«Менің құқықтарым- менің міндеттерім» тәрбие сағаты

1
31552
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің құқықтарым- менің міндеттерім»

Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түсініктерін қалыптастыру.Өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, слайдтар,20 қараша-Бүкіл дүниежүзілік балаларды қорғау күні, Фемида суреті, Сот таразысы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды  мынандай сұрақпен бастағым келіп отыр:

Балалар  «Есім алуға» құқықтарың бар ма? Қалай ойлайсыңдар?
  1. «Есім» ойынын ойнайық. Қазір біз әрқайсымыз тізбек бойынша өз есімімізге сын есім қосып айтайық.Яғни сын есім де, есім де бірдей әріптен басталуы қажет. Мысалы: Намысты-Нұргүлмін.
  • Ал жақсы,сендердің есімдерің бар және таныстырып шықтық,сендердің есімдерің солай аталатынын енді қалай дәлелдейсіңдер?
  • Дұрыс, балалар!
  • Туу туралы куәлік – бұл сендердің алғашқы құжаттарың. Ал онда тағы не туралы жазылған? Кім біледі?
  • Онда,сендер Қазақстан Республикасының азаматы екендерің жазылған.
  • Яғни, адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады екен. Ол дегеніміз әрқайсымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді.
  • Ендеше, бүгінгі біз сабағымыз қандай тақырыпта болмақ?
  • Дұрыс айтасыңдар,біздің бүгінгі тақырыбымыз «Менің құқықтарым мен міндеттерім» деп аталады.
  • Балалардың құқықтары қайда жазылған? Оны кім бекітеді? Ендеше сендерге қысқаша айтып өтейін.
  1.  Шағын – дәріс «Сендердің құқықтарың туралы Конвенция»
   20 қараша – бұл дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні. Бұл күні « Балалар

құқығы» туралы халықаралық Конвенциясы қабылданған.

Барлық дүние жүзіндегі балалардың құқықтары арнайы «Балалар құқығы туралы»

Конвенцияда жазылған.Бұл құжат 1989 жылы 20-қарашада БҰҰ-да қабылданды.Бұл

ұйым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс

миллиондаған адамдардың өмірін қиды,яғни,олардың өмір сүру құқығын шектеді.Сол

себепті осындай соғыстардың болдырмау мақсатында  барлық  дүниежүзіндегі

халықтар БҰҰ-на бірікті.

   Өкінішке орай, дүние жүзінде  әлі де қауіп-қатерлер  жиі болып тұрады.Мысалы: соғыстар,терактілер,қылмыстар,апаттар,аштық,аурулар…Тіпті үлкен, мықты  адамдардың өзі  осындай қатерлерге қарсы тұра алмай жатады. Сондықтан ең қорғансыз болып табылатын балалар.Олар тіпті күнделікті өмірде үлкендердің  қолдауы мен қарауын   қажет етеді.Сол себепті балаларды қорғау үшін «Балаларды қорғау туралы» Конвенция қабылданды.   Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар.  Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды. Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.
  1. «Дауыстап оқиық және есте сақтайық» Тақтада жазылған құқықтармен танысады. Барлығымыз оқиық.

                Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?

  • Өмір сүруге
  • Ата-тегін алуға
  • Отбасында тәрбиеленуге
  • Жеке бас бостандығына
  • Азаматтық алуға
  • Білім алуға
  • Баспана алуға
  • Дүние мүлікке
  • Демалуға
  • Денсаулықты сақтауға
  • Сөз бостандығына

Қоғамдық жұмыстарға араласуға  Балалар біздің құқықтарымыздан басқа міндеттеріміз бар екенін естен шығармауымыз керек.

                            Не  істеуге  міндеттіміз?
  • Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
  • Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
  • Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
  • Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;
  • Тарихи ескерткіштерді қорғауға;
  • Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;
  • Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
  • Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;
  • Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.

Сонымен балалар  құқық деген не, міндет деген не? Ойланайық.

                      «Ойды аяқта…»

Бала құқығы деген— балалардың өмір сүруі мен өсуіне жағдай жасау.

Құқық-адамдардың тәртібін,қарым-қатынасын реттеп отыратын ережелер жиынтығы.

         Мемлекет белгілеп қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы

Міндет-адамдар бұлжатпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.

 Ендеше құқық пен міндетті айыру үшін біз сергіту сәтін немесе ойын ойнайық.
  1. Ойын «Менің құқытарым мен міндеттерім» деп аталады.Мен міндеттер мен құқықтарды оқимын, сендер табуларың керек. Егер жауап құқық болса,қолдарыңды жоғары көтересіңдер,ал егер міндет болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер түсінікті болса, бастайық.
  2. Конкурстар мен жаррыстарға қатысу. (Қ)
  3. Жолда жүру ережелерін сақтау. (М)
  4. Жеке бас тазалығын сақтау.(М)
  5. Тегін оқу. (Қ)
  6. Мектеп мүлкіне дұрыс қарау (М)
  7. Табиғатты қорғау және күту.(М)
  8. Демалу. (Қ)
  9. Мектеп ережесін сақтау (М)
  10. Жақсы оқу. (М)
  11. Ата-анаға көмектесу. (М)
  12. Басқа оқушылардың ар-намысын,абыройын құрметтеу (М)
  13. Тегін кітапхананы пайдалану (Қ)
Қорытынды:  Өте жақсы балалар, рахмет. Барлығымыз өз құқықтарымыз бен міндеттерімізді ажырата білдік.

5.Сендерге тағы біз сұрақ:

— Біздің құқықтарымыз бұзылса, біз  не істейміз?

-Дұрыс айтасыңдар!Заңгерлерден кеңес алуымызға болады екен.

Кеңес- аты айтып тұрғандай, бізге заңды түрде түсіндіріп, кеңес береді.Ал заңгер (юрист)-заңды жақсы білетін адам. Біз кеңес ала отырып, өзімізді қорғай алады екенбіз.

 Ендігі ойынымыз  «Заңгер кеңесі»деп аталады.

Әркім өздеріңді, балалардың құқығын жақсы білетін заңгермін  деп  елестетіңдер.Ал сендерге кеңес алуға ертегі кейіпкері келеді. Тақтаға қарай отырып, келген кейіпкердің қандай құқығы бұзылғанын түсіндіріп, кеңес бересіңдер.

Тек сөздің басын былай бастауларың керек:  «Балалар құқығын қорғау туралы» Конвенцияның келісімімен…Түсінікті болса бастайық:

Маугли: Мен көптеген жылдар бойы орманда жабайы аңдармен  тұруыма тура келді.Бірде мен адамдар арасына түстім. Басқа балалар сияқты менің де құқықтарым бар ма?

Балалардың мөлшерлі жауаптары:

— Балалар Конвенциясының шешіміне сәйкес… кез-келген 18-ге толмаған адам бала болып саналады.Сондықтан, сіз де барлық балалармен құқықтарыңыз бірдей.

Маугли: Мен адамдардың тілінде сөйлей алмаймын.Мен аңдар мен құстардың тілінде сөйлеймін. Сондықтан адамдар мені аңдарға қарағандай қарап, торға қамап ұстады.. Олардың осылай қарап ұстауға құқытары бар ма?

 Балалардың мөлшерлі жауаптары:

— «Балалар құқығын қорғау» Конвенцияның шешіміне сәйкес: Ешкімде сіздің абыройыңызға нұқсан келтіре алмайды.Абыройыңызды түсіруге ешкімнің құқы жоқ.

— Конвенция шешіміне сәйкес….  Ешкім де сізге зорлық-зомбылыкөрсетуге,төмендетуге,    мәжбүрлеуге құқы жоқ.

— Конвенция шешіміне сәйкес… сіз еркін жүріп-тұруға, араласуға, еркін өмір сүруге құқығыңыз бар

Конвенция шешіміне сәйкес…. білім алуға, медициналық көмек алуға құқығыңыз бар.

6.«Ойды аяқта »

1.Біреуге ор қазба-

2.Ұрлық түбі –

3.Өтірікшінің құйрығы-

4.Қолыңмен істегенді –

5.Тек жүрсең-

6.Заңды сыйлаған-

  1. «Халық ертегісі ізімен….немесе әңгіме туралы әңгіме»

Үш топқа үш түрлі  мәтін беріледі.Сол мәтінді оқып, әңгімені ауызша жалғастырып немесе құрастырып атауын табады және онда қандай құқықбұзушылық болғанын айтады.

1-топ:  «Өткен заманда бір бай болыпты,ол бір перзентке зар болыпты,зарыға жүріп перзентті болыпты.Бай бір күні жылқысын суғаруға көлге келсе,көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен……»

2-топ:  «Анасы қайтыс болып әкесі екі қызы бар өгей шешесін әкелгелі бұл қыздың көрген күні қиыншылыққа толы болады….»

3-топ: «Ертеде бір шал мен кемпір болыпты.Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп……» 

«Ертеде кішкентай бір қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйікті немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған  күніне…..»
  1. Қорытынды шығару. Рефлексия «Әділдік таразысы»

Балалар, алдымызда тұрған  «Фемида» мүсіні.Ол –әділдік құдайы.

Оның көзі неге байланған?Қалай ойлайсыңдар?

Балалар ол-ешкімді көрмесе де, барлық адам тең құқылы, соттың шешімінің  әділ, тәуелсіз болуын білдіреді. Оның бір қолында қылыш-заң билігін білдірсе, екінші қолындағы әділдік таразысы бар.Таразының бір жағы- заң бұзушылық пен тәртіпті, ал екінші басы – заң, адам құқытарын қорғау мен құрметтеуді білдіреді.

Бізде де бүгін «әділдік таразысы» тұр. Әркім бүгінгі сабақта алған білімдерін өз алдындағы стикерлерге міндеттері мен құқықтарын жазып таразының екі жағына ілсін.Қызыл түс- құқықтар,сары түс -міндеттер.

Әркім өз міндеттері мен құқықтарын сақтаса, таразы басы теңесіп,мемлекетімізде құқық бұзушылықтар болмас еді.

«3 2 1» әдісі:   «3»-қызықты ақпарат

                            «2»- есте сақтайтын нәрсе

                            «1» – қорытынды сөз.

Осымен сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар!


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ