Алимгожаева Л.К: «Мен соғысты жек көрем»

0
8079

Пән: Әдебиеттік  оқу\r\n\r\nТақырыбы:  Мен  соғысты  жек  көрем\r\n\r\nМақсаты:\r\n\r\n1.Білімділік: Оқушыларға  адамзат  тарихындағы  ең  сұрапыл,қанды  қырғын  ошағына\r\n\r\nайналған  екінші  дүниежүзілік  соғыс  жайлы  ұғындыру;\r\n\r\n2.Тәрбиелік: Оқушылардың  бойына  Отанға,еліне,жеріне,халыққа  деген  сүйіспеншілік\r\n\r\nсезімін  арттыру  мақсатында  ерліктің  мәнін  ұғындырып, өз  елінің\r\n\r\nпатриоты   болуға  тәрбиелеу;\r\n\r\n3.Дамытушылық: Оқушылардың  шығармашылық  қиялын, жүйелі  ойлау, көз  алдына\r\n\r\nелестету  қабілетін  және  сөздік   қорын  дамыту;\r\n\r\nТехникалық  құрал: интерактивті  тақта, «Соғыс  қасіреті» бейнефильмі, жұлдызшалар;\r\n\r\nТүрі:  жаңа  сабақ\r\n\r\nӘдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен, жеке, жұппен  жұмыс, ой  қозғау,қызығушылықты\r\n\r\nояту, ой  толғау,\r\n\r\nПәнаралық  байланыс: музыка, тарих\r\n\r\nСабақтың  барысы: І.Ұйымдастыру:  — Амандасу, тыныштандыру, түгендеу;\r\n\r\n- ҚР Гимннін  орындау,\r\n\r\n- Зейіндерін сабаққа  аудару;\r\n\r\nПсихологиялық  дайындық:\r\n\r\nТопқа  бөлу:  (түсті  жұлдызшалар  арқылы  топқа  бөліп отырғызылады)\r\n\r\nБүгінгі  сабағымыз топпен  жұмыс  болады. Ол  үшін әр  қайсысың өздеріңе  ұнаған  түсті  жұлдызшаны  таңдап  алыңдар. Тақтада  қандай  түс,  қандай топқа  отыратыны жазылған.\r\n\r\n Қызығушылықты  ояту:«Соғыс  қасіреті» соғыс  туралы  көрсетілімнен  үзінді(5-6 мин)\r\n\r\nАрамызда  аман – есен  жүрген  каһармандарымыздан  басқа  Жеңіс  күнін  көрмей  кеткен, бірақ ол  күннің  келетініне  сеніп, жандары  мен  өмірлерін  аямай, соғыста  шайқасып, үміттерін  үзбей жүрген  мыңдаған  жауынгерлердің  құрметіне  «1 минуттік үнсіздік»  арнайық.\r\n\r\n— Оқушы:     Апай:  «Мен  соғысты  жек  көремін» Ешқашан  соғыс  болмасыншы.\r\n\r\nБаланы  әкеден, ананы  баладан айырмасыншы,бейбітшілік  болғанын қалаймын.\r\n\r\n \r\n\r\n-  Ия,  балалар, бұл  Жеңіс  жолында  Отан  үшін от  кешіп, миллиондаған  асыл  азаматтарымыз  мерт  болды. Біздің  Қазақстанда  соғыс  оты  шарпымаған шаңырақ  кем де  кем. Сұрапыл  соғыс  әрбір  үйдің  ошағын  ойрандап,  ананы  баладан,баланы  әкеден   айырды, қайғы – қасірет, небір  қиыншылықты  әкелді.Бұл  соғыс  туралы  жазушылар  әңгіме, романдар  жазды, суретшілер  сурет  салды, ақындар  өлең шығарып, ән  жазды. Сондай  соғыс  қасіреті  туралы  Қайрат  Жұмағалиев  атамыз да  бейтарап  қалмапты. «Мен  соғысты  жек  көрем» атты  өлең  жазыпты.Сонымен  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы,  міне  осылай  аталады. Өлеңді  бастамас  бұрын  өлең  авторы туралы мәліметтер алайық.\r\n\r\n2-«Мергендер» тобынан    — 1-«Қызыл  әскер» тобынан —\r\n\r\n3-«Партизандар» тобынан —\r\n\r\n4- «Жасұландар» тобынан —\r\n\r\n-Өлеңді  оқыдық,  енді  осы  өлеңде  не  жазылған, қысқаша  өз  сөзімізбен  ойымызды  жеткізейік:\r\n\r\n1топ:  Өзінің  көкесінің  соғыс қасіреті  жайлы  айтқан  әңгімесі  туралы;\r\n\r\n2 топ: Талай  уақыт  өтсе  де, соғыстың  салған  жарасы әлі де  ұмытылар  емес;\r\n\r\n3 топ: Қайда  жүрсемде ,қандай  болсам да елімнің, жерімнің  көркеюіне ат салысамын,\r\n\r\nмұратыма  жетемін  дейді;\r\n\r\n4 топ: Кез – келген  адамның  арманы, қиялы еш  соғыссыз, бейбіт  заманда сөзсіз\r\n\r\nорындалатына   сенімін  суреттеген.\r\n\r\n-  Балалар, жаңа  біз  өзімізге  таныс  емес  сөздерді  белгіліеп  отырамыз дегенбіз,олай\r\n\r\nсөздік  жұмыс  жүргізіп  кетейік:\r\n\r\nСөздік  жұмыс:               Қасірет – басқа  түскен уайым,қайғы.\r\n\r\n                                 Жырақ – шалғай,алыс, қашық.\r\n\r\nҒұмыр  бойы – өмір  бойы.\r\n\r\n \r\n\r\nОй  толғау:\r\n\r\nАл,  ендеше, балалар  осы  алған  мәліметтерімізді  пайдалана отырып, тақтадағы  тапсырма  бойынша  жұмыс  жүргізейік:\r\n\r\nОқушылар  топпен, жұппен, жеке  жұмыс  жасай  отырып,  жұмыстарын  талдап,ортада  қорғайды.\r\n\r\n Кері  әсер: — Балалар, бізге  бүгінгі  сабақ  ұнадыма?\r\n\r\n-  Не  білдік ?\r\n\r\n- Қандай  әсер  алдық?\r\n\r\n- Қандай  қортындыға  келдік?\r\n\r\nБалалар  өз ойларын  көгершін  қанатындағы  шарларға   жазып, көгершін құсын ұшырады\r\n\r\n \r\n\r\nҚортынды: Ия, 1941 – 1945  жылдардағы  алапат  от  кешу  туралы  зерде  -қасиеті жұртымыздың,  еліміздің  жалпы  тарихынын  бір  бөлігі. Біз  бүгін  осының  бәрін  ой  елегінен өткізе  отырып, Ұлы  Жеңісті  жақындатқан  ардагерлердің  алдында  басымызды  иеміз.       \r\n\r\n    Балалар,алдымызда  «9 –мамыр Ұлы  Жеңіс» мерекесі келе жатыр,мереке   құтты  болсын  дей  отырып, осы қан   майданда  мерт  болған  ерлердің  рухына,біздің  арамызда  асқар  таудай  болып  жүрген  ата- апаларымызға  тағзым  етейік. Олардың ерлік  істерін ешкімде ,ешқашанда  ұмытпауға  тиіс. \r\n\r\nҚазақстанда қазір 6 мыңға жуық соғыс ардагері мен 220 мың тыл еңбеккері  \r\n\r\n                         тұрады деп хабарлайды  соңғы  есеп  бойынша.\r\n\r\nБағалау:   Сабаққа  қатысып,білім – білігін  әр топ  бірін – бірі  бағалау\r\n\r\nҮйге  тапасырма: Өлеңді  жаттап  келу,сөздік  жұмысты  дәптерімізге жазамыз  және\r\n\r\nҰлы  Жеңіс  күніне  арнап шығарма  жазу.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ