Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі

0
12552
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ.

Жоспар:

1. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия.
2. Философия – даналыққа құштарлық ретінде.
3. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен
ұлттық санасындағы өзгерістер шарты.

1. Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік таным арқылы
заттар мен құбылыстар тұралы үстірт, қарапайым білімдерге ғана қол жеткізе аламыз.
Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып танылады.

Ойлау адам санасы мен объективті шындық арасындағы диалектикалық бірлікті білдіреді. Ол адамның сыртқы дүниемен қарымқатынас процесінде туындап отыратын, өте күрделі және маңызды, түпкілікті процесс. Ойлау – қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл ойлаудың дамуы мен іске асуының қозғаушы күші. Ойлаудың пайда болуы – белгісіз нәрселерге зер салу мен таныпбілуге деген қызығушылықтан туындайды.

Әлем шексiз, соған орай дүниенi танып бiлу де шексiз. Адамның ойы сол шексiз әлемдегi нәрселердiң сырын, құпиясын бiлуге бағытталады. Әрбiр адам ойланып-толғанғанда өзiне беймәлiм нәрселердiң сырын ашып, жаңалықты бiледi.

Ойлау дегенiмiз- әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен тығыз байланысты
психикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың, дүниедегi нәрселердiң жалпы және жанама
бейнеленуi. Бұл бейнелену адам ойының талдау және бiрiктiру әрекеттер арқылы
танылады. Бiр сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы жанама
жолмен бiздiң санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi. Ойлау адамның өмiр тәжiрибесi мен практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде пайда болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң шеңберiнен әлдеқайда асып түседi.

2. Дүниені танып білуге деген қызғушылық философияның пайда болуына түрткі
болды. Философия – даналыққа құштарлық (Пифагор). «Философия – сенің ойлауыңның жемісі болып табылады және сенің өзіңде өмір сүреді» (Т. Гоббс). Философиның пәніойлаудың жалпы заңары болып табылады. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Сондай-ақ. философияға сұқбаттық сипат және эвристикалық мүмкіндіктер тән.

3. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық
санасындағы өзгерістердің шарты.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1)Адам қабiлеттiнің ең жоғары деңгейi болып табылады:
A. Данышпандық*
B. эмоционалдық
C. қызығушылық
D. дербестiк
E. ниет

2)Ойлау бұл –
A. Адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері
бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде әр түрлі байланыстарды ашатын
психикалық процесс*
B. Затттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі
C. Адам санасынығ белгісіз затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс
D. Адам ойының түрлі формаларын есте қалдыра алу қабілеті
E. Адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, лорынсыз сөйлеуден, юосқа кұйіп-пісуден бойын
тежей алу қабілеті

3) Ой операциясы
A. Талдау*
B. Сезімталдық
C. Жүйке жүйесінің күші
D. Тітіркендіргіш
E. Саты

4) Философиялық ойлаудың мәселелері тікелей неге қатысты?
A. табиғи құбылыстарға
B. тұтастай обьективті әлемге*
C. әлеуметтік өмірге
D. саяси қозғалыстарға
E. құқықтық нормаларға

5) Философиялық ойлауды негізгі белгісін анықтаңыз:
A. эмоционалдық, символизм
B. ақылға (рационализм), күмәндануға, универсализмге сүйену*
C. догматизм
D. мәртебеге сүйену
E. практикалық әрекет

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Ферменттерді бөліп алу және тазарту

  2. Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

  3. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

  4. Витаминдердің аталуы және жіктелуі
  5. Витаминдер және витамин тектес заттар
  6. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ