Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

0
2104
Freepik.com

Суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде ериді. Ортаның рН мәнінің өзгеруіне,жоғары  температураға тұрақты.

Әдетте, пластикалық қызмет атқарады. Мал организмінде түзілмейді. Оған жататындар: А, Д, Е, К, Ғ.

А витамині (антиксерофталмалық витамин, ретинол)

Өзінің “А витамині” деген атын 1916 —  жылы алған. А витаминінің табиғи қосындылары А1, А2, А3  болып бөлінеді.

Химиялық құрылысы жағынан құрамында Ω- ионон сақинасы, бүйірінде төрт қос байланысты изопреннің екі қалдығы және «ОН» тобы бар спирт болып келеді.

«А» тобындағы витаминдер— түсі сарғыш, салқын температурада кристалданатын зат. 120º-130º — қа деін қыздыруға төзеді. Оттегі бар жағдайда ол жылдам тотығып, бүлінеді. Күн сәулесінің әсерінен молекуласы тез бұзылады.

А — витаминінің организмге жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әртүрлі ауруларға әкеледі.

«А» авитаминозының ерекше белгілері.

Эпителийдің қабынып, зақымдануы. Малдың тыныс алу, ас қорыту, жыныс органдары эпителийінің қабығында патологиялық өзгерістер қалыптасады. Атап айтқанда, тері мен мұрын, жұтқыншақ пен көмей, бронхылар мен өкпе, ас қорыту және несеп бөлу орталық жүйке жүйесі органдарының  кілегей қабаты қабырщақтана бастайды.

Осының салдарынан және май мен тері бездерінің қызметі бұзылғандықтан тері құрғақ тартып, оның беті кедір — бұдырлана бастайды. Мойын, жақ, арқа бойы және құйрық түбіндегі теріде кебек тәрізді қабыршақтар пайда болады. Өкпеге зиянды микробтар ауа арқылы кіріп, оның қабынуына себепкер болады. Организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, ло фолликулярлы гиперкератоз ауруына шалдығады.

Жұлын мен орталық жүйесінің кілегей қабаты қабыршақтанғандықтан жануарлардың жүріп тұруы өзгеріп, бұлшық еттері босаңсып, тарамыстары тартылып, сал (паралич) ауруына шалдығады.

Ұрғашы малдың қынабы мен жатырының кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекуі нашарлайды. Жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін. Төлі кішкентай болады. Сиырлардың жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады.

Еркек малдың жыныс бездері өзгеріп, сперматогенез, немесе ұрықтың пайда болуы бұзылады.

Тауықтың жұмыртқалау қабілеті төмендейді де жұдыртқа сары уызының түсі солғынданады.

Көздің төр қабатының зақымдануы. «А» витамині жетіспесе, көздің қараңғыда жөнді көрмеуі салдарынан тауық соқырлығы немесе гемералопия пайда болады. Оның себебі мынада, көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин деген белок пен А витаминінен құралған.

Жарық түскен кезде родопсин осы айтылған екі затқа бөлінеді. Қараңғыда екі зат бірігіп, қайтадан родопсин пайда болады. Ал, көздің жарық сезгіштігі осы родопсиннің шоғырлануына (концентрациясына) байланысты.

«А» витамині аз болса, көздің мүйіз қабығы құрғап кетеді. Ол қабыршақтанып, кеңіп, мөлдірлігін жоғалтқаннан кейін ксерофтальмия ауруы пайда болады. Жас бөлетін бездер өзгерістерге ұшырайды. Жас ағуы азаяды. Көзге түскен шаң тозаңды жас жуып —  шайып, өзінің құрамындағы лизоцим арқылы микробтарды жояды.

Ал, ксерофтальмия жағдайында көздің мөлдір қабатына микробтар кіргендіктен ло қабынады, жұмсарады және онда жара (теріскен) пайда болады. Кейін осы жаранының орны ағарып, ноғала пайда болады да, көздің көрі қабілеті төмендеп жанары зақымданады. Ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. Бұл өзгерістерден соң көз жартылай, немесе толығынан көрмей қалйы мүмкін.

Кератомаляция ауруы кезінде көздің мүйізгек қабығы жұмсарып, ыдырайды. Көктемге қарсы мал (бұзау, кейде торай, қозы) денесінде А витмамині жетіспеуден, сондай- ақ титықтап арықтау салдарынан болатын дерт.

Азықтармен бірге түскен А витамині қарында өзгеріске ұшырамай ішекке барады, мұнда оның көбі сіңіріліп, бауырға келіп, қорға айналады. Бауырдан қанға А витамині спирт түрінде түседі. А витаминінің сіңірілуі оның баырдағы қоры мен қандағы мөлшеріне байланысты.

Каротиннің А витаминіне ауысуы негізінен аш ішек қабырғаларында, ал аз мөлшерде бауыр мен қанда болады. Ауысу каротиназа ферментінің әсерімен өтеді. Түліктердің каротинді А витаминіне ауыстыру қабілеті әр түрлі.

Мысалы, ірі қарада, жылқыда сіңірілген каротиннің біраз бөлігі қанның сары суында, май қоймаларында, бауырда, сүтте, ал құстарда жұмыртқада сақталады Шошқа, қой мен ешкі организмінде оның қоры жоқ Аталған түліктердің организмінде каротиннің болмауы оның толығынан А витаминіне ауысатынын көрсетеді.

А витамині жануарлар клеткалары мен тканьдеріндегі химиялық процестерге қатысады, ол белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуына тікелей қатысады. Сонымен қатар тыныс алу және энергияның алмасуына да әсер етеді.

А витамині мен микроэлементтер арасында да байланыстар бар. Мысалы, А —  гиповитаминозымен ауырған бұзаулардың қанында кобальттың мөлшері азаяды.

Екінші бір мысал: А витамині мыстың катализдік активтігін реттей отырып, эпителийде үдеп кеткен қабыршақтану процесін төмендетеді.

«А» витамин қоры денсаулық сақтауға, жоғары өнім алуға, А — авитаминозымен күресуге керек. Өсімдітер, балық өнімдері, жұмыртқа, теңіз жануарларының бауыры, жануар тектес азықтар, көк шөп, сүрленген жүгері А витаминінің негізгі көзі болып табылады.

Өнеркәсіпте шығарылатын А витаминінің концентраты балықтар мен теңіз аңдарының бауыр майынан жасалады. Мұның витаминдік активтігі балық майымен салыстырғанда 400-800 есе көп.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Витаминдердің аталуы және жіктелуі
  2. Витаминдер және витамин тектес заттар

  3. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі

  4. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі

  5. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы

  6. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ