Өмір философиясы (сабақ жоспары)

0
3622
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: Өмір философиясы

Жоспар:

1. ХІХ-ХХ ғ. Батыстың өмір философиясы.

2. Өмір онтологиялық және аксиологиялық ұғым ретінде.

3. Өмірлік мәні мәселесі.Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде.

1. ХІХ-ХХ ғасырдағы бейклассикалық идеалистік философияның 2 бағыты бар.
Олар: иррационализм, өмір философиясы.

Иррационализм – табиғатағы логикалық байланыстардың болуын, қоршаған дүниені тұтас және заңды деп қабылдауды терістеп, Гегель диалектикасын және ондағы даму идеясын сынады. Иррационализмнің басты идеясы – қоршаған дүниенің тұтастығы, ішкі заңдылығы жоқ, ақыла емес аффектіге, ерікке бағынады, әлем түйдектелген хаос деп түсіну.

Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788-1860) – волюнтаризмді негіздеуші.

Волюнтаризм – қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде» атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет.

Субъективті қабылдаудың құрылымы күрделі емес, ол:

1. тікелей таным;

2. рефлективті таным;

3. интуиция арқылы іске асады.

Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы –ерік.

— Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;

-Ол – тіршілік негізінде жатқан космостық күш;

— Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады; — өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар;

— дүние – еріктің жүзеге асуы. Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді.

Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді. Өмір философиясының өзекті ұғымы – адам үшін басты және шынайылық — өмір ұғымы.

Өмір философисыныңнегізін салушы Фридрих Ницше (1844-1900). Оның ойынша, философиясының мақсаты – адамның қоршаған дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу. Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр.

Ницще адам еркін бірнеше түрге болді:

— өмірге деген ерік; — адамның өз ішіндегі ерік;

— басқарылмайтын бейсаналық ерік – аффектілер;

— билікке ерік.

Ницще еріктің соңғы түрі «билікке ерікке» көп көңіл болді, ол адамның бәріне тән. «Билікке ерік» табиғаты бойынша Өзіндік сақтау инстинктіне ұқсас.

Вильгелм Дильтей (1833-1911) қоршаған дүниенің көптүрлігі мен адам өмірінің бірігейлігі туралы идеяны ұстанды. Гегель философиясын сынап, «ойлаудың» орнына «өмір» ұғымын қоюды ұсынды. Өмір – адамның дүниедегі болмысының тәсілі. Өмірдің белгілері: тұтастық; көптүрлі рухани бастамаға ие; жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте.

Дильтейдің пікірінше, философия өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс ретінде қарастыруға тиіс. Дильтейдің пікірінше, тарих – прогреске апаратын айқын және заңды процесс емес, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды иірімге тартатын хаос, кездейсоқтар тізбегі. Тарих барысын өзерту мүмкін емес.

Серен Кьеркегор (1813-1855) Данияның философы. Еңбектері: «Немесе немесе», „Үрей мен қалтырау“, „Ажалға бастайтын ауру“. Ол Гегель философиясын сынға алды. әсіресе оның рационализмінің өз шегіне жетіп, панлогистік дәрежеге көтерілді. Гегель бойынша болмыс – ойлаумен тең, ал ақыл-ойдың шеңберінен шығатыннның бәрі ақиқат емес. Кьеркегор оған үзілді-кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес. Кьеркегордың тағы бір қарсылығы адамды объект ретінде қарап зерттеу.

Оның ойынша адам – рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі, ол – рух. Ал рух – ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді емес. Философияның негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша „Шындық – ол ішкі дүние. Менің өз Меніме деген қатынасым“. Адамның ішкі өмірі объект бола алмағандықтан танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады.

Сондықтан Кьеркегор адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа катигорияларды ендірді. Олар. өмір сүру, үрей, сәт, шешім, шектілік және шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә және күнә, қайта туылу. Осы ұғымдар арқылы адам ішкі тебіреністерін беруге болады. Кьеркегордың анықтауынша, өмір сүру дегеніміз – ол тебірену, зардап шегу, соның шеңберінен шығуға бағытталған адамның еркі. Өмір сүру – адамның алындағы мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдау, өзінің қайталанбас болмысын іске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну, ішкі шектелген мен шексіздіктің арасын таңдау, соған байланысты үрей, шешім және секіріс.

Шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тылғаның ерікті таңдауымен байланысты. Мұндағы секіріс Гегельдегі пікірінен өзгеше – ол ешбір нәнекерлікті талап етпейді, ол – зерденің шеңберінен шығып, кететін рухтың іс-әрекеті.

2. Әлемдік және отанық философида көптеп талданған мәселенің бірі, адамзат баласының ғұмырында болатын, болмыстың шектілігін көрсететін құбылыс – өлім мәселесі болып табылады.

Өлім – дөңгеленген дүние болмысының болмай қоймайтын заңдылығы ретінде қарастырылады және ол әр дәуірде туып, ғұмыр кешкен қаламгерлердің туындыларынан да көрініс тауып, мәңгілік тақырып өзегіне айналды. Олардың қай-қайсысы да адам және адам болмысының шынайлығы ретіндегі өмір мен өлімді және адам табиғатына қатысты ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық сияқты этикалық мәселелермен сабақтастыра талдады.

Оның ішінде өмір мен өлім мәселесін кеңінен сөз етіп, өздерінің осыған орай күйініш-сүйініштерін әрқайсысы өз танымы тұрғысынан, көркемдік шеберлігінің деңгейімен өрнектеп, көкіректерге құяды, адамды өз өміріне мәндік тұрғыдан қарауға ой салады. Бір ғажабы, олар өлім мәселесін талдағанда шын жүрегімен сезініп, жүдеу сезімімен бейнелеген. 3. Шығыс шайырлары болсын, қазақ ақын-жыраулары болсын адам баласының өмірі, тағдыр-талайы хақында тебірене жырлауының өзінде үлкен мән болса керек.

Олар өмір мен өлім туралы тұжырымдарында бұл мәселе туралы ойлау мен дүниетанымның түрлі бағыттары тұрғысынан талдаған. Ойлап қарасақ, адамзат баласы шыр етіп жерге түскенде ештеңеден хабарсыз, жан баласына зияны жоқ, бейкүнә сәби екені анық. Саналы тіршілік иесі діни дүниетанымда, бір-бірімен дүниеде екі рет теңесетіндігі бейнеленеді. Ол бірі жарық дүние есігін ашқана, екіншісі дүниеден өткенде.

Шынында да, күллі тіршілік иесінің бәріне бір туу, бір өлу бар. «Өмірдің түбі – өлу, шырақтың түбі – сөну» деген халық мақалын ескерсек, бәрі – табиғи заңды құбылыс. Ұлт танымында да «тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірдің өлшемі – уақыт» деп түсінік бар. Яғни, өмір белгілі бір мезгіл өлшеміне тәуелді.

Демек, барша тіршілік иесінің белгілі бір уақыт мөлшері аралығындағы іс-әрекетінің аяқталуы – ажалмен астасу. Сол себепті де батыстық ойшылдар да. Шығыс классиктері де, қазақ ақын-жыраулары да адам тіршілігінің ақиқатты болып табылатын өмірің жарқын тұсатары мен өмірлік мән-мағына және өлім феномені жайлы тоқтаусыз толғанып, осы мәселенің төңірегіндегі мәндімағыналы тұжырымдарын берген. Бұл тұжырымдар әрбір адамға өмірді мән-мағыналық тұрғыдан саралауға, өмірді мән мен өнегелі істермен толтыруға бағыттайтын құнды дүние болып табылады, яғни өмір құндылық ретінде бағаланып, ажал адам мойндауы керекті тіршіліктің соңғы ақиқаты екендігін көрсетеді.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Экзистенциализм философиясындағы болмыстың қандай формасы басты болып табылды?

A. табиғат болмысы
B. сана болмысы
C. қоғам болмысы
D. адамның жеке болмысы*
E. мәдениет болмысы

2. Өмір мен өлім арасындағы кезеңдң«Шекаралық жағдай» ұғымымен бейнелеген экзистенциализм өкілі:
A. К. Ясперс*
B. И. Кант
C. Г. Гегель
D. Ф. Ницше
E. Л. Фейербах

3. ХХ ғасырдағы және қазіргі философия дамуындағы антропологиялық бағытқа қатысты философиялық мектептерді атаңыз:
A. Өмір философиясы, экзистенциализм, персонализм, психоанализ
B. Позитивизм, неопозитивизм, ғылым философиясы, структурализм
C. Эмпиризм, рационализм, сенсуализм
D. номинализм, реализм, субъективті идеализм
E. буддизм, христианшылдық, ислам

4.Өлімнен қашып өлместікке жетуді іздеген ойшыл —
A. Асан Қайғы
B. Ахмет Иассауи
C. Қорқыт
D. Тоңыкөк
E. Анахарыс

5. Абай философиясындағы басты мәселе —
A. табиғат мәселесі
B. өнер мәселесі
C. таным мәселесі
D. жүрек мәселесі
E. адам мәселесі

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі
  2. Әлемді философиялық талдаудың негіздері: сана, жан және тіл
  3. Онтология болмыс туралы ілім
  4. Адам және оның құндылықтық әлемінің философиясы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ