Министр Күләш Шәмшидинова мұғалімдер жалақысының көтерілетінін айтты

0
2425
Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова

Маңғыстау облысына іс сапармен барған білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қаладағы жоғары санаттағы мұғалімнің жалақысы 158034 теңге, ал ауылдық жерлерде 180908 теңге болатынын хабарлады.

К. Шәмшидинованың айтуынша, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға дейін артқаннан кейін мұғалімдердің де жалақысы артады. Министрдің пікірінше, жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін көтереді, жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы бастама болмақ.

Жұмыс сапары аясында Министр Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Алдымен мектеп-гимназияның педагогикалық құрамымен кездесті. Сондай-ақ, IT-сыныбы мен робототехника сыныбындағы оқушылардың жұмысымен танысты.

Айта кетейік, 2018 жылы Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 2018-2019 оқу жылында 2 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жалпы, қалада 24 орта мектеп жұмыс істейді, онда 30579 оқушы оқиды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ