«Мен-жаңашыл ұстазбын»тақырыбындағы шығармашылық жұмыс (эссе)

0
3107
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

«Мен-жаңашыл ұстазбын»

Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі, қандай істі болсын,
бар ынтасымен атқара білуі керек

В. Маяковский.

Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады. Бүгінгі жаһандану заманында, келер ұрпақтың мойнына «бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын» міндет артылғалы тұр. Мұның ең негізгі салмағы ұсатаздар жауапкершілігіне беріліп отыр. Өйткені өз заманының және алдағы уақттың лайықты тұлғасын тәрбиелеп шығу тек ұсатаз шеберлігімен ғана қалыптасатын дүние.

Алғаш ұстаздық жолымды бастағанда сары ауыз балапандай әр неге аузымды ашып, ардагер ұстаздарға даңдана қараушы едім. Сол кісілердің әңгімелерін, ақыл-кеңестерін тыңдай отырып, таңдаған мамандығымның және жүрер жолымның төте емес екенін де түсінген болатынмын. Алайда қалай? Қай мезетте? Қандай әдіспен деген сұрақтар көкірегімде сайрап тұрушы еді. Ал бұл сауалдардың жауабын тауып, жүзеге асыру үшін үнемі ізденіп, жаңашылтықтың көш басында ілгері ұмтылу үстінде болу керек екенімді анық түсінетінмін.

Арада он жыл өтіпті. Артыма қарап отырмын. Ақ қардың бетіне түскен іздей болыпты. Бірі терең түскен, бірі анық, бірі таяз… Бүгінде өз-өзіме сұрақ қойып қоямын. Жаңашыл педагог болып, ақ қарға із салып не істедім. Иә, атқарылған шаруа аз емес екен… Ең бірінші білім реформасымен бірге келген жаңа білім беру бағдарламасы. Жә, оны мемлекет енгізген екен. Біздің тарап оны қарап қаламай шәкір бойына дарытуы тиіс қой. Осы бағытта алдыменен ұстаз оны өзі зерттеп, бүге-шүгесіне дейін ұғып, түсініп мәселенің байыбына барып алу керек емес пе? Мен де сол кезеңнен жаңашыл ұстаз ретінде өттім. Жаңа заман талабына сай жаңа қағидаларға сүйенген білім бағдарламасын басынан аяғына шейін өз бағытымда зерделеп шықтым.

Келесі менің міндетім саналы да білімді, парасатты, жан-жақты қазіргі өмір талабына сай сегіз қырлы бір сырлы азамат тәрбиелеу болды. Ол мақсатқа жету үшін әр оқушымен мүмкіндігіне қарай жекелеген жұмыс жасау қажет болды. Себебі әр оқушыға жеке бір тұлға ретінде қарау керек екіні ұстаздықтың басты қағидасы. Осы мақсаттар мен міндеттерге жету үшін мен үнемі ізденіс үстінде өзім үшін жаңалықтар ашып, жаңашылдықтарға жол бастаумен болдым. ХХІ ғасырдың босағадан еніп, табалдырығымыздан аттап, жаһандану талабын ала келгенде жас отау ретінде үлкен үй атағын алу үшін заман көшінен қалуға хақымыз жоқ. Сол мақсатымызды жүзеге асыру үшін мен өзімді жан-жақты жетілген, жаңа білім талабына сай жауап бере алатын жаңашыл ұстазбын деп айта аламын.

Железин аудананың Веселая Роща жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Танарбергенова Дана Серккалиевнаның

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ