Ұстаздар күнінің қарсаңында «Soyle.kz» онлайн порталының «Мен – ұстаз» жаңа қосымшасының іске қосылғанын хабарлаймыз. Жоба «Мемлекеттік тілді дамыту қорының» бас серіктесі «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жасалынған.
Қосымша қазақ тілін оқытушы мамандарға онлайн білім беруде оқушыларды топтастырып, сабақ өткізуді ұйымдастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, порталдағы ақпараттардың негізінде жеке оқу бағдарламасын жасауға, үй жұмыстарын беріп-тексеруге және оқу барысын қадағалауға мүмкіндік береді.
«Мен – ұстаз» қызметі оқытушы мамандарға ғана емес, кез-келген қазақ тілін үйренгісі келетін қолданушыларға лайықталып жасалынған. Қосымша арқылы әр адам өзінің жеке оқу бағдарламасын жасауға мүмкіндік алады.
Елімізде ғана емес, бүкіл әлемде орын алып отырған жағдайға байланысты жаңа қызметтің қазақ тілін оқытуда маңызы зор деген ойдамыз. Сіздерге жаңа білім алуға деген ынтызарлықпен биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!
Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі
керемет жоба екен