Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі

0
1297

Тканьдер стеридтері экзогендік (азықпен келетін) және эндогендік (организмде пайда болатын) холестерин мен жоғары май қышқылдарынан түзіледі.

Холестериннің ең үлкен мөлшері бауырдың, мидың, бүйрек үсті бездерінің тканьдерінде пайда болады. Биологиялы түзілуіне шикізат болып сірке қышқылы, сірке альдегиді, ацетон сірке қышқылы, ацетон, изовалериан қышқылы, мевалон қышқылы және басқалары қызмет етеді. Ацетил —  КоА құрылыс блогы болып келеді.

Холестериннің биологиялық түзілуі бірнеше сатылар қатарынан тұрады. Соның бірі изомерлену реакциясы:

изопентилпирофосфат→диметилаллипирофосфат→геранилпирофосфат (С10)→ фарнезилпирофосфат (С15) → сквален (С30) → ланострен → холестерин.

Фосфатидтердің түзілуі. Тканьдерде, клеткаларда жекеленген түрлері: глицеро —  инозит —  және сфингозинфосфатитер түзіледі. Глицерофосфатидтердің түзілуінің алғашқы сатылары майлардың биологиялық түзілуімен бірдей болып келеді.

Пайда болған α, β —  диглицеридтері активтелген азоттық негіздермен әрекеттесіп тиісті фосфатидтердің молекуласы құрады. Активтену мынадай түрде өтеді: азоттық негіздер фосфорланады. Мысалы, холин холинкиназа ферментінің әсерімен фосфорилхолинге өзгереді.

фосфорилхолин холинфосфатцитидилилтрансфераза ферментінің әсерімен цитидинтрифосфатпен (ЦТФ) әрекеттесіп цитидинқосфосфат —  холинге (ЦТФ —  холин) өзгереді.

ЦДФ —  холин холинфосфатрансфераза ферментінің әсерімен α, β — диглицеридпен реакцияға түсуі фосфатидпен цитидинмонофосфаттың (ЦМФ) пайда болуына әкеледі.

ЦММ ГТФ —  аденилатриклаза ферментінің әсер етуімен АТФ —  мен әрекеттесіп ЦТФ —  қа өзгереді:ЦМФ + 2АТФ → ЦТФ + 2АТФ.

ЦТФ азоттық негіздердің фосфаттарының жаңа үлестерімен (порциясымен) реакцияға түсіп, ерекше жылдамдатқыштық қызмет атқарады. Қалған фосфатидтердің түзілуі осындай ұқсастықпен өтеді. Ең жоғары дәрежеде алмасу фосфатидтерге өте тән қасиет.

Гликолипидтердің түзілуі. Барлық гликолипидтердің ішінде әбден толық ерттелгенге цереброзидтер жатады. Бұл процеске көптеген ферменттер, коферментер, магний иондары және т.б. заттар қатысады.

Реакциялар мынандай бірізділікпен өтелді:

1) пальмитил —  КоА —  дан пальмитил альдегиді пайда болады;

2) пальмитин альдегидінің серин амин қышқылымен қоюлануымен (конденсациялануынан) дигидросфингозин пайда болады;

3) дигидросфингозин сутексізденеді де сфингозинге айналады;

4) сфингозиннің ацилдену реакциясына душар болуынан церамид пайда болады;

5) церамид УДФ —  галактозамен реакцияға түсіп цереброзид түзеді.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі

  2. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы

  3. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ