МИ ТУРАЛЫ БЕС ЖАҢАЛЫҚ

0
1572

1. Ми өмір мен қиял арасындағы шекті көрмейді 

Сіз ойлаған әр нәрседен ми әсерленеді. Ол үшін қиял мен өмірдің шегі жоқ. Сондықтан плацебо әсері болуы әбден мүмкін.

Егер ми дәрі іштіңіз деп қабылдаса (қант қосылған кәмпит емес), онда соған сай жауап қайырады. Плацебо ішіп аласыз да, оны аспирин деп ойлап қаласыз, ми бірден ағзаға дене қызуын төмендет деп бұйырады.

Ноцебо да дәл осылай әсер етеді. Бірақ кері бағытта. Егер ипохондрик кешкі жаңалықтарды көріп, жаңа ауру шығыпты дегенді естісе, сол аурудың белгілерін сезіне бастауы мүмкін.

Жақсы жаңалық – егер әлемге жарқын көзбен қарасаңыз, онда өзіңізді бақытты сезінесіз. Қан құрамындағы серотонин (қуаныш гормоны) ерекше көбейе түседі. Әрбір ізгі ой немесе келешек туралы жарқын армандар сіздің ахуалыңызды бүгін және осы жерде жақсарта түседі.

2. Нені көп ойласаңыз, соны көресіз 

Не туралы ойласаңыз да, ол сіздің өмірлік тәжірибеңіздің тұғыры болады. Егер жаңа көлік сатып алсаңыз, көшеден осындай маркалы көлікті көп көретін боласыз. Сатып алған соң өз көлігіңіз туралы әлдеқайда көп ойлайсыз. Мұны білудің не маңызы бар? Кез келген күйзелістен шығу үшін ойлау жүйеңізді өзгерту керек. Екінші жағынан, саяси науқанды талдағыңыз келсе, әр түрлі БАҚ-тың жаңалығын қарайсыз ғой. Сіздің пікіріңізге үйлесетінін жақтайсыз.

Тағы да бір ескерерлік жайт, адамдар тез арада топтасып кететінін байқадыңыз ба? Күліп жүретін адамдар өздері секілді күліп жүретіндермен тез тіл табысады. Ипохондриктер өздеріндей ипохондриктерді тауып алады. Сәйкестік пе? Жоқ. Өміріңіз өзгерсін десеңіз, ойыңызды түп-тамырымен өзгертіңіз.

3. Ми негізінен автопилотта жұмыс істейді 

Орта есеппен алғанда адам миы бір күнде 60 мың ойды електен өткізеді. Бірақ соның 40 мыңы жай ой болып қала береді. Оны санаңыздан кеше де өткізгенсіз. Міне, осындай ойлаудан төменшіктеуді ыңғайлы санау, кері ойдың түбіне түсіп кету қиын емес. Мидағы жаман ойды аластау үшін әдеттегі орынды бөтен жағдаймен алмастырып отырудың пайдасы осыдан барып шығады. Жаман ой күйзеліске жетелейді. Адам өзінен өзі алаңдай береді. Тпіті себеп болмаса да үрей бойын билеп тұрады. Сөйтіп иммунитетін күйретеді. Өйткені, ағза бәрінен әсерленеді.

Өз миыңызды жаттықтырыңыз. Санаңызда ылғи жақсы нәрсені сақтауға, көруге тырысыңыз. Неғұрлым көбірек тырыссаңыз, соғұрлым нәтижелі болады. Өмірге саналы түрде қараңыз. Бейсаналы үдерістің бәрін өз қадағалауыңызға алыңыз. Бұл тәжірибенің ең соңғы нүктесі – үндемес ойдың бәрі тек жақсылық болатын күнге жету.

4. Алма-кезек өшіп тұру – өмірлік маңызы бар құбылыс

Күні бойы мыңдаған жаман ойдың түнегінде батуыңыз мүмкін. Сондықтан арасында өшіп тұру маңызды. Бұл иммундық жүйеге тыным береді. Сіздің деніңізді сау, бақытты ете түседі.

Бірнеше минутқа миды тыншытып әдеттену керек. Оның ең ұтымды тәсілі – медитация. Санаңызды пайдалы, тиімді құралға айналдырады.

Тағы да. Демалыс туралы. Белсенді демалысты таңдаңыз. Шаңғы, дайвинг, тауға шығу. Көргеніңізден көбірек ләззат алған сайын ми тез тазаланады.

5. Миды өзгерте аласыз. Тәни тұрғыда.

Назар аударуға тиісті жұмыспен айналысып жатсаңыз, миыңыз әп-сәтте жаңа жүйке талшықтарының байланысын белсенді түзеді. Мұндай үдерісті биологтар нейропластика деп атайды.

Ол былай жүзеге асады. Арықтай алмаймын деп ойласаңыз, уақыт өткен сайын осы ойға беки түсесіз. Осы бейсаналы ойды: «Мен керемет күйдемін» деген оймен алмастырсаңыз, ми күнделікті сол ойға жаңа нейронды талшықтарды байлай береді. Жаңа мүмкіндіктерді көп байқайтын боласыз. Бейсаналы түрде жаңа көкжиекке қадам басасыз.

Өз санаңызды өзіңізге бағындыра аласыз. Қалаған нәрсеңіздің бәріне қол жеткізуіңізге мүмкіндік бар. Бастысы – соған сеніңіз! Өйткені, кез келген физиологиялық үдеріс ойдан басталады. Ой сіздің санаңызда туады.

 

Аударған Шынар Әбілдә


ПІКІР ҚАЛДЫРУ