең тарайтын орны ол- адамның өз ортасы. Мәселен, топ ішінде біреуі есірткі қолданған болса уақыт келе топтың барлық мүшелері есірткі қолданатын болады. Абай атамыздан адам мәселесіне қатысты айтылмаған сөз қалмағандай «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын».

Есірткінің тұзағына түсетіндер де көбіне өмірде алға қойған мақсаты жоқ, ештеңеге қызықпайтын еріккен адамдар арасында көптеп кездеседі. Рухани саулық әлсіреген сайын, адам өзінің адами қасиеттерінен алшақтай береді. Өйткені, мұндай адамның бар ойлағаны — тән құмарын қанағаттандыру. Осындай сана сезім адамды көп ретте ішімдікке, есірткіге, зинақорлыққа, құмар ойындарына бастайды.

Тән құмарын қанағаттандыруды ғана көксеп тұратын жанды ғылымға, спортқа, мәдени іс- шараларға, имандылыққа қызықтыру тіптен қиын. Бір өкініштісі, қазіргі заманғы жастардың ойы «жеке бастың рақаты». Нашақор адамдардың жыл өткен сайын арта түсуіне себеп болып келетін ой осы. Рухани жағынан бай, иманды адам оған бармайды.

Нашақорлық — Рухани азғындаудың белгісі. Қазіргі уақытта әлемде адамдардың есірткі қолданып көрген біршама жетерліктей. Олардың көбісі «жастар» деп саналады. Жастардың ойында «жұрттың бәрі қолданады, мен де дәмін тәтіп көрейін, дәмін тәтіп көрейін зияны жоққой». Бұлар мүлдем бос сөздер өйткені, барлық есірткі түрлері адам ағзасына аса қауіпті.

Есірткіге тәуелді болу бір-екі қолданғаннан-ақ басталады.Адам есірткіге тәуелді болғаннаң бастап өмірі құрдымға айналады. Есірткіден тыйылу мерзімі ұзарған сайын адамды есірткі дағдырысы пайда болады. Мұндай кезде бір дозалық есірткі үшін адам ұрлық, тонау, адам өлтіру секілді ауыр қылмысқа барады.Оларға есірткінің түкке тұрмайтын мөлшері үшін адам өлтіру қиын емес. Есірткінің кең қанат жайып таралуы қылмыстың көбеюіне ықпал етіп отыр.

Есірткінің құдіреті сонда адамның психикасын құрту жан дүниесін түгел баурап алу. Есірткіге құмар болудан адам қалай құтылады және онымен қалай күреседі. Медицина атасы саналатын Гиппократ айтқандай «төтенше ауруларға төтенше ем қажет». Олай болса, нашақорлық секілді қасіреттен бір ғана медицина

күшімен емдей алмаймыз. Бұған тұтас қоғам көмектесу қажет. Адам өзі қаласа кез-келген кедергіге қарсы тұра алады. Бұл сенін өмірін, және ол әр минут сайын қысқарып келеді. Сондай-ақ қазақ халқы әкеге қарап қарсы сөз айту былай тұрсын, көзіне тіке қарай алмаған.

Өткенді білмей, бүгінді танып, болашақты болжай алмайсың дейді. Қазақ халқында әрі батыл, өткір де тапқыр, қажырлы да қайратты әкелеріміз көп болған. «Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз. Жақсыдан жаман туады, бір кесе асқа алғысыз»,- дегендей қазіргі ғасыр індеті ұлт арына жағылған қара күйедей болып та кетті. Тоқсан ауыз сөздің толықтай түйінін айтар болсақ қоғамдағы келеңсіздіктердің көбеюіне тосқауыл болар өзіміз және осы ойымды ақын болмасам да өзімнің жүрегімнен жарып шыққан төмендегі шумақтармен аяқтағым келеді.

Мен саған, қалқам, айтайын

Есірткінің хал-жайын

Тажал ол жұтар басыңды

Ұмыттырар затыңды

Елітіп сені өзіне

Білдірмей алар жаныңды

Болмайтын іске бас ұрып

Қорлама ұлы бағыңды

Дүние қайта келмейді.

Адасқанғаопа бермейді.

Адамдықтан айырып,

Түбі өзіңді жерлейді.

 

Қаймана қазақ бұзылса,

Еліңе кім пана болады?

Асылдан да ардақты

Отанын қайда қалады?

Құл болсаң жойқын індетке

Ұрпағың түгел тозады.

Ұрпағын түгел тозған соң

Ел болам деген еңселі

Арманың қайда қалады?

Ойланғын,қарғам, ойланғын

Арманың қайда қалады?

 Кемелбай Санжар
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№46 мектеп-лицей 9 сынып оқушысы

#УПНДПКЗО


ПІКІР ҚАЛДЫРУ