Меншік:  мәні,  қатынастары,  мағынасы иесі

0
15941
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан.

 Жоспары:

1 Меншік:  мәні,  қатынастары,  мағынасы иесі 3
1.1 Меншік құқығы, субъектілері және объектілері 5
1.2 Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері 9
2 Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

 

13

2.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі.

 

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері.

 

 

  Қорытынды  

 

1 Меншік:   мәні,  қатынастары,  мағынасы  иесі

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. “Меншік” белгілі бір затты жеке мүлік адамның иеленуінен шыққан. Меншік қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншікті екі мағынада  қарастыруға болады: құқықтық мағынада және экономикалық категория ретінде. Меншік құқықтық мағынада мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерге: иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттігін алады. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

Ендігі басты мәселе – меншіктің мәні туралы. Жалпы меншік дегеніміз не? Міне, осы сұраққа жауап іздеп көрелік.

Меншік дегеніміз — өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасындағы туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік дегеніміз – материалдық және рухани игіліктерді пайдаланумен, оларды өндіру шарттары туралы адамдар арасындағы қатынастарды білдіреді. Басқаша айтсақ, меншік бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік қатынастары иемдену, пайдалану, айналыс, тұтынудан тұрады. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Қандай да бір материалдық игілікті өндіру – адамдардың  өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен энергияны  иемдену болып табылады. Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп  отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін өндірместен  иеленді.

Мысалы: аңшылық, балық аулау, терімшілік және т.с.с. Әрі қарай, өндірістің  пайда болуы мен  дамуына орай иемденуге тек табиғат өнімдері емес, сондай – ақ адамдар өндірген өнімдер жатады. Иемдену – адамдар арасындағы экономикалық байланыстарды  бейнелейді, егер мына зат менікі десе, онда бұл жайт қалыптасып үлгерген шаруашылық байланыстарын сипаттайды және бұл мүлікті кімнің иемденуге құқығы бар, ал кімнің құқығы жоқ екендігін көрсетеді. Иемдену әрдайым белгілі  бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады…

Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге  асырылса, жеке иемдену (жеке меншік) айқын көрінеді. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену (қоғамдық меншік) орын алады. Біз меншік қатынастары  меншік  нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады дедік. Айталық, өндіріс құралдарына меншік  иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын болсын. Ол басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір жағдайларда мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігін иелену, пайдалану мен керегіне  жарату заңды құқығына ие болады. Мұндай қатынастарға мысал ретінде жалға беру – меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Осыған байланысты бірнеше жағдайларды мысал ретінде ұсынайық:

1- ші Жағдай. Сіздің сағат жөндейтін шеберханаңыз бар делік және өзіңіз сағат жөндеумен шұғылданасыз. Бұнда шеберхана иесі де, шеберхананы пайдаланушы да, еңбек нәтижесінің иесі де тек  қана сіз боласыз.

2-ші Жағдай. Жаңағы, меншігіңіздегі сағат жөндейтін шеберханаңызды өзіңіз пайдаланбай (онымен шұғылдануға уақытыңыз жоқ) жалға бердіңіз. Жалгер өзі атқарған жұмысына жалақысы үшін шеберхана табысын иемденеді. Бұл жағдайда шеберхана иесі – сіз, шеберхананы пайдаланушы – жалгер, еңбек нәтижесінінің иесі – жалгер болады. Ал сізге тиесілігі жалдау төлемі.

3-ші Жағдай. Барлығы 2-ші жағдайдағыдай, бірақ жалгер өзі жұмыс істемейді, сіздің шеберханаңызда өзінің жобасын жүзеге асыратын жұмыскерлерді жалдайды, және жалданған жұмыскерлердің еңбек нәтижесін өзі иемденеді. Сіз өз шеберханаңыздың ақысы үшін жалдау төлемін иемденесіз, ал жалданған өзіне тиесілі жалақысын алады.

Бұл жағдайлардан мынаны көруге болады: меншік иесі, уақытша иесі, еңбектің нәтижесін. Бұдан барып (жаңағы жағдайлардан) “меншік табыс әкеле бастаған сәттен өзін экономикалық жағынан ақтай алады” деген қорытындыға келеміз. Осы меншік қатынастарының нәтижесінде меншік иесі пайда болады. Меншік иесінің үш түрлері бар:

  • потенциалды меншік иесі (мұрагер)
  • меншік иесі заттарды тұтынушы ретінде. Бұл жерде меншік иесі толық құқыққа ие емес.
  • толық меншік иесі. Ол заттардың толық құнының меншік иесі және бөтенсу құқығына ие.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез – келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, мүлікті кепілге, жалға беруге құқылы.

1.1  Меншік құқығы, субъектілері және объектілері

Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталады. Объективті мағына тұрғысынан  алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективти мағынада белгілі тұлғаның  нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188 бабында меншік құқығының ұғымы мен мазмуны берілген. Нақтырақ айтқанда, оның 1-ші тармағында былай делінеді: “Меншік құқығы – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану  және иелік құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы”.

Меншік құқығы былай жіктелінеді:

  • иемдену құқығы
  • пайдалану құқығы
  • басқару құқығы
  • табысқа құқығы
  • егемен құқығы
  • қауіпсіздікке құқығы
  • игілікті мұрагерлікке беру құқығы
  • игілікті мәңгілік иемдену құқығы

Бұл құқықтардың барлығы меншік иесіне берілген құқықтар. Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни тұлғаның өз қалауынша  мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командироваға кеткенімен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің  қол сұғуына құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуіде ықтимал. Мысалы: жалға беру және тағы басқа шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін. Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен  оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзгеде нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының ортасында тығыз байланыс бар. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне  байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т.б. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Меншік қатынастарының экономикалық мазмұнын меншік субъектісі мен  объектісі береді. Меншік субъектісі – меншік қатынастарының белсенді жағы. Олар меншік объектісін иемденетін, оған билік ететін және пайдаланатын адамдар. Енді меншік субъектілерін атап өтейік:

Адам, тұлға – меншіктің бастапқы субъектісі болып табылады. Ол ең алдымен ол дене қуатының, қарым – қабілетінің, жұмыс күшінің қожасы. Сонымен қатар, адамдар өзінен тыс басқа да заттарға ие бола алады.

Отбасы – бұл да меншіктің көп тараған субъектісі. Отбасы мүшелері үйі – ішінің жиған мүлік – жиһаздарының  иесі.

Әлеуметтік топтар — өз еріктерімен пікірлес болған топтардың өз меншіктері болады. Олардың мүдде – мақсаттары мен ынта жігері  бірімен – бірі сәйкес келеді/бірлестіктер, қорлар, кәсіподақтар/.

Кәсіпорындардың  еңбек ұжымдары – бір кәсіпорында жұмыс істейтіндері көп жағдайда бір ғана ұжымдық иелер рөлін атқарады

Территория халықтары – қандай да бір болсын аймақта қоныстанған халық сол ауқымды орналасқан кейбір объектілердің иесі бола  алады.

Ел халқы – жалпы халықтың дәулеті болып саналатын, елдің ұлттық байлығының белгілі бір бөліктерін  иемденеді.

Басқару  бөлімдері —  кәсіпорындардың басқарушыларынан бастап, ел үкіметіне дейін меншік иелерінің қызметін атқарады.

Көптеген меншік объектісінің құрамын және мазмунын түсіну үшін олардың маңызды деген түрлеріне тоқталып өтейік.

Жер, жер учаскелері, жер кеңістіктері, пайдаланылатын жер – меншіктің көп тараған объектілері болып саналады. Оларды әр түрлі субъектілер құрылыс  жүргізу,  ғимараттар салу, коммунициялар жүргізу және әр түрлі өсімдіктер, дәнді – дақылдар егу, мая өсіру мақсатымен, жайылым – шабындық ретінде, сонымен қатар, адамдарға, қоғамға қажетті шикізаттар алу үшін де пайдаланады. Сондықтан да жердегі құрлық атаулы, әрбірден соң бүкіл әлем де меншік объектісі  бола алады.

Табиғат байлығы —  меншіктің тағы да бір көп қырлы объектісі болып табылады. Ол: пайдалы қазбаларды, жер – су байлығы мен ондағы тағы да көптеген пайдалы  заттарды, ауа орталығын қамтиды.

Әлеуметтік- мәдениет ғимараттары. Бұларға ең әуелі үй – құрылыс қорларымен қоса, адамдардың өмір тарихында қорлана берген байлық құрамындағы меншіктің күрделі объектілері жатады.

Негізгі өндірістік қорлар — өндіріс процесіне тікелей қатынасатын өндірістік ғимараттар, құрылыстар, құрал саймандар мен әр түрлі жабдықтар, машина, агрегаттар, прибюорлар ретінде меншік объектілерінің едәуір бөлігін қамтиды.

Өндірістік /материалдар, шикізаттар, энергия/ және өндірістік емес/күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар мен киім – кешек, үйшілік заттар және басқа мүліктер/ сфералардағы пайданылатын бағалы материалдық мүліктер. Бұлар меншіктің әр алуан объектілері болып табылады.

Ақша, валюта және бағалы қағаздар. Бұлар да меншік объектілері. Олардың басты ерекшеліктері: материалдық – заттық бағасында емес –құндылығын да, дәлірек айтқанда, құннан көрініс алатын меншіктер екендігіне байланысты.

Аса қымбат асыл заттар – алтын, күміс, платина, алмас, бриллиант тағы да басқалары. Бағалылық  және заттық жағынан да меншіктің біртұтас объектілері болып саналады.

Рухани – ойшылдық, ақпараттық ресурстар мен өнімдер… Адамдардың  ақыл – ойының, ойлағыштық әрекетінің  нәтижесі болғандықтан, меншіктің ерекше объектілері болып табылатыны анық.

Бұлар интеллектуалды меншіктің объетілері — ғылымның, әдебиеттің, көркемөнердің, жобалардың және т.б. табыстары.

Жұмыс күші —  адамдардың еңбек әрекетіне қабілеттілігінің, еңбек потенциалының көрінісі. Бұлар әр адамның өз меншігіне жататын объектілер.

Сонымен, меншік қатынастары әр түрлі объектілер бойынша қалыптасады. өндіргіш күштерінің дамуы барысында олардың құрамдары мен құрылымдары кеңейіп, сапасы өзгереді. Соған байланысты меншік қатынастарының құрамына көптеген сапасы жоғары объектілер енуде.

1.2 Меншік формалары және оларды өзгерту әдістері

Меншік – қашанда белгілі бір тарихи формаларда пайда болып дамиды. Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі.

1- рулық қоғам меншік типі ( алғашқы қауымдық меншік, отбасы  меншігі)

2- Құл иеленушілік меншік  типі және көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі (бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы)

3- Меншіктің капиталистік (буржуазиялық) типі. (жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы)

Бұл  типтер меншіктің қоғам бойынша алынған түрлері. Қоғамдық меншік дегеніміз бәрімізге ортақ игілік, яғни белгілі бір әлеуметтік немесе өндірістік қауымдастық шеңберінде әркім ортақ игіліктен  өзінің үлесін алу құқығына ие деген сөз. Мәселен жер шары адамзатқа ортақ игілік, ал өндіріс құрал жабдығы ретінде әртүрлі мемлекет шегіндегі ұлттар мен ұлыстардың өмір сүру ортасы санатында меншік нысанына айналады.

Меншіктің тарихи бастамасы ортақ меншік. Ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп иеленуге негізделді. Құқықтық мағынадан қарағанда мысалы мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да көп тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда бір материалдық объектіге бірнеше субъектілік меншік құқығы пайда болады. Айтылған екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мисалы: екі азаматтың меншігінде бір тұрғын үйдің болуы.

Ортақ меншіктің екі түрі бар: үлестік және бірлескен. Егер де мүлікте меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілі болса, онда мұндай ортақ меншікті үлестік меншік дейді. Үлесті меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық қатысу-шыларының келісуімен жүзеге асырылады, сонымен қатар, үлесті меншіктегі мүлікті иелену де, пайдалану да оның барлық қатысушыларының ықыласымен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Ортақ бірлескен меншікте қатысушыларының үлестері белгіленбеген, сондықтан да олардың  үлестері мүлікте тең деп есептелінеді. Бірлескен ортақ меншіктің мынадай түрлері болуы мүмкін:

  • ерлі – зайыптылардың ортақ меншігі
  • шаруа қожалығының ортақ меншігі
  • жекешелендірілген тұрғын үйге орта меншік.

Сонымен қатар, заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері кездесуі мүмкін. Бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың арасындағы, келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады.

Ортақ меншіктен кейін жеке меншік  пайда болуы. Ол еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді, яғни өз еңбегіне және өзгенің  еңбегіне негізделген түрлері.

Меншіктің  бұл түрлері еңбекке байланысты. Өз еңбегіне негізделген жеке меншік субъектілері жеке шаруа қожалығы, қолөнершілілер және басқа адамдар. Бұлар өз еңбегімен өмір сүреді. Олар, бір жағынан, өз меншігінің иесі, екінші жағынан, тікелей жұмыскер болып табылады. Өзге адамның еңбегіне негізделген жеке  меншік —  өзгенің еңбегі есебінен баюға бейімделеді.

Меншіктің басты формаларының бірі – ұжымдық меншік. Ұжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып  және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншік мемлекеттік кәсіпорынның мемесе басқа да субъектілердің барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті  сатып алған немесе заңда көзделген басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған табыс – олардың ортақ игілігі болып табылады. Ұжымдық меншіктің: кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның  шаруашылық ассоциацияларының /бірлестіктерінің/, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және діни ұйымдардың меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады.

Меншіктің келесі түрі – мемлекеттік меншік. Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді.

Енді бүгінгі өтпелі кезеңдегі жаңа меншік формаларын қалыптастыруға көшу болып отыр. Ол үшін әлемдік тәжірибеде бар өзгерту  әдістерін қолданады. Ондай өзгерту әдістеріне ұсттандыру, жекешелендіру, денационализация жатады.

Ұлттандыру (наңлонализация) – бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына (жер, өнеркәсіп, көлік, банктер) жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп  және қандай тарихи кезеңде  жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік – экономикалық және саяси мәнге ие болады. Ұлттандыруға қарама – қарасы процес жекешелендіру болып табылады.

Жекешелендіру (лат, privates —  жеке) – бұл мемлекеттік немесе муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен компанияларға жалға беру, болшектеп, мысалы акциялардың тек бір бөлігінің сатылу мүмкіндігі, денационализация мен реприватизация түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Денационализация – ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруда білдіреді. Қазіргі кезде бұл процесс Балттық елдері – Эстония, Латвия, Литвада кеңінен іске асырылуда.

Реприватизация – бұл жеке меншік иелерінен бастапқы кезде сатылып алынған  кеісіпорындар, жер банктер, акциялар және тағы басқа сияқты мемлекеттік меншікті жеке еншікке қайтару. Реприватизацияның денационализациядан айырмашылығы, әдетте ол мемлекеттік билік актілерімен жүргізіледі.

Жекешелендіру экономикадағы мемлекет билігін  шектеу сияқты анағұрлым ірі процестің бір бөлігі болып табылады. Мемлекет иелігінен алу, оның билігін шектеу – бұл өндірісті тікелей мемлекеттік — әкімшілік реттеуден басым түрде нарықтық механизмдер негізінде реттеуге көму.

Мемлекет иелігінен алудың нәтижелері: бірінші ден, меншік құрылымы жеке меншік пайдасына қалай өзгереді. және қоғамдық құрылым қысқарады. Екіншіден, мемлекеттің экономикалық ролі мен қызметі өзгереді: мемлекет шаруашылық жүргізуші  тұлға болмайды және экономикалық процестерді директивалар арқылы емес, өмірдің экономикалық жағдайларын өзгерту арқылы реттейді, міндетті мемлекеттік тапсырыстардың орнына мемлекеттік сатып алулар келеді, мемлекет ресурстарды бөліп тарату функцияларын жүзеге асыру міндетінен босайды, біртіндеп сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия жойылады.

Міне, осы аталған әдістер арқылы меншік формаларын өзгертуге болады.

2 Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

Республикамызда нарықтың қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру ен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты . Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.

Қазақстан Республикасының “Меншік туралы заңының” біршама ерекшеліктері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік  алуан түрлілігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің  болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл Заңда отбасы мен шаруа қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге, қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне аранлған арнайы баптар бар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 -шы бабында /1995жыл 30-шы тамыз/ былай айтылады:

  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік және бірдей қорғалады.
  2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық игілікке қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктерді заңмен белгіленеді.
  3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өнімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай – ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Жеке меншік азаматтардың  және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен  олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады.

Мемлекеттік меншік өзі атын айтып тұрғандай мемлекеттің  меншігі. Республика аумағындағы мемлекеттік меншіктің субъектісі  Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі мүмкін.

Мемлекеттік меншік  республикалық және коммуналдық меншік болып екіге бөлінеді.

Республикалық меншік республикалық қазақстан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен турады. Республикалық бюджет қаражат, алтын –валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік  заңды тұлғаларға бекітіліп өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Ресапубликасының қазынасын құрайды. Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғалардға бекітіліп мүліктен  тұлрады.

Дәл казіргі сәтте Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік меншік, сонымен қатар, осы екеуіне тән  негізделген меншіктің әр түрлі түрлері заңды деп саналады. Олар:

  • Арендалық кәсіпорынның меншігі;
  • Кооперативтердің меншігі ;
  • шаруашылық қоғамы мен серіктестіктің меншігі;
  • Акционерлік қоғамның меншігі;
  • Ассоциациялардың және бірлестіктердің меншігі;
  • Қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі;
  • Діни ұйымдардың меншігі.

Сонымен, нарықты экономикаға көшуге байланысты меншік қатынастарын қайта құру өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Меншік формаларының бүкіл қоғамдық организмнің  өзін — өзі ұйымдастыру, өзін — өзі реттеуінің қажетті шарты. Бұл жағдайда меншіктің әр түрлі формасы өз орнын табады. Меншіктің әр түлрлі формалары бұл олардың механикалық жиынтығы емес, олардың динамикалық біртұтастығы, олардың бір – бірімен диалектикалық өзара байланыстылығы.

2.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі.

Рыноктық экономикаға көшу меншік қатынасын түбірімен өзгертуді талап етеді. өйткені, шаруашылық субъектілері рынокта өз жұмыстарына өздері жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, еңбек нәтижесін толық мағынада иеленетіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен шығу үшін рынокта ресурс иелері бір-біріне қарама-қарсы әрекет етіп, жұмысты тиімді ұйымдастыру шарт.

Советтік кезеңде мемлекет меншігінің үлесі шамамен 90 прроцентке дейін жетті, ал одан басқа колхоздардың, кооперацияның, жеке азаматтардың үлесі өте аз мөлшерде болғаны ақиқат.

Міне сондықтан да меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру рынокке көшу барысындағы аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі, қиын жағдайда әлеуметтік ахуальды бәсендетуде, еңбекшілерді әлеумметік қорғауда, олардың тұрмыс жағдайын, тікелей жақсартуда мемлекет күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін шаруақорлықпен пайдалана білетіндерге беру тиімді болары сөзсіз. Екіншіден, өндірісті дамыту, баға мен өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенге шейін, халық шаруашылығын тұрақтандыру мақсатымен, бақылаудан шығып бара жатқан инфляция құбылысын реттеу үшін финанс- кредит қатынасын қатты қолда ұстау қажет, яғни шығындарды азайту мақсатымен жоғарғы салық ставкасын, жоғарғы банк процентін енгізу керек. Әрине, мұндай жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайтыны халыққа ауыртпалық салатыны да белгілі. Ал, рыноктық қалыпты қызмет етуі үшін монополиялық үстемділікті жою және жекешелндіру өте қажет. Мемлекеет иелігінен алудың мәні мынада. Тотенше мемлекеттік экономиканы көп укладты аралас экономикаға көшіру. Ол болса, мемлекетті бір орталықтан басқару қызметінен босатып, көп меншілітілі басқару формасына көшуді қамтиды. Бұл процестің өзі өте күрделі, ал меммлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әрқилы. Олай дейтініміз, біріншіден мемлекет иелігінен алуды меншік иесін ауыстырмай, тек орталықтан басқаруды өзгерту жолымен жүргізуге де болады. Дегенмен түбінде меншік қатынасын алмастыруды күн тәртібіне қояры сөзсіз. Мысалы, аренда кезінде негізгі қорлар иесі өзгермейді, алайда оның өніміне, айналым қорларына арендатор иелік етеді, осымен байланысты меншік қатынасы да өзгеше сипатқа ие болады. Ал, аренда кезінде сатып алу болса, бұл жекешелендіруді көрсетеді.

Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада жеке азаматтар, заңдық мағынада- кәсіпорындар, ұйымдар. Жекешелендіру субъектісі еңбек коллективі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қазіргі әйгілі коллективтік кәсіпорын идеясы орын алады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектілері- мемлекеттік мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекет кәсіпорындарының финанс активі, тұрғын үйі қоры т.б.

Сонымен, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік меншіктің басым көпшілігі жаңа субъектілерге көшуі тиіс, сөйтіп, ресустарды пайдалану мен ұдайы өндірудің экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік әділеттілкті ұштастыратын болады.

Ал, мемлекеттік меншікті үлестіре салу оп-оңай мәселе емес, ол, үлкен талдауды, заңдылықты талап етеді.

Парламентіміз қабылдаған заң актілерінде, дағдарысқа қарсы бағдарламада, ақырында, 1993-1995 жылдарға арналған мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасында мемлекеттік меншікті одан әрі өзгертудің жолдары айқын белгіленеді. Сансыз кедергілерге тап болып, қолды бір сілтегендер де, ісі ыңғайға келмей, әрі сәрі күй кешкендер де жетіп жатыр. Ал енді осы шақтағы бейберекетсіздік пен бақылаусыздықты, ақшаның құнсыздануын, бағаның тұрақсыздығын пайдаланған алып сатарлар толып кетуі қынжырлық жәй. Осындай бұра тартушылық пен жасырын жекешелендірушілік басым түскен бірінші кезең осымен аяқталады. Бұрын еңбек стажына қарай әр адамға тұрғын үй купондары есептелген. Енді әр адам 100 /қалада/ 120 /селода/ инвестициялық купондар тиесілі болды. Міне, мемлекеттің тең мүмкіндік беруі осы, мемлекет бағыт сілтейді, басқа да ұйымдық шаралар жүргізеді. Кәсіпорындарда акциялардың 20% ұжымға, 5% басшылыққа дегендей әңгіме болды. Ал енді адамдардың бәрі бірдей кәсіпорындарда емес қой, сонда басқа қызметкерлер неңің 20% алады. Сонымен бірге бірінші кезеңде бізде жұрттың бәрін мүлікті, мүлік иесі етеміз деп келдік. Бұл болмайтын нәрсе еді. өз еңбегімен адал тұратын 100 отбасын алып қарасақ, солардың әрқайсысы еңбегіне, қабілетіне, ұмтылысына қарай әрқалай тұрады. Бірінші кезеңде істелген жұмыстар мен жиналған тәжірибелер біздің кең ауқымды жекешелендіруге кірісуімізге мүмкіндік береді. Сындарлы элемент ретінде жекешелендіру бірқатар маңызды әлеуметтік экономикалық міндеттерді шешуге тиіс. Сондықтан да екінші кезеңде мемлекет меншікті ауыстырудың бірыңғай саясатын жүргізуді алға қойды. Мемлекет тарапынан нені жекешелендіру керек, нені мемлекеттен сатуға, сатып алуға болады, осы мәселелерді реттейтін әділ экономикалық тетік қажет болатын. Бұл үшін әрбір адамға сыбағайлы акцияларын үлестіруді белгілі бір тәртіппен анықтау қажет еді. Жеке меншік иесі болу әркімді де еңбек өнімділігін арттыруға, өнімді көп шығаруға жетелесе керек. Бұған дәлел ретінде осы жекешеленген кәсіпорындар мен ұйымдардың жекелеген шарушылықтардың даму қарқынын айтуымызға болады. Мысалы, жекешелендірудің нәтижесінде 482 кәсіпорында 59 миллиард сомның өнімі өнділген. Агроөнеркәсіп кешенінде 553 шаруашылық республика бойынша жалпы өнім көлемінің 38,7 проценті мөлшерінде өнім өндірген. Міне, бұл жетістіктердің арқасында республикалық арнаулы есепшотқа 3,3 миллиард сом және жергілікті есепшоттарға 850 миллион сом түсті. Жекешеленген кәсіпорындардың жалпы саны 1993 ж-7 мыңнан асты, шамамен 68 процент –сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыс қажетін өтеу, коммуналдық шаруашылық объектілері. Бұл процентермен бір мезгілде бір сыпыра орта және ірі кәсіпорындарда акционерлік қоғамдар етіп қайта құру жұмысы да жүргізілді. Жарғылық қоры 23 миллиард сом болатын 522 кәсіпорын қайта құрылды. Жекешеленген объектілердің 32 проценті бұрынғысынан тәуір, тиімді істесе, 29 проценті сол деңгейде қалған, өкінішке орай 25 процентке өнім шығару кеміткен, ал 14 проценті тоқтап қалған енмесе жұмыс істейтін адамдар санын қысқартуға мәжбүр болған. Қазақстан республикасының ерекше меншігі болып табылатын жер, оның қойнауы, су және кеңістіктегі, тарихи ескеркіштерден басқа да кәзіргі меншіктің 51 проценті қалады деп есептелінеді. Осы жерде бір айта кететін мәселе бұл оқу, мәдениет, деңсаулық сақтау жүйелерін жекешелендіру мәселелері болып отыр. Жекешелендірудің басты мақсаты- өнім өндіруді, қызмет көрсетуді және оның сапасын жақсартуға бұрынғыдан арттыра түсу, қоғамдық байлық молшылдығын жасау, халықтың тұрмыс дәрежесін жаңа сатыға көтеру.

Сонымен Қазақстан республикасында 1992 жылы басталған экономиканы рыноктық қатынастарға көшірумен байланысты реформа белсенді жүріп жатыр. Міне, осы кезеңде көпукладты экономиканы қалыптастыру процесі қарқынды жүрді. 1995 жылдың аяғында республикада әрекет ететін 91,3 мың шаруашылық субъектілерінің 73,4 мың мемлекеттік емес секторда болды. Сол жылы өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 30,4 проценті, ауылшаруашылығында жалпы өнімнің 38,9 процентін де осы сектор құрады. Республикада орта және кішігірім бизнес кеңесінен дамыды. Басқа факторлармен бірге мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі де оған әсерлі ықпалын тигізді. 1993-1995 ж.ж. шағын жекешелендіру бағдарламасына сай аукцион арқылы тағы да 2 мың кәсіпорын сатылды; 2130 совхоз бен ірі деген ауыл шаруашылығы кәсіпоындардың 93 проценті мемлекеттік иелігінен алынып жекешелендірілді. Осының нәтижесінде мемлекеттік емес сектор, меншік иесі таптары құрылып, жекешелендірілген кәсіпорындарының 60 проценттік уставтық қоры жеке қолға өтті.

1993-1995 ж.ж. үкімет тарапынан қарқынды жүргізілген қатаң монетарлық саясат макроэкономикалық дәрежеде кейбір тұрақтылыққа қол жеткізді. 1995 ж. өзінде 1994 ж. Салыстырғанда инфляция дәрежесі 160 процентке төмендеді, жалпы ішкі өнім өндірісінің төмендеуі 8 прцентке, бюджет тапшылығы 3 процентке төмендеді. Сол 1995 ж.ең алғашқы рет сыртқы сауда айналымында оңды қалдыққа қол жетті. 1996 ж. басында жеке қолға 60 процент жекешелендірілген өндіріс орындары өтті. Соның ішінде 1/3 бөлігі ақшалай, тағы да 1/3 бөлігі жұмысшылардың қолындағы капитальды құрайды. Сол сияқты ұлттық валюта енгізіліп, оның болжамды курсын тұрақтандыруға қол жетті.

2.2  Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері.

Республикамызда нарықтық қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Нарық экономикасының өту кезінде мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі еңбекшінің бөтенсуін тоқтатып, олардың қожайындық сезімін қалыптастыру болды. Ол үшін меншікті мемлекет иелігінен алып жеке меншік қатынастарының қалыптасуына жағдай жасау қажет болды. Сол себепті елімізде жекелендіру жүргізіле бастады.

Қазақстан Республикасында меншіктің алуан түрлерін қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен не иелігінен алу және жекешелендіру жолымен жүзеге алырылады. Меншік туралы Заңының 1- бабында мемлекет иелігінен алу –мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіліктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге субъектілерге беру арқылы қайта құру. Ал жекешелендіру мемлекеттік меншік объектілерін азаматтардың және басқа да заңда  тұлғалардың жеке меншігіне беру дегенді білдіреді.

Қазақстанда жекешелендіру 1991 жылдан басталып, бірнеше кезеңнен өтті.

1 — кезең  1991- 1993 жылдар аралығы

2 — кезең 1993 – 1995 жылдар аралығы

3 — кезең 1996-1998 жылдар аралығы

4 — кезең 1998- жылдан кейінгі

Жекешелендірудің бастапқы кезеңі 1991-1993 жылдары аралығында жүргізілді. Алғашқы кезеңі аясында бірсыпыра шаралар қабылданды 7000 – ға жуық кәсіпорын ресми түрде жекешелендірілді. Ол жұмыспен қамтылудың 12% -ын қамтамасыз ететін мемлекеттік кәсіпорындардың 10% — ын құрайды. Жекешелендірудің бастапқы кезеңі барысында қорлар, ең әуелі кәсіпорындардың ұжымдары мен басшыларына сатылды. Бұл сату жөніндегі операциялар тиісті айқын ережелердің болмауы себепті мемлекет мүддесіне зиян болып тиді. Сондықтан мемлекет 1993 жылдың ақпан айында үкімет бәрін қамтитын бағдарлама қабылдағанға дейін, кәсіпорындарды одан әрі сатуды тоқтатты. Осы 1-ші кезеңде республикада 4500 – ден астам әртүрлі республикалық және коммуналдық меншіктердің объектілері қайта құрылды. Өндірістегі орта және ірі кәсіпорындарды акцияландыру процесі жеделдетілді. Аграрлық актор бойынша, 447совхоз жекешелендірілді.

1993ж. 5 наурызда «Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу мен жекешелендіруді жүргізудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы» туралы Президенттің Жарлығы шықты. Осыны орындау мақсатында мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет бірқатар нормативтік құжаттар пакеті мен оны жүзеге асырудың календарлық – жоспар графигін әзірлеп, қабылдады. Олардың ішіндегі аса маңыздылары: «Жекешелендірудің инвестициялық купондары туралы ереже», «Инвестициялық жекешелендіру қорларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» және т.б. Сөйтіп, жалпы саны 6 құжат қажеттерді әзірленіп, бұлар негізінен 1993жылдың  шілде айынан жүзеге асырыла бастады. Соларға сәйкес әуелі кіші жекешелендіру жүргізілді. Ол негізінен! бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, турмыстық қызмет көрсету, сондай – ақ жұмысшыларының саны 200-ден  аспайтын кішігірім  өнеркәсіп орындарын қамтыды. Кіші жекешелендірумен қатар, жаппай және жеке жобамен жекешелендіру жұмысы да жүргізілді. Мұның міндетті шарты —  мемлекеттік кәсіпорындарды алдын- ала акционерлендіру болып табылады. Осыған байланысты 2-ші кезеңдегі жекешелендірудің  ерекшеліктері де аз емес. Мәселен, тау- кен өндіріс, металлугия, химия өнеркәсіпбінің, сондай – ақ қорғаныс саласының  ірі кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекешелендірілді.

Жаппай жекешелендіру бағдарламасы 1993жылы шілде айында инвестициялық қор құрудан басталды. онан соң 1993 жылдың қазан айынан бастап халық арасында жекешелендіру  кутондарын тарату қолға алынды. Жүздеген фирмаларды акционерлік компанияға айналдыру, сондай –ақ қоғамдық ақпарат компаниясын жүргізу істеріне дайындықтар жасалды. 1994 жылы наурыз айында алғашқы ірі аукциондар сериясы өткізілді. Барлық еңбеккерлерді жекешелендірумен қамтамасыз ету үшін, жалпы мемлекеттік мүліктің бір бөлімін Қазақстанның барша азаматтарына тегін беру мақсатында Қазақстан Республикасында жекешелендірудің инвестициялық купондар жүйелі енгізілді.

Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің  қорытындысы:

  • Жекешелендіру халықтың психологиясына көңіл қоймастан, бір сәттің ішінде меншік иесі болып шыға келу мүмкін еместігін ескерместен, тиісті дайындықсыз жүргізілді.
  • Еңбек ұжымдары меншік иелері бола алмады.
  • Жекешелендіру процесі кезінде мүліктер: негізгі және айналымдағы қаржы, қаржылық активтер, бітпеген құрылыстар, орнатылмаған жабдықтар, тұрғын үйлер қорынан өзге басқа да құндылықтар дұрыс бағаланбады.

Қорытынды

Меншіктің тарихи бастамасы ортақ меншік. Ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін бірігіп иеленуге негізделді. Құқықтық мағынадан қарағанда мысалы мүлік тек бір тұлғаға ғана емес, екі немесе одан да көп тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда бір материалдық объектіге бірнеше субъектілік меншік құқығы пайда болады. Айтылған екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мисалы: екі азаматтың меншігінде бір тұрғын үйдің болуы.

Жекешелндірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорынды сату. Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады. Ал, екінші бір қарапайым формасы кәсіпорын мүліктерін түгелдей бөліп беру жолы.

Ал бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға айналдыру.

Пайдаланған әдебиет

  1. Г. Поляковский. Жилищная экономика. М, Дело, 1996г.
  2. Джек Фридман, Николас Ордуэй. Анализ и оценка приносящей доход недвижимости. М, Дело, 1995г.
  3. А.Б. Крутик, М.А. Горенбургов, Ю.М. Горенбургов. Экономика недвижимости. С-П, Лань, 2000г.
  4. С.Н. Максимов. Основы предпринимательской деятельности на рынке недвижимости. С-П, Питер, 2000г.
  5. И.Т. Балабанов. Экономика недвижимости. С-П, Питер, 2000г.
  6. Закон Республики Казахстан «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94-1. (Ведомости Парламента РК, 1997г, №8, ст.84).
  7. Гражданский кодекс Республики Казахстан.
  8. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 января 1992 года № 66 об Утверждении Положения о приватизации государственного жилищного фонда в Республики Казахстан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ