Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

0
2543
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шыныдығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.

Жалпы басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанасын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорынытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысананы биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйесінің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал кәсіптік мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепшілік басқарудың нысанасы болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе-кәсіптік мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.

«Менеджмент» термині ағылшын тілінен «manage» деген сөзінен шыққан, яғни «басқару», «меңгеру», «басшылық жасау» деген ұғымдарды береді. Менеджмент сөзінің жалпы түсінігі – басшының алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуде , басқа адамдардың еңбектерін, қабілеттерін жұмылдыра білуі. Басқа сөзбен айтқанда менеджмент – ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру. Отандық сөздік қорымызға бұл термин қайта құру жылдарында «басқару», «басшылық жасау» сөздерінің баламасы ретінде пайда болды. Ол кезде, номенклатуралық басшылық жүйесіне ілінген кадрларды кәсіби біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілетіне қарамастан бір орыннан екінші орынды басқаруға ауыстыра беретін. Тіпті кейде кәсіп саласынан мүлдем бейхабар кадрлар өндірістің маңызды учаскелерін басқаруға орталықтан жіберіліп отырылды. Сөз жоқ, бұл үрдіс басқару, «басшылық жасау» сияқты сөздерге нұқсан келтірді. «Менеджер» сөзінің шын мәні басшылықпен бірге «істің мән — жайын жетік білетін маман» деген анықтамаға дәл келетін сияқты. «Педагогика менеджменті» не «Білім саласының менеджері» деген атау қазір жиі қолданылатын болды, өйткені ол білім саласын жетік меңгерумен қатар, қарамағындағылармен кикілжіңсіз тіл табыса жұмыс істей алатын педагогика және психология ғылымдарымен қаруланған маман. Кәсіптік білім беретін оқу орнының директоры не жоғарғы оқу орнының ректоры алдымен кәсіби біліктілігі жоғарғы педагог болуы тиіс, содан соң басқару әкімшілік жұмысына барғаны жөн. Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттық өркениеттің прогрестік даму ерекшеліктеріне, қоғамдық – тарихи, саяси — әлеуметтік, экономикалық жағдайларға бейім жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеп шығару. Бүгінгі таңда ақпаратттық кеңістік әлемі дамып кетті. Атап айтқанда, дүниежүзілік интернет желісі, электронды почта, электронды оқулықтар, қашықтан оқыту және білім берудің кредиттік технологиялары әлемдік өркениетке аяқ басуымыздың көрінісі. Енді «педагогикалық менеджмент», сөзіне анықтама берсек. (Мұны кейде «білім беру менеджменті» деп атап жүр).

Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез – келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:

1. Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;

2. Оларға сенім білдіру;

3. Олардың іс — әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.

Антропоцентрлік (грек сөзінен «antropos» — адам деген ұғымды білдіреді). Көзқарас дегеніміз басқару ісінің мақсаттары мен міндеттеріне мәнді түзетулер ендіруді білдіреді. Басқару қызметінің негізгі өзегі болып адамдардың творчестволық мүмкіндігін мейлінше өнімді пайдалану болып табылады. Осыған байланысты менеджменттік стратегиялардың жаңа қызметтерін жүзеге асыруда мына төмендегі базалық негізге арқа сүйейді.

1. Творчестволық топтарды іске тарту арқылы қабылдаған шешімдердің сапасын арттыру

2. Қызметкерлердің жауапкершілік сезімін күшейту.

3. Инженер – педагог қызметкерлер арасында ақпарат жариялылығы мен өзара сенімділікті арттыру арқылы оқу орнында дұрыс ахуал қалыптастыру.

4. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің еңбектерін дер кезінде бағалап, олардың шығармашылық идеялары мен инновациялық іс — әрекеттеріне қолдау көрсету.

5. Студенттер мен оқушыларды шешім шығаруға қатыстырып, олардың оған жауапкершілігін арттыру.

Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ , онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып , өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып , алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: а) адамдармен қарым – қатынас жасау әдісі, үлгісі; б) билік және басқару өнері; в) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; г) басқару органы, әкімшілік бөлігі
Симоновтың анықтамасы бойынша педагогикалық менеджмент дегеніміз – кешенді әдістердің , ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен технологияларды педагогикалық жұйеде тиімді әрі дамытуға бағытталған басқару.
Педагогикалық менеджмент – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен те Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі — «Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс.

Сондықтанда мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсы заман талабынан туындаған үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім тәжірибесі негізінде жасалынған мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін кешенді іс-шара болды.

мектептің жұмысын жақсарту үшін келесі басымдықтар анықталды:

— оқушылар мен мұғалімдер арасында ынтымақтастық

қарым-қатынас орнату арқылы оқуға жайлы орта құру жұмыстарын жетілдіру;

— мұғалімдердің мектеп аясында кәсіби білімдерінің дамуына жағдай жасау;

— Мектепті басқаруда, оған өзгерістер енгізуде оқушылардың,ата-аналардың, мектеп қызметкерлерінің басқа да тәуелсіз ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету;

— Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарды өткізу технологияларын өзгерту;

— Оқушылардың оқуға ынтасын арттыру мақсатында бағалау жүйесінің оңтайлы әдіс-тәсілдерін сабақ үрдісінде пайдалануды жетілдіру.

Бұл өзгерістерді ұжымға енгізу үшін бәрімізде ортақ ұстаным мен құндылықтар қалыптасуы керек. Бұл жұмысымызда жоғары нәтижелерге жету үшін жаңа технологияларды орынды пайдаланып, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыстануына ықпал жасай отырып, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау қажет деп есептеймін.

Квалиметрия — ол педагогикалық зертттеудің бір саласы, педагогтың арнайы, кәсіби қасиеттерін диагностикалау мәселелерімен айналысатын ғылым.

Квалиметрияға – педагогикалық зерттеудің, оның мазмұнының пара-метрлерін сипатттау, бағалау, өлшеу кіреді.

Педагогтың еңбегін бағалау, өлшеу мәселесі педагогикалық жұртшылықтың назарынан тыс қалмаған. АҚШта рейтинг жүйесі қолданылады. Бағалау парақтарын толтыру, ол бойынша мұғалімнің қызметі үш тұрғыдан бағаланады: оқыту құралы, сыныпты басқара білуі, тәртібі бойынша.

Сондайақ, мұғалімнің еңбегін бағалау екі бағдарлама бойынша анықталған: «Ұлттық мұғалімдер емтиханы», «Педагогикалық білім беру жүйесінде емтихан бағдарламасы» бойынша тест тапсыру арқылы.

Ресейде екі буынды модель бойынша бағаланған: мұғалімнің марапатталуы және тәжірибесі арқылы. Бүл модель бойынша бағалау объективті нәтиже бермеген. 1990 жылдан бастап мұғалімдердің еңбегін бағалаудың алты параметірлік моделі алынған. Олар: Оқушылардың білім сапасы — 70%, оқушылардың пікірі — 5%, атааналардың пікірі — 5%, әкімшіліктің бағасы — 5%, әріптестерінің бағасы — 5%, өзінің бағасы — 10%, барлығы — 100%.

Шетелдерде мұғалімдердің, оқушылардың еңбегін тест арқылы анықтау үйреншікті, қалыптасқан тәжірибе.

Қазіргі кезде мұғалімге қойылған талаптарға қарасақ, ол тәжірибе біздің елде де орын алуда. Конкурстық негізде жұмысқа алу, конкурстық негізде квалификациялау  уақыт талабы. Білім сапасын көтерудің бір жолы — мұғалімнің жоғары квалификацияға ие болуында, бәсекелестікке қабілеттілігінде.

Мектептің педагог қызметкерлерін аттестациялау бұрынғы Кеңес Одағында 1972 жылы енгізілді. Алғашқы аттестациядан кейінгі кезеңде аттестациялау туралы құжаттар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай бірнеше рет өзгеріліп, толықтырылды.

Аттестацияның негізгі мақсаты  педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету. Міндеті — мұғалімнің кәсіби деңгейіне қарай біліктілік санат беру. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Қазіргі кезде бұл мәселеге оң көңіл бөлініп келеді.

Аттестация өткізудің негізгі принциптері: еріктілік, ашықтылық, жүйелілік, эксперттік бағалаудың объективтілігі, әдепті, әділ өтуін қамтамасыз ету. Бұл принциптер аттестациялық комиссия жүргізілуде қатаң сақталады.

Н.Портнов мұғалімдердің қызметін аттестациялау үшін келесідей критерийларды ұсынған:

-оқушылардың білім сапасы және тәрбиесі;

-пән бойынша білім деңгейлері;

-білімді тәжірибеде қолдана білулері;

-қоғамдағы, табиғаттағы болып жатқан өзгерістердің мәнін білу;

-оқушылардың өз бетімен білім алу деңгейі;

-оқушылардың техника түрлерімен жұмыс істей алулары;

-оқушылардың тәртібі, қоғамдық жұмыстарға араласулары, мәдениеті.

Мұғалімнің қызметі оқушылардың білімі, тәртібі, іскерлігі арқылы анықталады. Мұғалімнің қызметін бағалауда оның келесідей қасиеттері ескеріледі: жауапкершілігі, педагогикалық таланты, беделі, еңбексүйгіштігі, белсенділігі, тәртібі.

Қазіргі ереже бойынша үш түрлі комиссия құрылады. Бас аттестациялық комиссия республикалық, облыстық деңгейде, ал аудандық, қалалық комиссия тиісті білім мекемелерінің деңгейінде құрылады. Білім беру мекемесінің аттестациялық комиссиясын құру педкеңестің құзырында болады. Әр комиссия өз құзырына сәйкес мәселелерді қарастырады. Ал аттестациялық комиссияның негізгі шешімі – біліктілік санат беру. Қазір үш біліктілік санат берілген: жоғары санатты республикалық, облыстық, бірінші санатты аудандық, қалалық, ал екінші санатты – мектеп аттестациялық комиссия береді.

Мұғалімнің немесе мектеп басшысының қызметі екі кешенді көрсеткіш- термен бағаланады. Біріншісі – қызмет қорытындысын жинақтау, екіншісі — практикалық қызметті эксперименттік бағалау. Бірінші көрсеткіш бойынша мұғалім шығармашылық есеп береді: ғылыми-әдістемелік, немесе тәжірибелік – эксперименттік жұмыстарды ұсына алады.

Екінші көрсеткіш бойынша ол бірнеше нұсқада психологиялық-педагогикалық экспертизадан (сараптаудан) өтуі тиіс. Кейбір мектептерде, аудандық, облыстық технология, тестілеу, эксперименттік бағалау тәсілдері қолданылады. Дегенмен, педагогикалық қызметті болжамдау және жинақтауды аттестациялық комиссия нақтылап, түзетулер енгізіп отырады.

2017 жылғы 31 қаңтардағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту атап көрсетілген. Осы тұрғыда ұлттық бiлiм беру жүйесiн модернизациялау жағдайында, бiлiм мазмұнын жаңарту, бiлiм беру жүйесiн басқару мен ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа жолдарын iздестiру секiлдi өзектi жайттар ерекше маңызға ие болуда. Бізге де еліміздегі білім беру саласында қарқындап жүріп жатқан жаңалықтардан қалыс қалмай, мектептің  оқу-тәрбие үдерісіне  өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда мектеп директорынан өзгерістер енгізуді басқаруда нағыз көшбасшы болу талап етіледі. Білім саласында болып жатқан ауқымды өзгерістермен ұжымды таныстыру жолында бірлесе жұмыс жасау, жұмыстың басымдықтарын айқындау мақсатында өзгерістер енгізу тобын құрдым. Оның құрамына 1,2,3-деңгей мұғалімдерін (олар 19 болатын), директордың оқу жөніндегі орынбасарын,өздері деңгейлік курстардан өтпесе де жаңа әдістерді өз тәжірибелеріне батыл енгізіп бастама жасап жүрген шығармашыл мұғалімдерді енгіздім. Мұғалімдермен тәлімгерлік жұмыс жүргізу, кәсіби сұхбат өткізу, коучингке дайындық, талдау, уақытында кері байланыс жасап отыру менің көшбасшы ретіндегі негізгі міндеттерім болып табылады. Ұжымдағы деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер жоспарлау мен шаралар туралы өз пікірлерін айтуда қиналды. К-ны тәлім алушы ретінде таңдап алдым, себебі мен онын бойынан жаңашылдыққа ұмтылу, табандылық, көздеген мақсатқа жету қасиеттерін байқадым. Әріптестерімнің өзгеріске аса қызығушылық танытып, психологиялық тұрғыдан дайын болуы мені алдыма қойылған мақсаттарыма жетуге шабыттандырды.

«Коучинг және тәлімгерлік» тақырыбындағы №1 коучингті өзім өткізуді жоспарладым. Бұл коучингті өткізудегі мақсатым мұғалімдердің кәсібилігін жетілдіруде «Коучинг пен тәлімгерліктің, коуч және тәлімгердің арасындағы айырмашылық пен ұқсастық қандай?» сұрақтары төңірегінде әдістемелік біліктілікті арттыруға ықпал ету болды. Мұғалімдер белсене қатынасты, кері байланысты өлең жолдарымен жеткізіп жатты. Мұғалімдердің шабытын оятатындай коучингтің әсерлі болуынан оның сәтті болғаны көрініп тұрса да, топтың ережесімен жұмыс жасай алмай, уақытқа бағынуда сәл қиыншылықтар кездесті. Кері байланыстарды ескере отырып келесі коучинг тақырыбын анықтадым.

«Топтық жұмыс, оны тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы №2 коучингті тәлім алушым А-мен өткізуді жоспарладым. Бұл коучингтің мақсаты: мұғалімдерге топтық жұмыс, оның ережелері мен маңыздылықтары туралы мағлұмат беру, бірлесе оқытуда басты назарда ұстауды қажет ететін ережелер мен олардың оқыту мен оқудағы ұтымды жақтары туралы ұғым қалыптастыру. Осы сәтте мен «Балаға алманың тәттілігін 100 рет айтқанша, бір рет жегізіп көрсет» деген халық даналығы тегін айтылмағанын түсіндім. Топпен жұмыс жасауды дамыта отырып, оқушылардың сыни ойлап, өзін-өзі, және сыныптастарын бағалай білудің маңыздылығын коучингке қатысқан мұғалімдер өз бойларынан өткізді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің топпен жұмыс жасаудағы белсенділігі анық байқалып тұрды, бірақ постер қорғағанда тақырыпты ашатындай сыни ойлай алмауы көрінді. Менің түсінгенім оқушыларға үйрету үшін мұғалімдердің өздері сыни ойлап қорытынды жасай білуге дағдылану керек. Келесі коучингті «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» деп белгілеп, өзім өткізуді жоспарладым. Коучингтің мақсаты: бағалау үшін ортақ критерилер жасап, берілген тапсырманы қайтадан бағалау арқылы оқу үшін және оқуды бағалаудың айырмашылығын білуге қадам жасау. Постер қорғауда мағыналы мәліметтер берілді, көшбасшылар жақсы байқалып тұрды. Кері байланыстан байқағаным коучинг мақсатына жеткен сияқты. Мұғалімдер тарапынан ойлантатын сұрақтар көп кездесті, олардың жауаптарын бірлесе табуымыз коучингтің сәтті өткенін көрсеткендей..

Lesson Study-мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл екендігі туралы бастама ұғым қалыптастыру мақсатында өзгеріс тобымен кәсіби әңгіме жүргіздім. Ата-аналарға еліміздің білім жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер туралы түсінік беріп, «Lesson Study» сабақтарына қатынасуға шақыру мақсатында «Мектеп және ата-ана» тренингісін өткіздік. Мектептегі тәжірибе кезеңінің үшінші аптасынан бастап Lesson Study сабақтарын өткізуді жоспарладым. Lesson Study циклінің тізбектелген сабақтары физикадан, әдебиеттен, химиядан өткізілді. Сабақ барысынды 9а сыныбы топпен жұмыс жасауға дағдыланып қалғандығы байқалды, себебі деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің біразы осы сыныпқа сабақ береді. Сабақтан соң бір топ оқушымен сұхбат жүргізіп, «оқушы үніне» құлақ түрген болатынбыз, олардың арасында бақылауға алынған 3 оқушы да болды. А оқушысы: «Қазір сыныпта сабаққа дайындалмай келу деген жоқ, егер бір оқушы сабаққа дайындалмай келсе, басқа оқушылар оған ренжиді.», В оқушысы: «…топта спикер ролі ауыстырылып беріліп отыратындықтан, топ атынан сөйлегенде, басқа топтардан қалып қоймас үшін сабақ айтпайтындардың өзі сөйлейді…», «…3-топтың көрінісі сәтсіз болды, себебі көрініс көрсету бұл тақырыпқа сай емес, себебі диологтар жоқ» С оқушысы: «1-топ өзін жоғары бағалады, Д-дан басқасы сабаққа жақсы қатысқан жоқ», «…жалпы топпен жұмыс жасау маған ұнайды, себебі барлық сынып қатысады, мен постер қорғадым, тек уақытқа бағына алмадық» деген пікірлерін айтты. Осы сабақтардан кейін мұғалімдер оқушылардың ашыла түскенін байқады. Оқушылардың қиялы шексіз. Соны ашуға түрткі бола білу керек. Оқушылардың сұхбаты бағалауға баса назар аудару керектігін есімізге тағы салды. Мұғалімдер де оқушылар да осы процестің тиімді екенін сезінді және тоқтап қалмай әрі қарай жалғасын табуын қалады. Осы мәліметтерден Lesson Study зерттеу сабақтарын жаңа әдіс-тәсілдерді үйлестіре отырып өткізудің оқушының тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор екендігін байқадық. Жоғарыда айтылғандай, әріптестерге қолдау көрсету барысында атқарылған шаралар мұғалімдерге оң ықпал ете отырып, сабақтың тиімділігін арттырады, ал бұл өз кезегінде оқушылардың білім сапасын көтеруге ықпал етеді.

Оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру, оқушылармен желілік қоғамдастық арқылы шынайы қарым-қатынас орнатуға бастама қадам жасау мақсатында «Оқушы үні» кімге керек?» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Оқушыларға арнап портал ашқандығымыз туралы хабардар етіп бірлесе жұмыс жасауға ұсыныс жасадық. Оқушылар тарапынан жақсы қолдау тапты, 9-11-сынып оқушылары алғашқы электронды почталарын ашып өз қызығушылықтарын көрсетті. Төменгі сыныптар мұғалімдермен байланысқа шығуға жүрексінетіндіктерін айтты, ал олармен жұмыс жасауда сынып жетекшілері көбірек белсенділік танытып отырды. Менің бұрын ойлағанымдай емес әрбір оқушының бойында өзіне деген сенім орнап, ұстаздарымен шынайы әңгімелесіп, жылы қарым-қатынас орнайды деген сенімім молайды. Сонымен қатар, тәжірибе кезеңінде өткізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесін көру мақсатында, мектептегі өзгерістер жөнінде оқушылар мен ата-аналардың ой-пікірін білу, соңғы деректерді жинақтау үшін қорытынды сауалнама жүргізіліп, талдау жасалды. Сауалнамалар нәтижесі өзгерістердің оқушылар жетістігіне оң ықпал еткенін көрсетті. Қазақтың «ұшықтай сала, жазылдың ба деп сұрауға бола ма» деген сөзі шындық. Мұғалімдерден 4 апта ішінде қолма-қол керемет нәтиже көрсет деп талап етуге болмайды. Көш жүре түзеледі. Бастысы, осы көштің оң бағыт алып, түзелуіне алғашқы қадамдар жасалды және бұл қадамдар жемісін беріп жатыр, әлі де береді деп ойлаймын.

Кайыпканова Лаззат Амандыковна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Круглоозерный ЖОББМ
Тарих пәні мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ