«Менің ойыншықтарым» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі

0
11558
Дене шынықтыру

   Сабақтың мақсаты:
1. Балаларға ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

  1. Тапсырмалар,ойындар арқылы оқушылардың  шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, қазақ тілінде еркін де жатық сөйлеуге үйрету.

3. Ойыншықтар дүниесіне деген сүйіспеншілігін ояту.
Ұқыпты құрастырып, жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық жұмыс,сұрақ-жауап,қызығушылықты ояту стратегиясы,ойындар,синквейн әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,аудио6 қима қағаздар, «Ойыншықтар» дүкені бұрышы,ойыншықтар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Назарларын сабаққа аудару.

                                        ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасына бірнеше сөздерден сөйлем құрау берілген.(Көше, аялдама,үй,дүкен,бағдаршам)                                        

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?
    2. Көктем мезгілінде неше ай бар?
    3. Ауа — райы қандай болады?
    4. Сен қай көшеде тұрасың?
    5. Көшең қандай?
    6. Көшеде нелер бар?

                                           IІІ Жаңа сабақ

Қызығушылықтарын ояту.
Қане, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың  тақырыбын мына жұмбақтарды  шешу арқылы тауып көрейікші.
1.Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды. (доп)

2.Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)

3.Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (доп)

4. Сыбдырдан қорқады,
Шошынып жортады.(қоян)

-Сонымен бір сөзбен бұларды не дейміз?
-Ойыншықтар
-Жарайсыңдар, балалар, яғни біздің бүгінгі сабағымыздың  тақырыбы:  «Менің ойыншықтарым» деп аталады.

1.Сөздік жұмысы .  Алтын сандықтағы жаңа сөздер

Ойыншық – игрушка
Текше – кубик
жақсы көремін— люблю

сүйікті-любимый (-ая,-ое)
жұмсақ ойыншықтар — мягкие игрушки

Сөздерді оқушыларға оқыту , жаңа сөздерден сөз тіркесін жасау,сөйлемдер құрау.


Интербелсенді тақтадан слайд көру.

а) Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.

                              Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым бар. Олар машина, қонжық, доп, текшелер. Мен ойыншықтарымды жақсы көремін. Менің сүйікті ойыншығым-қонжық. Оның аты-Миша. Ол өте сүйкімді. Мен қонжығымды ерекше жақсы көремін.
Ойыншықтар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.Сондықтан ойыншықтарды сындырмай, кірлетпей, лақтырмай, ұқыпты ұстауымыз керек.

1.Мәтінді тыңдау (аудио)

     2.Мәтінді тізбектеп оқу.
3.Мазмұндау.

Жазылым.
(
Мәтін ішінен 1 сөзге дыбыстық талдау жасау,1 сөзді тәуелдеу)
І қатар
Ойыншық
сөзіне дыбыстық талдау
ІІ қатар
Қуыршақ
сөзін тәуелдеу

                                            ІV. Бекіту
Тыңдалым. Айтылым

Рөлдік ойын. «Ойыншықтар дүкенінде»
Ойынның шарты:
Оқушылар дүкеннен ойыншықтар туралы тақпақтар айтып және ол  ойыншық кандай,қалай жасалғандығы, оның түсі,пішіні туралы айтып  сатып алады.

Дүкенші: Балалар қараңдаршы, менің дүкенімнің сөрелерінде әдемі ойыншықтар көп, сендерге ұнады ма? Бұл жәй дүкен емес, ойыншықтары да ерекше. Ойыншықтармен ойнап, олар жайлы тақпақ айтып бергенді жақсы көреді.
Мұғалім: -Балалар дүкеншіге тақпақ айтып біртіндеп ойыншық сатып аламыз.

Бала: — Сәлеметсіз бе!
Сатушы:-Сәлеметсіз бе!
Бала:-Сізде машина бар ма?
Сатушы:-Бар.
Бала:-Қанша тұрады?
Сатушы:-100 теңге.
Бала:-Бір мәшине беріңізші.
Сатушы:-Мінеки, алыңыз.
Бала: -Бұл- машина. Ол қатты ойыншық. Темірден жасалған. Түсі көк.
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын

-Рақмет, сау болыңыз.
Сатушы:-Сау болыңыз!

(Осылай әр оқушы ойыншық сатып алады.)

Ойыншықтарым көп менің
Бәрін жақсы көремін
Кешке дейін жалықпай
Бірге ойнап жүремін

Ойыншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді
Еркелігі соншама
Көтермесең жүрмейді

Ойыншығым қонжығым
Анасын да білмейді
Корбандаған аюды
Түсінде де көрмейді

Ұшағым бар ойыншық
Ұшырмасаң ұшпайды
Айналам деп аспанды
Шаршағанға ұқсайды

    

Қорытынды

Синквейн әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Синквейн әдісі

1. Сөз                                            1. Қуыршақ
2.Сөз тіркесі                                  2.Екі қуыршақ
3.
Сөйлем                                      3.Екі әдемі қуыршақ
4.
Қорытынды                                4.Менің екі әдемі қуыршағым бар

                         VІ. Үй тапсырмасын беру
1.Ойыншықтар туралы жұмбақтар жазып, жаттап келу.
2.Текше
, қонжық сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

                         VІІ. Оқушыларды бағалау

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ