Менің өлкем

0
6995

Туған жер – ол әр адамның кіндік қаны тамған жері.Ол жердің әсем табиғаты,сарқыраған өзені,жұрқыраған жануары да,жыбырлаған жәндігі де бәрі ерекше ыстық болып келеді.Бір жат жерде жүрсең өзіне қарай тартып,сағындыратын ол туған жер.
Басқа шет жердің тұрмыс тіршілігі жақсы болсын,бірақ ол ешқашан туған өлкеге жетпейді. 
   Менің туған өлкем — көркем,құтты жерлердің бірі.Ол жер мені жетілдіріп қоймай-ақ мені өз сүйіспеншілігіне бөледі.Мен ол жерде өсе келе ең алдымен еңбекқорлықты,сабырлықты,инабаттылықты үйрендім.Қазіргі кезде осылай рахаттанып өмір сүріп жатқанымыз ата-бабаларымыздың арқасы.Олар қан – майданда жеңісті қолдан бермей,жерімізді жас ұрпаққа аманат етіп отыр.
   Қазіргі кезде біз тәуелсіз елміз.Біздің Қазақстан-көп ұлтты мемлекеттердің бірі.Қазірдің өзінде бізде 130-дан астам ұлттар ұйымы өмір сүріп жатыр.Біздің мемлекет экономика,спорт,туризм,өнер саласы,ауыл шаруалығы,Отандық өнімдер шығарудан т.б салалардан алдыңғы қатардамыз.Өткен жылы еліміздің спортшылары бізді тамаша қуантқан болатын.Дәлірек айтсам,Рио қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарында спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсете білді.Әрі өткен жылы Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығын барша халық ұлан-асыр той етіп  өткізген болатынбыз.Осы жылы да еліміз жағымды жаңалықтарға толы.Мысалы,қысқы универсиада ойындары күні кеше Алматы қаласында өткен болатын және бұл универсиада да жалпы есепте Қазақстан 2-орынды иеленді.Сонымен қатар,өз талантын барша әлемге танытып елімізді танытып жүрген Димаш Құдайбергеновты де айта кеткім келеді.Ол Қытайда болып жатырған әншілер сайысында өзінің мықтылығын дәлелдеуде және де менің оған деген сенімім мол. Сол сайыстан жүлделі орынмен елге оралсын деген тілегім бар.
  Мен өз елімді мақтан етемін! Қазақстан – менің туған өлкем.Ата-бабамыз айтпақшы “Өзге елдің сұлтаны болғанша,өз еліңде ұлтан бол”,- дегендей ешбір ел өз Отаныма,өлкеме,атамекеніме жетпесі анық.Қазақстан көркейе берсін!Оны көркейту менің де міндетім.Жаса Қазақстан! 

Мұханжан Гүлназ Жексенбайқызы
Атырау облысы, Атырау қаласы,
Еркінқала  селосы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ