«Менің елім — Мәңгілік ел!» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

0
2934

Биылғы жыл еліміз үшін тарихи жыл. Биыл төл тарихымыздың қайта жаңғырған жылы. Қазақ Хандығына 550 жыл толды.  Тараз жерінде өткізілген ұлан асыр той қазақ тарихындағы қайталанбас күндердің бірі. Бұл күн – тарихтың жаңғыруы, өткен күнге құрмет.\r\n\r\n Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың шешімімен Қазақ Хандығының 550 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде өте жоғары тойланып өтті.  Бұл шараға «Мәртебе.кз»  Республикалық мәдениет және білім порталы да өз үлесін қосты.  Қазақ халқының рухани байлығына жол бастаған Елбасымыздың сындарлы саясатымен әлемдегі  бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге ұмтылып жатқан жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге, тарихын білуге, ділін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, талантты жастардың шығармашылық қабілетін арттыру, сонымен қатар өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді жандандыру мақсатында «Менің елім-Мәңгілік ел!» атты тақырыпта мектеп оқушылары арасында республикалық байқау өткізді. Байқау жұмыстары 10 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қабылданды. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары  22-26 қазан аралығында қаралып,  сарапқа салынды.\r\n\r\nБайқауға Республикамыздың  әр аймағынан барлығы 118 оқушы өз жұмыстарын жіберді. \r\n\r\nСурет номинациясы\r\n\r\nБұл номинацияға келіп түскен жұмыстардың сапасына байланысты екі топқа бөліп қарастырдық. Орта және жоғарғы топты біріктірдік.  Суреттердің тақырыпқа сай келуін, шеберлігін, суретті сөйлете білу мәнерін және суретшінің ой еркіндігіне мән бердік. Осы критерийлерге сай, жұмыстардың ішінде айрықша көзге түсіп, ең үздік жұмыс ретінде танылған Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №249 мектеп – лицейдің 8-сынып оқушысы АМАН Қазынаның жұмысы.\r\n\r\nСарапқа сала келе әділ қазылар төмендегідей шешімге келді.\r\n\r\nОрта және жоғарғы топ:\r\n\r\nБас жүлде — Аман Қазына\r\n\r\n І орын – Әбіртай Назерке\r\n\r\nІІ орын – Малқаждарова Нұрайым\r\n\r\nІІ орын – Усабаева Балжан\r\n\r\nІІІ орын – Әли Ақерке\r\n\r\nІІІ орын – Төлеу Ұлжан\r\n\r\nІІІ орын – Сматуллаев Асылжан\r\n\r\nАлғыс хат – Тәңірберген Аяжан\r\n\r\nАлғыс хат – Қанабек Нұрбақыт\r\n\r\nАлғыс хат – Наурызбай Нұрбек\r\n\r\nАлғыс хат – Жәнібек Аңсар\r\n\r\nҚалған барлық үміткерлер мақтау қағазымен марапатталады.\r\n\r\n \r\n\r\nКіші топ:\r\n\r\nІ орын – Болатбай Құндызай\r\n\r\nІІ орын – Аймағамбет Елжан\r\n\r\nІІ орын – Қызылбай Шынар\r\n\r\nІІІ орын – Көмек Нұрбек\r\n\r\nІІІ орын – Қабыл Дастан\r\n\r\nАлғыс хат – Батаманов Мағжан\r\n\r\nАлғыс хат – Сәрсен Ислам\r\n\r\nАлғыс хат – Тоғыс Динара\r\n\r\nҚалған барлық үміткерлер мақтау қағазымен марапатталады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАқындық номинациясы бойынша\r\n\r\nБайқау жұмыстары ішіндегі сапа жөнінен әлсіз болғаны ақындар номинациясындағы жұмыстар болды. Өкінішке орай, ешқандай оқушы Қазақ хандығының 550 жылдығын жырлай алмаған. Тақырыптың мазмұны ашылмаған. Сол себепті бас жүлдеге лайық оқушы жұмысы болмады. Оқушылардың еңбегін ескеріп, көтерме бағамен ғана төмендегідей нәтиже шығардық.\r\n\r\nЖоғарғы топ:\r\n\r\nІ орын – Мұса Берік\r\n\r\nІІ орын – Жаңабай Бекзат\r\n\r\nІІ орын – Уралбаева Дана\r\n\r\nІІІ орын – Жамбылов Бекен\r\n\r\nІІІ орын – Абдрахманова Айман\r\n\r\nІІІ орын – Шманова Гүлсая\r\n\r\nАлғыс хат – Айтқазина Тоғжан\r\n\r\nАлғыс хат – Дәренұлы Әлішер\r\n\r\nАлғыс хат – Меңдулла Ақжүніс\r\n\r\n \r\n\r\nОрта топ:\r\n\r\nІ орын – Едіге Айболат\r\n\r\nІІ орын – Полатбай Айгерім\r\n\r\nІІ орын – Айтқазина Перизат\r\n\r\nІІ орын – Алғабек Есболсын\r\n\r\nІІІ орын – Қанабек Нұрбақыт\r\n\r\nІІІ орын – Наурызбай Нұрбек\r\n\r\nІІІ орын – Жаңабай Нұрболат (кіші топ)\r\n\r\nАлғыс хат – Көмек Нұрбек (кіші топ)\r\n\r\n \r\n\r\nШығарма номинациясы бойынша\r\n\r\nШығарма жұмыстарының ішінде көңілге қонымды бірнеше жұмыстар болды. Оқушылардың жазуға деген қабілеттілігі көңіл қуантады. Кейбір жұмыстардың  мұғалім көмегі арқылы жазылғаны анық  байқалады. Шығарма жұмыстарының ішінде «Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толады» деген қателіктерге жол берілген. Бұл оқушы мен мұғалім жол бермеуге тиіс қателік деп есептейміз.  Компьютермен теру барысында кеткен қателік шығар деп, түсіністік таныттық.  Қорытындылай келе төмендегідей шешімге келдік.\r\n\r\nЖоғарғы топ:\r\n\r\nБас жүлде – Жамбылов Бекен\r\n\r\nІ орын – Нұртазина Аружан\r\n\r\nІІ орын – Абдрахманова Айман\r\n\r\nІІ орын – Жанғазы Ақгүл\r\n\r\nІІІ орын – Дәулетбай Толғанай\r\n\r\nІІІ орын – Бақытбек Аягөз\r\n\r\nІІІ орын – Айтқазина Тоғжан\r\n\r\nАлғыс хат – Алдасберген Сәулет\r\n\r\nОрта топ:\r\n\r\nІ орын – Срайл Дильназ\r\n\r\nІІ орын – Қайырбаева Ұлпан\r\n\r\nІІ орын   – Төлеуова Дильяра\r\n\r\nІІІ орын – Берғалиева Алина\r\n\r\nІІІ орын  – Өтеген Толқынай\r\n\r\nІІІ орын  –  Бекқожаев Нұрпейіс\r\n\r\nАлғыс хат – Алмазұлы Санжар\r\n\r\nАлғыс хат – Жайырбекова Диана\r\n\r\nАлғыс хат – Жұртыбекова Шырын\r\n\r\nАлғыс хат – Нұрмұғамбет Маралым\r\n\r\n \r\n\r\nКіші топ:\r\n\r\nІ орын – Жаңсап Бейбарыс\r\n\r\nІІ орын – Тілеухор Ерасыл\r\n\r\nІІ орын – Қожамұратова Арайлым\r\n\r\nІІІ орын – Нұрымбетов Нұржан\r\n\r\nІІІ орын – Нұрлыбай Әліби\r\n\r\nАлғыс хат – Тайманова Нұрай\r\n\r\nҚалған қатысушылар мақтау қағазымен марапатталады.\r\n\r\n \r\n\r\nОқушылардың шығармашылық жұмыстары арнайы жинаққа енеді.  Диплом және жинақ жөнінде сайыс анкетасында көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласатын боламыз. Жинаққа қатысты сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарлассаңыздар болады 87029812964.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ