Адам және оның құндылықтық әлемінің философиясы

0
8034
Freepik.com

Тақырыбы: Адам және оның құндылықтық әлемінің философиясы

Жоспар:

1. Антропологиялық философияның негізгі мәселелері мен сұрақтары.
2. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
3. Адам, индивид, тұлға ұғымдары.

1. Философиялық антропология төмендегілерді оқытады:

 Адам табиғаты мен мәнін;

 Антропогенез –адамнның пайда болуын;

 Сананың пайда болуы мен сананың мәні;

 Адамның психикалық әлемін,

 Адамның жасырын рухани күшін;

 Адмның тіршілік ету мәнін;

 Өмірден кейінгі өлім мәселесін;

 әлеуметтік құбылыстарға деген адамдардың құндылықты қатынастары;

 Адамның рухани дамуын;

 Адамзат эволюциясының болашағын;

 Адам өмірінің мәнін;

 бостандығы мен жауапкершілік;

 Антропологиялық биоэтика мәселелерін және т.б.

Адам мәселесі философияның пайда болуының алғаашқы күнінен бастап көтерілді.
Ерте заманғы философияда (Көне үнді, қытай, грек философиясында) адамды –
микрокосмос ретінде қарастырған. Адамның саналы, рухани пенде ретінде мәңгі, шексіз рух ретінде қарастырған Үндінің Його, веданта мектептері болса, Г.Гегель де осы оймен бөліскен. Аристотель адамды саяси жануарға теңеп, адам табиғатынан бірлесіп, бірбірінің қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамда өмір сүретіндігін айтқан.

И.Кант адамның моральдық жағына мән беріп, адам ор-ұжданныңиесі деген. Осы ойды Абай да, Шәкәрім де бөліскен. Олар адамның бойындағы ар-ұятты адамдыққа теңдестірген. Австрия ғлымы В. Франкл Құдайда ғарыштан емес, адамның ішкі ар-ұятынан іздеу керек деген. Ал с. Кьеркегор Адмды таңдай білетін тірішілік иесі деген, яғни адамның таңдауы оның санасы мен ар-ұжданы, сенімін көрсететін, теңдесі жоқ тіршілік иесі екендігін айтты.

Адам мәнін анықтауда да көптеген ыңғайларды көрсетуге болады, олар:

— Биологиялық (натуралистік ыңғай) – адам мәні табиғи бастамдан – биологиялық
тәнде жатыр деп есптейді (Чарвака, Ламетри, Гоббс, Фейрбах)

— Әлеуметтік ыңғай – адамның мәні әлеуметтік қарым-қатынаста анықталады.
(Маркс және оның жақтаушылры)

— Теологиялық – адамның мәні – жанында, ол рухани бастаманың бейнесі деп
есептелінеді. (христиан, ислам, индуистік философия)

— Әлеуметтік-ғарыштық ыңғай үш аспектіде қарастырылады1) ғарыштық; 2)
әлеуметтік; 3) биологиялық (материалды) (Теософия, Тірі этика ілімі).

Антропогенездің негізгі концепциялары.

— Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс
эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.)

— Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи жолмен
адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч.
Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, позитивизм)

— Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық, биологиялық
эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.)

2. Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерінде адам болмысының
этикалық жақтары: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ерлік пен батырлық мәселесі, еріктілік пен бостандық мәселесі, ар-намыс, аброй катигорияларын тереңінен қарастыру; адам мәселесі, оның өмірі мен тіршілік етуінің мәні туралы философиялық ойтұжырмдарның мәні жоғары. Ақын жыраулардың ой толғауларынан далалық мәдени дәстүрдің ерекшелігін, көшпелілер дүниетанымы, адами мінез-құлықтарын, моральдықэтикалық ұстанымдары айқын аңғарылады.

Абай өзінің философиялық антропологиясында адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Ағартушылық идеясы басым болған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен.

Шәкәрім Құдайбердіұлы адамның адамдығы мен адамгершілік қасиеттерінің негізі,
қоғамдық дамудың көзі деп қарастырып, ар ілімімен қоғамдық дамытудың негізі мен оныңдамуының жолын көрсетіп берді.

3. «Адам» түсінігі барлық адамдарға тән биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
аспектілерді қамтиды. Биологиялық түр мен әлеуметтік топтың жалғыз өкілі индивид.
«Индивид» -«тұлғаға» өту жолындағы алғашқы баспалдық. Екінші баспалдақ
«индивидуалдылық», оның мазмұнына жеке адамға тән (психофизиологиялық құрылым, қоғамдағы рөлі мен орны, іс-әрекетінің бағыты, т.б.) қасиеттер кіреді. «Тұлға» дегенімізбелгілі-бір өмірлік мұраты, мәдени деңгейі, қоғам алдындағы өз құқығы мен міндетін білетін адам. Тұлға қоғам түсінігімен тығыз байланыста болады.

Адам тіршілігі ең басты сапа болғандықтан, оның үш компоненті бар:

— биологиялық компонент тәндік, анатомиялық ерекшелік, жүйке жүйесі сияқты
адам мүшелері мен денсаулығының күйін анықтайды;

— психологиялық компонент адам психикасындағы ой, ақыл, сезім, елес, түйсік, мотв,
ес сияқты мінездемелерін айқындайды;

— әлеуметтік компонент моральдық принциптерді, құндылықтар жүйесін, әлеуметтік
тәжірибені, адам шеберлігі мен икемділіктерін қоғаммен байланыста қарастырады.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Философия тарихында адам мәселесін ерекше тақырып етіп қойған кім?
A. Платон
B. әл Фараби
C. Аристотель
D. Кант
E. Сократ*

2. Адамның өзіндік құндылығын мойындайтын көзқарас жүйесі —
A. рационализм
B. эмпиризм
C. сенсуализм
D. гуманизм*
E. космогонизм

3. Тұлға ұғымы нені білдіреді:
A. Адам индивидінің әлеуметтік сапасын, оның бірегейлігінің, даралылығының өлшемін;*
B. Адамның биологиялық ерекшеліктерін;
C. Адамның өзіндік санасын;
D. Адамның психикалық күйін;
E. Адамның сыртқы пішінін.

4. Адам мәнінің маркстік түсінігі қандай?
A. Әлеуметтік-еңбектік;*
B. Биологизаторлық;
C. Теологиялық;
D. Космопланетарлық;
E. Экзистенциалдық.

5. Антропогенездің теологиялық тұжырымын көрсет:
A. Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті;*
B. Адам табиғи жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар
негізінде пайда болды;
C. Адам ғарыштық, биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және
биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда
болды;
D. Жоғарғылардың барлығы;
E. Ондай тұжырым жоқ

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Онтология болмыс туралы ілім

  2. Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі

  3. Ферменттерді бөліп алу және тазарту

  4. Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

  5. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

  6. Витаминдердің аталуы және жіктелуі
  7. Витаминдер және витамин тектес заттар
  8. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ