Меншікке салынатын салықтарды есептеу және төлеу тәртібі

0
2013
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң “Қазақстан-2030” халқымызға арналған  жолдауында  елiмiздiң экономикалық болашағына айрықша назар аударған.

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

1. Меншікке салынатын салықтарды есептеу және төлеу тәртібі

1.1 Меншiк салығының объектiсi мен субъектiсi және салық

       салынбайтын айналым

1.2.  Меншiк салығының ставкалары

1.3 Меншiк  салығын есептеу механизмi және нысанын толтыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кiрiспе

Нарықтық экономиканы тереңдету, қоғамдық өмiрiмiзге әрқилы жаңаша өзгерiстер енгiзе отырып, өзiнiң талабын қойып келедi. Президентiмiздiң “Қазақстан-2030” халқымызға арналған  жолдауында  елiмiздiң экономикалық болашағына айрықша назар аударған. Мұнда көрсетiлген мүмкiндiктер табалдырығына бiз қалай жетемiз? Бұл ретте Елбасының “Қазақстан-2030” жолдауында қойып отырғандай “Егер салық пен жарналарды толық жинай алмасақ, өзiмiздi бiз қуатты мемлекет ретiнде сезiне аламыз ба”-деген сұрағына ерекше көңiл аудару керек.

Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң тұрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады.

Мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi кiрiс көзiнiң көп бөлiгiн қамтитын салықтардың бiрi меншiкке салынатын салықтар        болып табылады. Қазақстан Республикасындағы меншiкке салынатын салық бюджетке түсу сомасы бойынша да маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, меншiк салығы ең кең тараған салық тұрiнiң бiрi. Ол жеке және заңды тұлғалараға қатысты болып табылады. Кез-келген жеке және заңды тұлға мiндеттi тұрде салық төлеуi қажет. Салықтан тек жеңiлдiк берген кезде ғана босатылады.

Сонымен қатар, меншiкке салынатын салық ең кең тараған және айтарлықтай салық салу тұрiмен қатар, салық салу механизмi ең күрделi және ең қиын тұрi. Ал бұл салық салудың моделiнiң күрделiгiне байланысты ғана  анықталмай, осы салық реттелiп отыратын заңдылықтың дұрыс орындалмауына да байланысты анықталады. Яғни, бұл заңдылықтың қиындығын және қолдану мүмкiндiгiн салық төлеушiлер ғана емес, салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы бейхабар болуына байланысты, өз мүдделерiн қорғауларына мүмкiндiк болмайды.

Меншiкке салынатын салықтың кең таралуына және салық төлеушiмен мемлекет бюджетiне жалпы әсерiнiң айтарлықтай дәрежеде болуына байланысты, ол туралы заңдылықты бiлудiң қажеттiлiгi өте зор болып отыр, яғни бұл заңдылықты салық төлеуге мiндеттi салық төлеушiлер мен салық жинауға мiндеттi салық қызметi органының қызметкерлерi ғана емес, салықтың қатынасқа қатысатын кез-келген субьектi бiлуi қажет.

  1. Меншікке салынатын салықтарды есептеу және төлеу тәтібі
    • Меншiк салығының объектiсi мен субъектiсi және салық салынбайтын айналым

         Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында салық салу обьектiсi бар заңды тұлғаға, жеке кәсiпкер, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi, ресми емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан обьектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады. /16/

Меншiк иесi салық салу обьектiлерiн сенiгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде меншiк иесiмен келiсiм бойынша салық төлеушi сенiмгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкiн.

Егер салық салу обьктiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк обьктiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi болып табылады.

Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу обьектiсi бойынша осы салық салу обьектiсiнiң меншiк иелерiнiң бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi болып табылады.

Іаржылық мерзiмге берiлген обьектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.

Жер  салығын   төлеушiлер:

  • жеке меншiк құқығындағы;
  • тұрақты және пайдалану құқығындағы;
  • бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Шаруа (фермер)  қожалықтарына арналған арнайы салық режимi  қолданылатын қызметте пайдалынатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай  жер салығын төлеушiлер  мыналар  болып  табылады:

  • мемлекеттiк бюджет есебiнен ғана қамтылатын ұйымдар;
  • жер қойнауын пайдаланушылар:
  • уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектiң ата—анасының бiреуi:
  • тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
  • жеке үй шаруашылығын жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы үшін берiлген және құрылыс алып жатқан жерлдердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер   учаскелерi;
  • гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;
  • тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жақан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша »ардақты ана»  атағына ие болған алтын алқа наградасы мен марапаттанылған көп балалы аналар.

Дiни бiрлестiктер жер салығын төлемейдi. Салық кодексi бойынша мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылатын  ұйымдар, уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары, дiни бiрлестiктер жалға берген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.  Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеп отырады.

Жер учаскесiне  құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшін осындай учаскенi оның нақты  иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.

Салық салу объектiсi: жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлесытiк меншiк кезiнде—жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

Мыналар салық салу обектiсi болып табылмайды:

  • елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар. Парктер, скверлер, бульварлар, су қооймалары, жағажайлар, зеяраттармен халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзгеде объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқада ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;
  • ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк  автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жер  учаскелерi.

Ортақ жер пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттiк  автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жерлерге жер алқаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзгеде жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылыстар, жол қызметiнiң қызметтiк және тұрғын үй жайлары, қардан қорғау  екпелерi мен жасыл желектер орналасқан  жерлер жатады және  Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң шешiмi бойынша консеватцияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi. /17/

Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн анықтағанда  темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, заңдарда белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi  ұйымдарының объектiлерiне  берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгi  ұйымдары үшін салық салу объектiсi, электр беру желiлерiмен кiшi станциялар тректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесi  ұйымдары үшін осы  ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады. Және де, мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өнiдiрудi, тасмалдауды жүзеге асыратын  ұйымдар үшін осы  ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi де  салық салу объектiсiне жатады.

Байланыс желiлерiнiң тiректерi  алып жатқан жер учаскелерiн қолса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желiлерi бар байланыс  ұйымдары үшін  ұйымдарға заңдарда белгiленген  тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болады.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.

Көлiк құралдары салығын төлеушiлер  меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар мен меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар,  олардың құрылымдық бөлiмшелерi  көлiк құралдары салығын төлейдi.

Қазақстан Републикасының Үкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына қажетiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн белгiлейтiн мамандандырылған ауылшаруашылық техникасы бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда,  ауылшаруашылық өнiмiн өндiрушiлер көлiк құраладары салығын төлейдi және мемлекеттiк бюджет есебiнен  ғана қамтылатын  ұйымдарда төлейдi.

Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша-Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамар  көлiк құралын салығын төлейдi. Салық салу объектiсi болып табылатын бiр авто көлiк құралы бойынша—меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектерде төлейдi.

Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша—Кеңес Одағыныың Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Халық қаїарманы атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және Отан орденi мен наградталған адамдар Ардақты ана атағын алған, Алтын алқа, Күмiс алқа, алқаларымен  наградталған көп балалы аналарда төлейдi./18/

Ауылшаруашылық құрылымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланылған мерзiмi 7-жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлемейдi.

Салық салу объектiлерi, уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеуге жататын және есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады, ол мыналар;

—жүк көтергiштiгi 40-тонна  және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;

—мамандандырылған медециналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.

Салық салу обьектiсi болып мыналар табылады: заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер үшін негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер, бухгалтерлiк есепте белгiленген материалдық емес обьектiлер, материалдық емес активтер.

Концервацияда тұрған негiзгi құралдар, жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары (бұрылу белдеулерi, тоннель, көпiр,жол торалдары,түрлi белгiлер) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға жаңадан енгiзiлген негiзгi құралдар салық салу обьектiлерi бойынша салық базасы болады.

Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оперативтiк басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылады./19/

Оларға келесiлер жатады:

— Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрiңғай жер салығын төлеушiлер (сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн белгiлейтiн мамандырылған ауылшаруашылық техникасы бойынша бiрiңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда, ауылшаруашылық өнiмiн өндiрушiлер).

  • Мемлекеттiк бюджет есебiмен ғана қамтылатын ұйымдар.
  • Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша — Ұлы Отан Соғысына атысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар.
  • Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер.
  • Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша- Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, “Халық қаїарманы” атаған алған (үш дәрежелi Даңқ орденiмен) және “Отан” орденiмен наградталған адамдар, “Ардақты ана” атағын алған, “Алтын алқа”, “Күмiс алқа” алқаларымен наградталған көп балалы аналар.
  • Ауылшаруашылық құрылымынан шығу нәтижесiнде ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлемейдi.

Уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеуге жататын және есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады.

Олар келесiлер:

  • Жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк авто-самосвалдар.
  • Мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi бола алмайды.

Салық салу обьектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының 1-шi күнiндегi салық салу обьектiлерiнiң қалдық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде анықталады  және заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер салық салу обьектiлерiнiң орташа жылдық құнына 1% ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi.

Негiзгi қызмет тұрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын  ұйымдар, мемлекеттiк меншiкке жататын және мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын су қоймалары, су шаруашылықтары.

Салық салу обьектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi  және ортақ үлестiк меншiктегi салық салу обьектiсi бойынша мүлiк салық әрбiр салық төлеушiнiң мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.

Салық кезеңi iшiндегi сатып алынған салық салу обьектiлерi бойынша мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi салық салу обьектiсiн сатып алу кезiндегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады  және салық кезеңi iшiнде шығып қалған мүлiктер бойынша мүлiктiң шығып қалған кездегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылған салық сомасы салық төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.

Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысады,  мүлiк салығын төлейдi  және салық төлеушiлер салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге мiндеттi  және мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебi есептi салық кезңiнiң 20.02 кешiктiрiлмей табыс етiледi. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есебiн салық органына есепке алынған айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей  өткiзедi.

Меншiгiнде салық салу обьектiлерi бар жеке тұлғалар салық төлеушiлер болып табылады.

  • әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту кезеңiнде,
  • салық салу обьектiлерiнiң 1000 айлық есептiк көрсеткiшке тең құны шегiнде Кеңес Одағының батыры, Социалистiк Еңбек Ерi, Ұлы Отан Соғысына қатысушылар оған теңестiрiлгендер, ардақты Аналар I-II топтағы мүгедектер, жеке тұратын зейнеткерлер салық төлемейдi.

Жеке тұлға меншiгiндегi мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде мүлiктi меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша сенiмгер басқарушы немесе жалгер берiлген обьектi бойынша салық төлеуi мүмкiн  және  салық төлеушi бiрнеше тұлға болса салық салу обьектiсiне осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi болып саналады.

Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын келесi обьектiлер салық салу обьектiсi болып табылады:

  1. Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар.
  2. Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс обьектiлерi.

Салық салу объектiсi:

Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектiлер:

— Қазақстан Республикасы аумағындағы  тұрғын үй-жайлар, сая жайлық құрылыстар, гараждар және өзге құрылыстар;

— Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi –қоныстандырылу (пайдалну) кезңiнен бастап жеке тұлғалар үшін салық салу объектiсi болып табылады.

Салық объектiсi-салық салу барасында мемлекет заң бойынша салық ұсталынатын объектiнi көрсету қажет немесе салық салынатын барлық заттар, көлiк, жер салық объектiсiне жатады. Мысалы, мүлiк, тауар, жер, көлiк және  тағы басқалар.

Салық субъектiсi- заң-бойынша салық төлейтiн салық төлеушiлер немесе заңды және жеке тұлғалар.

Салық төлеушiлер: меншiк иесi, меншiктi сенiм бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу құқығындағы салық салу объектiлерi бар заңды және жеке тұлғалар меншiк салығын төлеушiлер болып табылады. /20/

Салық салу объектiлерi:

— кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негiзгi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорлары көлiк құралдарына, салық салынатын көлiк құралдарынан басқасы;

— жеке  тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын, азаматтардың  жеке пайдалануындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай құрылыстары, гараждар, өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй жайлар болып табылады.

Меншiк салығының субъектiлерi  салық объектiсi болып табылатын мүлiктiң салық төлеушi иесi бiр жағынан, екiншi жағынан мемлекеттiк бюджет.

               Салық   төлеушiлер:

  1. Мыналар меншiкке салынатын салық төлеушiлер болып табылады:
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару  құқығында;
  • салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар (соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары);
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер;
  1. Заңды тұлғалардың филиалдары өкiлдiлiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық  бөлiмшелерi, оларда жеке бухгалтерлiк  балансы бар кезде  дербес салық төлеушiлерге  жатады  және Қазақстан Республикасының резидент емес  заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi (филиалдары, өкiлдерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан салық салу объектiлерi  бойынша төлеушiлер болып табылады.

Салық төлеушiлер меншiкке салынатын салықты заңды   тұлғалар үшін белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

  1. Мыналар меншiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қажеттiлiк нормативтерi шегiнедi. Салық салу объектiлерi бойынша бiрiнғай жер салығын төлеушiлер  және салық салу объектiлерi бойынша бiрiнғай жер салығын белгiленген  қажеттiлiк нормативтерiнен артық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты белгiленген тәртiп бойынша төлейдi.
  • салық салу белгiленген салық режимiнiң моделi (жер қойнауын пайдаланушы өнiм бөлiсу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi осында көзделген барлық салық түрлерi мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi, олар мыналар: өңделмеген мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға салынатын акциз; үстеме пайдаға салынатын салық; жер салығы; мүлiк салығы жатпайды) бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
  • кәсiпкерлiк қызмет үшін пайдаланылмайтын салық салу объектiлерi бойынша мемлекеттiк мекемелер;
  • Қазақстан Республкасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлеттiлiктерi;
  • Қазақстан Республикасының lшкi iстер министрiнiң жазасын өтеу мекемелерi, қылмыстық –атқару жүйесiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының жазасын өтеу мекемелерi  және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi бойынша пайдалануға немесе жалға берiлген кезде салық төлеуден босатылмайды.

Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi анықтау:

  1. меншiк иесi мен келiсiм бойынша салық төлеушiмен жалға немесе сенiмгерлiк басқару құқығы негiзiнде салық салу  объектiлерiн берген кезде  сенiмгерлiк басқарушы немесе жалға  алушы болуы мүмкiн  және  бұл ретте сенiмгерлiк басқарушының немесе жалға алушының  салық төлеуi салық салуы объектiлерi иесiнiң есептi кезең үшін салық мiндеттемесiн орындауы  керек.
  2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi болады.
  3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы мүлiктiң иелерiнiң бiрi олардың өзара келiсiмдерi бойынша және  қаржылық лизингке  берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.

Меншiк  салығын төлеуден келесiлер босатылады:

  1. Мемлекеттiк мекемелер, кәсiпкерлiк қызметте қолданылмайтын коммерциялық емес ұйымдар мүлiк салығынан босатылады.
  2. Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамы, әлеуметтiк сферада, өндiрiстiк мақсатта қолданылған ақыл- ойы және дене бiтiмi  жағынан кемiстiгi бар балалар мен жас өспiрiмдердi  әлеуметтiк  адаптациямен  еңбек  ребилитация орталығы  мүлiк салығынан босатылады./21/
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң негiзгi қызметiне жұмсалған  мүлiктер салықтан босатылады.
  4. Балалар, мектепке дейiнгi орта, мамандық және жоғарғы бiлiм беру сферасындағы көрсетiлген медициналық көмек беру қызметiн жүзеге асыратын  ұйымдар, бiрақ бұл қызметтен түскен табыстары жалпы жылдық табыстың  50 процентiн алу керек.
  5. Түзету мекемелерi.
  6. Келесi жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметте қолданылмайтын мүлiктерi бойынша мың еселiк айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде салық салынбайтын минимум белгiленедi:

а) Кеңес Одағының  батырлары, Социалистiк Еңбек батырлары, Ұлы Отан  соғысының қатысушылары және оларға теңестiрiлген тұлғалар ²Халық қаїарманы² атағына ие  тұлғалар, ²даңқ² орденiнiң  үш дәрежесiмен және ²Отан² орденiне  ие тұлғалар;

ә) ²алтын алқа² және  ²ардақты ана ² атағына ие болған көп балалы  аналар;

б) I және II топтағы мүгедектерге;

в) жеке тұратын  зейнеткерлерге белгiленедi.

Экономикалық iс –шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы  жүзеге асырады. Оның  тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бүтiн   өндiрiс  тұрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей тұрiнен бүтiндей босату қолданылады. Lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне  жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану,  -экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы,  мерзiмдi  амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк  инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа  өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен  салық кеңiстiгiнде  елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн пәрмендi  қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден бұлтару үшін арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция тұрiнде жататын салық каникулының ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.

Салық салу объектiсi.

  1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер үшін негiзгi құрал жабдықтар (оның iшiнде тұрғын үй қорында орналасқан объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу  объектiсi болып табылады.

Бухгалтерлiк есеп  жөнiндегi  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есепте  белгiленген  материалдық  объектiлер  материалдық емес активтер болып табылады.

  1. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
  • а) Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде-жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

б) Жекеленген жағдайларда  салық салу объектiсiн анықтау. Темiр жолдар, оқшаулау жолақтары, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда  заңдарда белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi   ұйымдар объектiлерiне  бөлiнген жер учаскелерi  темiр жол көлiгi Үймдары үшін салық салу объектiсi болып табылады.

в) Электр тарту желiлерi  бағынышты  станциялар тiректерi орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда балансында  электр тарту желiлерi  бар энергетика  мен электрификация жүйесiнiң   ұйымдары үшін осы  ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелелерi  салық салу объектiсi болып табылады.

г) мұнай-газ құбырлары  орналасқан учаскелерiн қоса алғанда  балансында мұнай, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiру, тасмалдауда жүзеге асырылатын  ұйымдарға заңдарда белгiленген  тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.

Осы баптарға сәйкес  жер салығын салу объектiсi болып табылатын жер;

  • белгiленген заң актiлерiнде өкiлеттi  органда  мемлекеттiк  тiркеуге жататын  және есепте тұрған көлiк құралдарын салық салу объектiлерi болып табылады:

мыналар:

а) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын  карьерлiк автосамосвалдар;

б) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;

в) Қазақстан Республикасы үкiметi бекiткен  тiзбе бойынша мамандандырылған ауылшаруашылығы техникасы салық салу объектiлерi  болып табылады.

  • Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша уақытша тоқтатылып қойылған негiзгi құрал жабыдқтар;
  • Жалпы пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардың iшiндегi:
  • бұру алқабы;
  • жолдардың конструкциялық элементтерi;
  • жоладарды жайғастыру және жайластыру;
  • көпiрлерi;
  • жол өткелдерi;
  • тасымал соңы;
  • тунельдер;
  • қорғанушы галерялары;
  • жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылығылары;
  • су бұрғыш және су өткiзгiш салынымдар;
  • жол бойындағы орман алқаптары;
  • желдiк өндiрiстiк кешендер, үйлер мен ғимараттар, тұрғын үйлер./22/

 

  • Меншiк салығының ставкалары

Салық ставкасы салық өлшем бiрлiгiне сәйкес келетiн салық мөлшерi. Салық ставкасы көбiне процент тұрiнде белгiленедi. °лемдiк тәжiрибе бойынша салық ставкаларының келесiдей түрлерi бар:

— погрессивтi салық ставкасы  -салық объектiсi немесе табыс өскен сайын ставка тұрi. Мысалы, мүлiк салығы немесе жеке тұлғалардың  табыс салығы.

— пропорционалды салық ставкасы-салық объектiсi немесе табыс мөлшерiне байланыссыз бiрқалыпты денгейде қойылатын ставка тұрi. Мысалы, қосылған құн салығы, акциз салығы, т.б.

— регрессивтi салық ставкасы- салық объектiсi немесе табыс мөлшерi  өскен сайын  кеми түсетiн ставка тұрi.

Дамыған елдердiң тарихынан мынадай салық ставкалары жөнiнде мынаны байқауға болады:

а) егер төленетiн салық мөлшерi салық төлеушi табысының 50 %-нен асып кетсе, онда ол өндiрiстiң  тоқтап қалуына соқтырады.

ә) егер салық мөлшерi салық төлеукшi табысының 40-50 %-i аралығында болса, онды жай, ұдайы өндiрiске әкеледi.

б) егер салық мөлшерi салық төлеушi табысының 35-40%өлшерi аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндiрiске әкеледi.

Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық сомасын аммортизацияланатын  активтердiң құндылығына сәйкес, өздерi бухгалтерлiк есеп негiзде анықтайды.

Жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланбайтын мүлкiне прогрессивтi  ставка  бойынша салық салынатындығын атап өтуiмiз керек, яғни мүлiк құны жоғарлаған сайын процент ставкасы да жоғарлайды; кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар мүлiк құнынан 1 процент көлемiнде салық төлейдi.

Салық сатавкалары: 

  1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 1 проценттiк ставка бойынша  мүлiкке салынатын салықты есептеп шығарады.
  2. Төменде көрсетiлген заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 проценттiк ставка бойынша мүлiкке салынатын салықты еспетеп шғарады:
  • кодекстiң мақсаттары үшін азаматтық заңдарға сәйкес коммерциялық емес мәртебесi бар акционерлiк қоғамдар мен тұтыну кооперативтерiн қоспағанда;
  • қызметтiң қоғамдық мүддеде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым. Коммерциялық емес  ұйымдарға мемлекеттiк мекемелер де жатады.
  • негiзгi қызмет ету тұрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсетушi) болып табылатын ұйымдар;
  • негiзгi қызмет ету тұрi ғылым саласында қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
  • ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестациялау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
  • негiзгi қызмет ету тұрi театр-ойын-сауық және концерттiк шараларды жүзеге асыру, тарихи – мәдени құндылықтарды сақтау бойынша, балаларды, қарттарды және мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында, спорт саласында қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
  • медициналық көмек көрсету (касметалогиялық қызмет көрсетудi қоспағанда) және бiлiм беру қызметi түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялары бойынша балаларға мекетепке дейiн, мектептен тыс орта жалпы, бастауыш кәсiби, орта кәсiби, жоғары кәсiби, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби және қосымша кәсiби бiлiм саласында бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк орындар;
  • мемлкет меншiгiне жататын және мемлекеттiк  бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын су қоймалдары, су  торабы және табиғатты қорғауға  арналған басқа да су  шаруашылығының салық салу объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң  ерiктi қоғамы,  ақыл-есi  және денi  дамуы бұзылған балалар мен жас өспiрiмдердi әлеуметтiк емдеу және еңбекпен оңалту орталығы,  сондай –ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және олардың қаржысы есебiнен  құрылған өндiрiстiк кәсiпорындар, Қазақстан Республикалық  Ауғанстан соғысы  ардагерлерiнiң  ұйымы (кәсiпорындарынсыз).

Көлiк салығын есептеу айлық есептiң көрсеткiштермен белгiленген мынандай ставкалар бойынша жүргiзiледi

 

Салық салу объектiсi

Салық ставкасы

(айлық есептiк көрсеткiш)

1.Двигатель көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см)

-1100-ге дейiн қоса алғанда

-1100-ден жоғары 1500-дi қоса

-1500-ден жоғары 2000-ды қоса

-2000-нан жоғары 2500-дi қоса

-2500-ден жоғары 3000-дi қоса

-3000-нан жоғары 4000-ды қоса

-4000-нан жоғары

 

 

4,0

6,0

7,0

10,0

17,0

22,0

117,0

2.Жүк көтергiштi мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде).

-1 тоннаға дейiн қоса алғанда

-1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаны қоса

-1,5 тоннадан    жоғары 5 тоннаны қоса

-5 тоннадан  жоғары

 

 

6,0

9,0

12,0

15,0

3.Шынжыр табанды машиналармен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен кневматикалық жүрiстегi механизмдер 3,0

4.Автобустар:

-12 отыратын орынға дейiн қоса алғанда

-12-ден жоғары 25 отыратын орынды қоса

— 25 отыратын орыннан жоғары

 

9,0

14,0

20,0

5.Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошамалар, көл-емi шағын кемелдi (двигательдiң қуатты 55квт кем). 10

6.Катерлер, кемелер, баржалар. Яхталар

(двигательдiң қуатты мынадай күшке тең):

-160-қа дейiн қоса алғанда

-160-тан жоғары 500-дi қоса

-500-ден жоғары 1000-ды қоса

-1000-нан жоғары

 

 

 

6,0

18,0

32,0

55,0

7.Ұшу аппараттары Әрбiр киловат қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,08%

 

Салық  жеңiлдiктерiн беру арқылы  мемлекет өндiргiш күштердi  аймақтық  орналастыруға, инфрақұрылым объектiлерiн салуға және тағы да басқа айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек  жекелеген шаралар жүргiзiп қоймай, сонымен қатар барлық  шаруашылық коньюктурасына ықпал етедi. Мемлекет салық салудағы жеңiлдiктер беру жолымен күрделi қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияға қолайлы жағдай жасайды.

Салықты  есептеу  айлық  есептiк  көрсеткiштермен  белгiленген  мынадай  ставкалар  бойынша  жүргiзiледi.

2.3. Меншiк  салығын есептеу механизмi және нысанын толтыру

Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзiледi:

— жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi;

—жер учаскесiн иелену құқығы  немесе пайдалану  құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану  кезеңi үшін есептеледi;

—бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi;

—салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына  ауыстыру кезiнде ағымдағы жылғы  салық төлеушiлерден осы елдi мекендер үшін бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi –жылы қоныстардың жаңа санаты үшін белгiленген ставкалар бойынша алынады;

—елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан  бастап қолданылады;

—салық төлушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң  бонитет балдары негiзге алына отырып анықталады;

Ортақ меншiктi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есптеледi.

—ауылшаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшін бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салық режимiнде жүзеге асырылады;

—қорғаныс  қажетi үшін берiлген жерлерге салынатын салықты алу тәтiбiн Қазақстан Республикасының үкiметi белгiлейдi.

Заңды тұлғалардың салықты есептеудiң тәтiбi мен төлеу мерзiмдерi. Заңды тұлғалар жер салығы соммаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi:

—заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойнша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi;

—ағымдағы төлемдердiң сомалары ағымдағы жылдың  20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тең үлестер мен төлнуi тиiс;

—ағымдағы төлемдер мөлшерi салық кезеңiнiң басында болған салық төлеу объектiлерi бойынша салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану жолымен белгiленедi;

—жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кеиiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық  мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңiнде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады;

— салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалну немесе жалға берген күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.

Салық салу объектiлерiн ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн пайдалануға немесе жалға  берген кезде салық төлеушiле салық сомаларын салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру айынан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей төлейдi.

Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша мiндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық мiндеттемелерiнiң өзгеру сомасына жер салығын төлеудiң алдағы мерзiмдерi бойынша тең үлестермен түзетiледi.

Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнiң iшiнде берiлген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiне құқықты iске асырудың нақты кезеңi үшін есептеледi.

Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс-жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшіне төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды  мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуi тиiс. Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап ол жер учаскесiн берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге салық органдары жiберетiн жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесiне құқығы пайда болған кезеңдегi ай басынан есептелген салық сомасы көрсетiледi.

Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың бiрi енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiнен қайта төленбейдi.

Салық төлеушi  салық кезеңiнде декларацияға табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он күн мерзiмiнен кешiктiрмей бiржолата есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.

Бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимi қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша қолданылмайды.

Жекелеген жағдайларда салық есептеудiң ерекшелiктерi, бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық  төлеушi бойынша жеке есептеледi.

Үйдiң, құрылыстың  және ғимараттың бiр бөлiгiн жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың  жалпы алаңындағы жалға берiлген үй жай- алаңының  үлес салмағына қарай есептелуге тиiс.

Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық базалық ставкалары бойынша есептеледi.

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi жеке тұлғалар үшін (өз қызметiнде паййдаланатын жер  учаскелерi бойынша жекелеген кәсiпкерлердi, жеке нотариустар мен адвокаттардыв қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1-тамыздан кешiктiрiлмей мерзiмде жүргiзiледi. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықты берген жағдайда, салық сомасы салық кодексiнiң ережелерi ескерiле отырып есептеледi.

Жеке тұлғалар (өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жекелеген кәсiпкерлердi, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың бiрiншi қазанынан кешiктiрмей  төлейдi.

Жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша  жер салығы белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

Салық кезеңi -жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңi салық кодексiнiң бабтарына сәйкес белгiленедi.

Салық есептiлiгi—заңды тұлғалар, жеке кәсiпкер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегi  салық органдарына есептiк салық кезеңiнiң кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ  жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп қисабын   белгiленген  мерзiмде табыс етуi тиiс./23/

Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп—қисабы ағымдағы салық кезеңiнiң 15-ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етедi.

Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер есеп—қисабын салық төлеушi мемлекеттiк тiркеуден өткен айдан  кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей өткiзiлуi тиiс.

Заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер есеп—қисабын объектiлердi пайдалануға немесе жалға берiлген айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрiлмей өткiзiледi.

Салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша  салық  мiндеттемелерi өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есеп—қисабы салық кезеңiнiң 15-ақпанынан, 15-мамырынан,  15-тамызынан  және 15-қарашасынан кешiктiрiлмей өткiзiледi.

Бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимi қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша қолданылмайды.

Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар мүлiк құнынан 0,5 проценттiк ставка бойынша есептелетiн  салықтық ағымдағы сомасын салық жылының 20 ақпанында, 20 мамырында,  20 тамызында және 20 қарашасында тең үлеспен төлейдi. Есептi жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай  нақтылы есептелетiн салық төлеу немесе артық төленгенiн қайтару салық төлеушiлер декларация  табыс еткеннен кейiнгi 10 күн iшiнде салық жылының нәтижелерi бойынша табыс салығы жөнiндегi  декларация ұсыну үшін көзделген мерзiмде жүргiзедi. Жеке пайдалануындағы  мүлкi бойынша жеке тұлғалар ағымдағы жылдың 1 қазанынан  кешiктiрiлмей салық төлейдi.

Салықтық есептеу және төлеу тәртiбi:

  1. Салық төлеушiлер салықты есептеуде салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес тұрде жүргiзедi.
  2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн  өндiрушiлер үшін арнайы салық режимiнде  бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салықты төлеу тәртiбi белгiленген.
  3. Ортақ үлестiк меншiкте тұрған салық салу объектiлерi бойынша олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды  тұрде есептелiп шығарылады.
  4. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiкке салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi. Олар салық кезеңiнiң басындағы бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша белгiленген салық салу  объектiлерiнiң   қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
  5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан орны бойынша жүргiзiледi.
  6. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiнде 20 ақпанынан 20 мамырдан және 20 тамыздан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.  Жаңадан құралған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша салық  төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға тапсыру күнгiнен) кейiнгi  кезектi мерзiм ағымдағы төлемдi төлеудiң 1 мерзiмi болып табылады. Ағымдағы төлемдердiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен төлеу мерзiмiнен кейiн пайдалануға  немесе жалға салық салу объектiсiнiң беру кезiнде салық кезеңi басталған айдан кейiнгi айдың 20 күнiнен салық сомасын төлейдi.
  7. Салық төлеушi салық кезеңi үшін декларацияны ұсынған мерзiмi басталғаннан 10 күннен кем болмайтын мерзiмнен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысады және мүлiкке салынатын салықты төлейдi.

 Жекелеген жағдайларды салықты есептеу және төлеу

  1. Егер жеке кәсiпкер тұрғын үй қоры құрамындағы үй жайлар бойынша кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырса, осы үй –жайлар бойынша салықты көзделген ставкалар және тәртiп бойынша есептейдi және төлейдi.
  2. Жеке кәсiпкерлiк қызметтi заңдарда белгiленген  тәртiп бойынша тұрғын үй құрамынан шығарылған үй жайларда жүзеге асырған жағдайда, аталған үй жайлар бойынша салық осы тарауда  белгiленген тәртiп бойынша есептелiнiп шығарылады және төленедi.

Салықтық кезең 

Заңды тұлғалар үшін салық кезеңi салық салу объектiсiн пайдалануға немесе жалға тапсыру мезетiнен  бастап мұндай пайдаланудың аяқталу  мезетiне дейiн анықталады.

Салық, есеп

  1. салық төлеушiлер (ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына төлемдер сомасының есебiмен декларацияны ұсынуға мiндеттi.

Бюджетпен есеп айырысуды  ауыл шаруашылық өнiмдерiн  арналған салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мүлiк салығы бойынша салық есептемесiн тапсыру тәртiбi белгiленген.

Заңды тұлғалар пайдалануға немесе  жалға берген салық салу объектiлерi бойынша  ағымдағы төлемдер сомасының есебiн объектiлердi пайдалануға немесе  жалға берген айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады.

Мүлiкке салынатын салық бойынша декларация   есептi жылдан кейiнгi айдың 1 наурызына дейiн ұсынылады.

Филиалдары, өкiлдiктерi және өзге оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалардың салық есептiлiгiн ұсыну ерекшелiгi:

Филиалдары, өкiлдiктерi  мен өзге де оқшауланған  құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан да әрi- құрылымдық бөлiмшелер) бар, дербес салық төлеушi болып табылатын  заңды тұлға салық есептiлiгiн ұсынумен бiр мезгiлде есептелген салық сомаларының жиынтық тiзiлiмiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша тапсыруға тиiстi.

Жиынтық тiзiлiмнiң нысанын және оны толтырудың тәртiбiн өкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. Бұл ретте, жиынтық тiзiлiмнiң деректерi салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдары  куәландырылған құрылымдық бөлiмшелердiң ағымдағы төлемдерi мен декларация есебi соммаларының көшiрмесiмен расталуы тиiс.

Дербес салық төлеушi болып табылмайтын құрылымдық  бөлiмшелерi бар заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi бойынша  салық салу объектiлерiнiң есебiн жеке жүргiзуi тиiс. Құрылымдық бөлiмшелердiң салық салу объектiлерi бойынша есептелген салық сомалары құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша  бюджетке енгiзуге  жатады. Мүлiкке салынатын салық бойынша салықтың  есебiмен бiр мезгiлде  заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшін төлеуi тиiс мүлiкке салынатын салық соммаларының есебiн тапсыруға  мiндеттi. Құрылымдық  бөлiмшелер үшін төленуi тиiс мүлiкке салынатын салық сомалары, есептерiн  толтыру тәртiбi мен  нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. Заңды тұлға есептемесiн  ұсынатын жердегi салық  органы басшысының  қолы қойылып, мөрiмен куәландырылған есептiң көшiрмесi  құрылымдық бөлiмшелердiң  салық салу объектiлерi  орналасқан жерi бойынша  салық органына  тиiстi салықты есептi  тапсыру үшін  белгiленген мерзiмде  ұсынылуы тиiс.

Құрылымдық бөлiмшелердiң салық салу объектiлерi  бойынша  салық  сомаларын төлеудi  заңды тұлға тiкелей  өзiнiң банктiк  есеп –шотынан жүргiзедi немесе  өз құрылымдық  бөлiмшелерiне жүктейдi.

Салық төлеушiлер

Меншiк құқығына  салық салу объектiлерi  бар жеке  тұлғалар  мүлiк салығын төлеушiлер болып  табылады.

Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:

— мерзiмдi қызметтегi әскери  қызметшiлер  мерзiмдi қызметтен  өту кезеңiнде;

— Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк еңбек Ерлерi, Ұлы Отан соғысына  қатысушылар мен  оларға теңестiрiлген  адамдар, ²Халық қаїарманы² атағын  иеленушi, ²Даңқ² орденiнiң үш  дәрежесiмен жiне ²Отан²  орденiне марапатталған тұлғалар, ²алтын алқа² және ²Батыр ана² атағын иеленушi көп балалы аналар, I және II топтағы мүгедектерi, жеке тұратын зейнеткерлер салық салу  объектiлерiнiң  мың есептiк  айлық көрсеткiшiне тең құны шегiндi.

— Салық салу объектiлерi бойынша пайдалануға немесе жалға беруге берген, осы тармақта көрсетiлген тұлға салықты осы  тарауда  белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

Жекелеген жағадайларда салық төлеушiлердi айқындау 

Салық салу объектiлерiн меншiк иесi келiсiм бойынша  сенiмгерлiк  басқаруға немесе  жалға берген кезде салық салу объектiсi меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша берiлген объектiлерге салық төлеушi сенiмдi басқарушы  немесе  жалға алушы болуы мүмкiн.

Бұл ретте, сенiмгер басқарушының немесе, жалға алушының төлеген салығы  салық салу  объектiсi  меншiк иесiнiң осы салық  кезеңi үшін салық мiндеттемесiн орындағаны болып табылады.

Егер салық салу объектiсi бiрнеше  тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы  төлеушi болып табылады.

Бiрлескен ортақ иелiктегi  салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiсi иелерiнiң бiрi салық төлеушi өздерiнiң арасындағы келiсiммен салық төлеушi бола алады.

Қорытынды

Қазiргi   таңда  бюджеттiң  негiзгi  қайнар  көзi –салықтар  болып табылады.   Салықтық  түсiмдердiң  бюджетке  түсуi  әрбiр  жыл,  әрбiр  тоқсан  және  тiптi  әрбiр  ай  сайын  прогрессивтi  тұрде  өзгерiп  отыр.

Кез-келген  мемлекеттiң  салық  жүйесiнiң  айтарлықтай  бөлiгi  жергiлiктi  бюджеттi  қалыптастыратын  меншiк  салықтары,  яғни  көлiк  құралдары  салығы,  жер  салығы ,  мүлiк  салығы. Меншiкке  салынатын  салық  тiкелей  салықтар  қатарына  жатады.  Меншiкке  салынатын  салық ,  салық  салудың  таралған  тұрi  ғана  емес ,  сонымен  қатар  маңызды  тұрi  болып  табылады.  Меншiк  салығының  ставкалары  салықтарды  басқа  түрлерiмен  салыстырғанда  орта  дәрежедегi  салық  болып  табылады.

Қазiргi  таңда,  жалпы  салық  жүйесiн  жетiлдiру  және  соның  iшiнде  кез-келген  мемлекеттiң  салық  жүйесiнiң  негiзiн  құрайтын  меншiк  салығының  түрлерiн  жетiлдiру  бағыттары  маңызды  роль  атқаруда.

Бiрiншiден,  меншiк  салығы  бойынша  салық  салу  механизiмiне  кейбiр  өзгерiстер  мен  толықтырулар  енгiзу  қажеттiлiгi,  оның  iшiнде  меншiк  салығының  өз  қызметiн  жүзеге  асырудағы  басты  мақсаты-бюджетке  неғұрлым  аз  салықты  төлеу  болып  табылады.  Бұл  мақсатқа  өте  оңай  әдiспен  жетуге  бiркелкi  көбейтiлуi  кезiнде  салық  салынатын  сомасы  да  азаяды.  Осыған  байланысты  мынадай  қорытынды  жасауға  болады,  яғни  салық  төлеушiге    меншiк  салықтары   құралдарын  азаита  отырып  меншiк  салығын  азайту  тиiмдi  болғандықтан  меншiк  салығының  әрекет  етушi  механизмi  меншiк  құралдары  емес  шығындардың  өсуiн  ынталандырады.  Тыйым  салу  мен  нұсқау  беру  тәсiлдерi  бұл  арада  жағдайды  өзгерте  алмайды,  сондықтан  неғұрлым  көп  табыс  табу  үшін  салық  төлеушiлердi  шығындарын  азайтуға  ынталандыру  қажет.

Бюджеттiң  қалыптасуы  экононикаға  салық  жинау  арқылы  ықпал  етедi.  Мұнда  бюджеттiң  бүкiл  экономикаға  ықпал  құралы  ретiнде  рөлi  көрiнедi.  Экономиканы  реттеу  орталықтандырылған  қаражат  қорының  көлемiн  белгiлеу,  оны  құру,  пайдалану  формалары  мен  әдiстерiн  реттеу,  бюджеттi  құру  және  орындау  процесiндегi  қаржы  ресурстарын  қайта  бөлiске  салу  жолымен  жүзеге  асырылады.

Пайдаланылған   әдебиеттер  тiзiмi.

  1. Қазақстан  Республкасы Салық кодексi 2003 жыл қаңтар
  2. Карагусова Г. ²Налоги: сущность и практика пользования² -Алматы, ²Іаржы -қаражат², 2000ж
  3. Ермекбаева Б.Ж. ²Жалпы мемлекеттiк салықтар² / Алматы ²Экономика², 1997ж.
  4. Бухгалтерлiк бюллетенi, 2000ж, 1999ж N1-12
  5. Дуканич Л.В. »Налоги и налогообложение» Ростов-не-Дону Феникс 2003г
  6. Мән берiлер мәселелер- Салық қызметi туралы, ²Іаржы -қаражат² 2000ж. N24-27б.
  7. Аудит и налогооблажение –2000 N1-12
  8. Деловой мир Казахстана –2000г. N3,с 20-22
  9. Юткина ²Налоги и налогооблажения². Москва, Учебник  М,  Инфра-  М  1999 г.
  10. Налоговое законодательство РК. /Изд ²Іаржы-қаражат²-1997г.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ