Витаминдер және витамин тектес заттар

0
2189
Freepik.com

Витаминдер — әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар.

Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады. Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н. И. Лунин ашты. Ол тәжірибені ақ тышқандардың 2 тобына жүргізді.

Бірінші топтағы тышқандарға қолдан жасалған рацион, ал екіншіге — сүт берген. Бірінші топтың тышқандары 20-30 күннің арасында өлген.

Екінші топтың тышқандары тәжірибе жүргізілген 10 аптаның ішінде суығып кеткен. Тәжірибесіне сүйенген Н. И. Лунин тіршілікке  өте аз мөлшерде қажетті, тағамның құрамды бөлігі болып табылатын, тағы бір әлдеқандай қосылыстардың керек екндігін анықтады.

Голландия дәрігері Х. Эйкман 1896 жылы аса таңырқалық құбылысты байқады. Ол адамдардың ұзақ уақыт бойы ақталған күріш жеуінен аса қатерлі дерт “ бери- бери” деген ауруға ұшырайтындығын анықтады.

Ақталған күрішке оның кебегін қосқанда, тәжірибедегі тауық та, ауруға шалдыққан адам да  сауыға бастаған. Осыны негізге алған Эйкман, күріш кебегінде зат алмасуға өте қажетті белгісіз бір зат бар деген болжам жасайды.

1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен, құрамында азоты бар, кристалды затты бөліп алып, оған витамин деген ат берді

Бұдан кейінгі кезендерде витамин мәселесін тереңірек зерттеу ісі басталды. Витаминдерге ұқсас заттар да тексерілді, химиялық аттар қойылды. Витаминдердің организмге тигізетін әсерлері анықтала бастады, сауықтыратын мөлшері тексерілді, оларды зерттеу жұмыстары үдей түсті.

Витаминдердің жетіспеуі — цивилизацияның ауруы. Бүгін де бұл құбылыстардың себептері айқындалды.

Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің көп  мөлшерде жетіспеуінің салдарынан болатын организмдегі қалыптпн тыс өзгерістер, құбылыстар.

Гиповитаминоз — витаминдердің біреуінің аздаған бөлігі жетіспегенде болатын құбылыстар, өзгерістер. Әрине, гиповитаминоздың қай витаминнің жетіспеінен пайда болатынын анықтау қиынға соғады. Себебі, бұл өзгерістердің сыртқы белгілері көмескі келеді.

Поливитаминоздер организмге көптеген  витаминдердің жетіс пегендігінен болатын өзгерістерді айтады.

Гипервитаминоз, егер витаминдерді үздіксіз өте көп қабылдас пйда болады. Витаминдердің азықта шектен тыс көп болуы зиян келтіреді.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі

  2. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі

  3. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы

  4. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ