Витаминдердің аталуы және жіктелуі

0
3472
Freepik.com

Витаминдерді осы уақытқа дейін латын алфавитінің үлкен әріптерімен атайды. Витаминдер жайында ілімнің даму барысында әріптік белгілеуді кеңейтіп, оған сандық белгіні қосты.

Кейіннен химиялық құрылысы бойынша атау ұсынылды: тиамин, рибофлавин және т.б.

Кейбір витаминдердің шартты аттары қолданылып жүр: Д —  кальциферол, Н- биотин.

Аурудың өзіне тән ерекшелігі екі жолмен аталады:

а) арнайы медициналық атымен. Мысалы: рахит, скорбут.

в) латын алфавитінің әріптерімен. Мысалы: авитаминоз Д.

Авитаминоздық аурудың атының алдына “анти” қосымшасын қою арқылы атау да бар. Мысалы: антирахиттық.

Сонымен, қазіргі уақытта әріптік, тривиальды (организмге тигізетін әсерінің ерекшелігі бойынша) және химиялық аттары қолданылады.

Витаминдерді физикалық және химиялық жіктеулерге бөледі.

Химиялық жіктеулер молкуласының құрылысыны негізделген (ароматтық, немесе гетероциклді және т.б. қатардағы).

Витаминдер ерігіштік белгісіне қарай екі үлкен топқа: майда және суда еритін витаминдер болып бөлінеді.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Витаминдер және витамин тектес заттар

  2. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі

  3. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі

  4. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы

  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ