Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)

0
1709
Иллюстрация: Freepik.com

1. XVII ғасырдың аяғы, XVIII ғасырдың бас кезінде дүниеге келген заңдар жинағы:

A) «Қасым ханның қасқа жолы» B) «Жеті жарғы» C) «Жасақ» D) «Шежірелер жинағы» E) «Есім ханның ескі жолы»

2. Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы

шыққан жыл:

A) 1916 ж. 23 тамыз

B) 1917 ж. 26 шілде

C) 1917 ж. 20 наурыз

D) 1916 ж. 20 шілде

E) 1916 ж. 25 маусым

3. 1929 жылдан бастап Қазақстанның астанасы болған қала:

A) Қызылорда

B) Астана

C) Алматы

D) Омбы

E) Орынбор

4. Ұлы Отан соғысы болған жылдар:

A) 1941-1945 жж.

B) 1940-1944 жж.

C) 1943-1947 жж.

D) 1942-1946 жж.

E) 1939-1943 жж.

5. ХХ ғ. 40-50 жылдарының басында биология, медицина, геология

ғылымдары саласының біраз ғалымдарына тағылған айып:

A) ұлтшыл

B) плагиат

C) космополит

D) шовинист

E) бүлікші

6. 1960-1970 жылдары Маңғыстау өңірінде қарқынды дамыды:

A) Түсті металлургия

B) Қара металлургия

C) Машина жасау

D) Мұнай өндіру

E) Химия өнеркәсібі

7. VI-VIII ғасырларда Жетісуға қоныстанған ел:

A) ұйғырлар B) қырғыздар C) салжұқтар D) соғдылар E) қидандар

8. «Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы, елде, жиырмада (еді)» — деген

жолдар кездеседі:

A) «Күлтегін» жазуында

B) «Тоныкөк» жазуында

C) Таңбалы Нұрада

D) «Талас» жазуында

E) Тамғалыда

9. 1207-1209 жылдары Шыңғыс хан бағындырған ел:

A) Сібір халқы

B) Керейлер

C) Наймандар

D) Енисей қырғыздары

E) Таңғұттар

10. Моғолстан ханы Есен-бұғаның Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдау

себебі:

A) Қытай шабуылынан қорғану

B) Әбілқайыр, Темір ұрпақтарына қарсы одақтас табу

C) Сібір хандығына қарсы одақтас табу

D) Бірігіп біртұтас мемлекет құру

E) Қазақтарды қол астына қарату

11. XV-XVI ғғ. тайпалар одағы негізінде қалыптасқан басқару құрылымы:

A) Ұлыс

B) Қазақ жүздері

C) Ру

D) Ата-аймақ

E) Арыс

12. 1716-1720 жылдары Ертістің бойына салынған бекіністер:

A) Жәміш, Өскемен

B) Атбасар, Обск

C) Орек, Қызылжар

D) Қапал, Верный

E) Омбы, Райым

13. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің ерекшелігі:

A) Көтеріліске орыстар ғана қатысты

B) Башқұрт, татар, қазақтардың қатысуы

C) Қоқан хандығына қарсы бағытталды

D) Бүкіл Қазақ жерін қамтыды

E) Он төрт жылға соғылды

14. 1844 жылы Кенесары Қасымұлына қарсы шыққан отрядты басқарған сұлтан:

A) Шерғазы Айшуақұлы B) Ахмет Жантөреұлы C) Жәңгір Бөкейұлы D) Қаратай сұлтан E) Досалы сұлтан

15. «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:

A) 15-25 ауыл

B) 12-15 ауыл

C) 10-12 ауыл

D) 12-20 ауыл

E) 15-20 ауыл

16. 1860 жылы 5 күндік қоршаудан кейін құлаған Қоқан хандығының

Жетісудағы бекінісі:

A) Тоқмақ

B) Ұзынағаш

C) Пішпек

D) Верный

E) Кәстек

17. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер сотының мәліметтерін жинап құнды

зерттеу жүргізген поляк азаттық қозғалысының өкілі:

A) Г.Михаэлис

B) Г.Зеленский

C) С.Гросс

D) Я.Домашевич

E) А.Бяловский

18. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты рұқсат етілді:

A) Мемлекеттік банктерді жекешелендіруге

B) Жерді сатуға

C) Ірі кәсіпорындарды жалға алуға

D) Ірі кәсіпорындарды сатуға

E) Жерді жалға беру мен жалға алуға

19. Қазақстан Республикасы сайлау туралы кодексі қабылданды:

A) 1991 ж.16 желтоқсанда

B) 1993 ж. 9 желтоқсанда

C) 1993 ж. 28 қаңтарда

D) 1995 ж. 30 тамызда

E) 1992 ж. 2 наурызда

20. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасқан дәуір:

A) Палеолит

B) Мезолит

C) Неолит

D) Энеолит

E) Қола

21. Ғұн билеушісі Еділ жауынгерлерінің Рим империясына қауіп төндірген мерзімі:

A) 5 ғасырдың 80-шы жылдары

B) 5 ғасырдың 50-шы жылдары

C) 5 ғасырдың 60-шы жылдары

D) 5 ғасырдың 70-шы жылдары

E) 5 ғасырдың 30-шы жылдары

22. Жібек жолының солтүстік бағыты екі тармаққа бөлінген жер:

A) Тараз қаласы

B) Испиджаб қаласы

C) Баласағұн қаласы

D) Талғар қаласы

E) Құлан қаласы

23. Верный көпесі Вали Ахун Юлдашев винтпен жүретін өзен кемесін

алдыртты:

A) Қытайдан

B) Англиядан

C) Италиядан

D) АҚШ-тан

E) Франциядан

24. ХХ ғасырдың басында патша өкіметіне қарсы күресте қазақтардың саяси

белсенділігінің күшеюіне әсер еткен оқиға:

A) Самодержавиенің құлатылуы

B) Автономиялық мемлекеттің құрылуы

C) Қазақ зиялыларының Мемлекеттік думаға сайлануы

D) Саяси реформалардың жүргізілуі

E) 1905-1907 ж. революция кезіндегі қозғалыстар

25. 1999 жылы ақпан, наурыз айларында өткізілді:

A) Халық санағы

B) Президент сайлауы

C) Сенат депутаттарын сайлау

D) Маслихат депутаттарын сайлау

E) Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ