Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

0
1988

Д тобындағы витаминдердің ішінде Д2 (эргокальциферол) және Д3 (холекальциферол) витаминдері мал ауруларынан алдын ала сақтандыру немесе емдеу үшін қолданылады.

Химиялық құрылысы жағынан Д витаминдері- жоғары молекулалы спирттер, циклопентанпергидрофенантрен туындысы болып келеді.

Бұл витаминдер түссіз, иіссіз, дәмсіз келеді. Майда, эфирде, спиртте, хлороформда, органикалық ерітінділерде кристалдар түрінде кездеседі. Олар 77-115º С ыстыққа ұзақ уақыт төзе алады және сілтілердің әсерінен бұзылмайды.

Формалин, сутек оксиді, минералды қышқылдар витаминдердің құрамын бұзып, олардың емдік қасиеттерін жояды. Жануарлар мағылшын ауруыен өсімдік тканьдерінде физиологиялық активтігі жоқ Д провитаминдері пайда болады. Олар май тәрізді заттарға жатады. Бұл заттарда күннің күлгін сәулелері әсерінен Д витаминінің биологиялық активтігі арта түседі.

Д2 витамині күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен эргостерин провитаминінен пайда болады. Бұл құбылыс өсімдіктерде кездеседі.

Д3 витамині 7- дегидрохолестерин провитаминінен, ультракүлгін сәулесінің әсерімен, жануардың тер астындағы талшықтарында түзіледі.

D авитаминозының белгілері:

Бқл  витамин азықтарда болмағанда, немесе, жетіспегенде төлдерде рахит, ересек малдарда — остеомаляция, ал кәрі малдарда- остеопороз аурулары дамиды.

I. Рахит — ауруы организмдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.

Рахит бұрыннан белгілі. Англияда жас балалардың арасында жиі тарағандықтан оны «ағылшын ауруы» немесе «жас өспірімдер ауруы» деп атаған.

Рахит мал төлдерінің барлық түрлерінде, әсіресе торайларда, құлындарда, бұзауларда және балапандарда жиі кездеседі. Бұл ауруда төлдердің өсіп — жетілуі тежеледі, олар тәбетінен айырылады, қарны қампиады, іші өтеді, төсеніш, балшық, нәжіс сияқты қоректік қасиеті жоқ заттарға машықтанады, тістері кеш шығады, ақсайды, жүргісі келмей жатып қалады.

Жүйке жүйесінің күйзеліп еліруі, діріл қағуы, денесінің сіресуі, қалшылдауы, сүйектері жұмсарып, аяқтары  О немесе Х тәрізді болып қисаюы байқалады. Қанда кальций мен фосфордың, ал сүекте олардың тұздарының мөлшері тез төмендейді.

Аурудың себептері: азықта Д витаминінің олқылығы қарбалас қалқанша без қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі.

II. Остеомаляция сүйек жұмсаруы, басқаша —  остеодистрофия ауруы. Орталық жүйке жүйесінің және оның вегетатифтік бөлімінің қызметі бұзылдықтан, мал мазасызданып, тәбеті азайып, аузының дәмі кетеді. Жануарлар айналадағы заттарды және бірін-бірі жалап, қабырғаны және ойықты кеміреді, несеп ішіп, астына төсеген сабанды және нәжісін жейді.

Мал көп жатады, әзер дегенде тұрып, әрең жүреді. Бүгілген аяқтарын ұзақ уақыт жаза алмайды. Кейде олар ақсайды. Ешкілермен шошқалар бұл жағдайда бөксесін көте алмай, жорғалайды. Ересек малдың тістері босайды. Бұлшық еттері, әсіресе жүрек еттері құрысқандықтан мал өліп қалуы да мүмкін.

Д витамині ұзақ уақыт жетіспесе құйрық омыртқалар мен қабырғаларымен, жанбас және дақ сүйектерінің, артқы омыртқа өсіктерінің жұмсаруы, талша иілуі, бара-бара көкірек қанқасының табиғи қалпын жоғалтуы пайда болады. Сүйектер жиі сынғыш келеді.

III. Остеопороз сүйек қалыптасқан кезде сіңу процесінің түзілуі процесінен анағұрлым басым болуына байланысты сүйек тканінің селдіреуі болады.

Фосфор —  кальций алмасуындағы тепе-тендік жойылып, сүйектің табиғи формасы мен құрылысында күрделі өзгерістер туады.

Остеомаляция мен остеопороз әсіресе жоғарғы өнімді сиырлар мен шошқаларда кездеседі.

Д витаминінің жетіспеуі құстарға да қатты әсер етеді. Балапандардың өсуі баяулайды, олар тұра алмай, көбінесе жатады, осының әсерінен олардың кеуде сүйегі мен қабырғалары қисаяды, тұмсығы жұмсарып, бүгіледі. Бұлшық еттері дірілдеп, құрысады, Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендеп, жұмыртқасының көлемі кішіреіп, қабағы жұқарады.

Д-авитаминозының кейінгі кезеңдерінде остесмиляция мен остеопороз белгілері білінеді. Тауықтар жүнін үрпитіп, көбінесе жерде жатады. Мекиендердің сүйектері жұмсарады. Аяқтары әлсіз болғандықтан, олар бақанда кеуде сүйегіне сүйеніп отырады. Бұл жағдайда олардың кеуде сүйегі қисаяды.

Аурудың себептері: рационда Д витаминінен басқа, кальций және фосфор тұздары мен белок жетіспеушілігі, кейбір ішкі секрециялы бездердің зақымдануы.

Организмде Д3 витамині ащы ішекте сорылады да сүйектерге, бауырға, миға, бүйрекке және басқа органдарға таралады.

Д витаминінің организмдегі атқаратын негізгі қызметі — фосфор мен кальцийдің алмасуын реттеу. Д3 витамині асқазанда кальцийдің сорылуын жылдамдатады.

Д-авитаминозымен күрес жолдары. Шөпті сақтау мерзімі ұзарған сайын Д витаминінің мөлшері азаяды, ал сүрлемде көбейе түседі. Қыста ересек мал үшін Д витаминінің негізгі көзі ретінде пішен мен сүрлемді, ал төл үшін сүт пен уызды пайдалану керек. Пішенге күнің көзі неғұрлым көп әсер етсе, онда Д витамині соғұрлым көп болады. Сақтаған пішенде Д витаминінің мөлшері біраз азаяды. Бірақ пішен мен сүрлемге 10 минут ішінде кварц шамының сәулесімен әсер етсе, олардағы витамин мөлшері 2-5 есе көбейеді.

Д витаминініңмөлшері шөп ору мерзіміне де байланысты. Мысалы, екінші орылған шөпте біріншімен салыстырғанда Д витамин мөлшері 2-2,5 есе жоғары болады.

Д витаминдерінің активтігі халықаралық бірлікпен /ХБ/ өлшенеді. Кристалды Д3 витаминінің 0,025 мкг ХБ ретінде қабылданды. Осы витаминінің бір грамы 40 млн. ХБ-не тең.

Сиыр сүтіндегі және майындағы Д витаминінң мөлшері оның рациондағы мөлшеріне және организмдегі қорына байланысты. Мысалы, желтоқсанда сауылған 1 л сүтте 12-15 ХБ-Д витамині болса, ал қыстың аяғында сауылған сүтте оның мөлшері 6-8 ХБ-ке дейін төмендейді. Осы мезгілде жануарлар жаз кезіндегі бауыр мен теріде жиналған Д3 витаминінің қорын пайдаланады.

Қыс кезінде күн сәулесі аз болғандықтан провитамин Д витаминіне ауыса алмайды. Сондықтанда ультракүлгін сәулелерін пайдалану керек. Бұл сәулелердің әсерінен организмде фосфор көбірек жинақталады. Ұзын сәулелер теріні қызартып, қанды өзгертумен қатар мал терісінде Д3  витаминінің пайда болуына тигізеді.

Ултракүлгін сәулелердің әсерінен малдың өсуі жеделдейді, өлім-жітімі азаяды.

Күн сәулесі тиген ашытқылар, балық майы, жұмыртқасының сарысы, жазғы сүт, жануар тектес азық-түліктер /сүйек ұны және т.б./, фосфор мен кальцийдің тұздары осы витаминнің қайнар көзі болады. Өндірісте Д2  витаминінің конценттры майлы және спиртті, ал Д3 витамині майлы ерітінді ретінді шығарылады. Майлы препараттары теріге, бұлшық етке енгізіледі.

Д3 витаминінің сүт белогы казеинмен жасанды қосындысы Д3 видеин деп аталады. Бұл препаратың 1 грамының активтігі 200 мың ХБ-ке тең. Осы препаратты құрғақ күйінде концентраттармен араласытрып немесе ыстық суда ерітіп беруге болады.

Украина Ғылым академиясының биохимия институтында видекаротин деген жаңа препарат жасалып шығарылды. Бұл Д3 витамині мен каротиннің белокты қоспасы. Бұл препараттың 1 г-да 200 мың ХБ Д3 витамині және 1,5 мг каротин болады.

Д витамині препараттарының организмге тигізетін әсері олардың енгізу әдістеріне және мөлшеріне байланысты. Балапандарға және метін торайларға жүргізілген  тәжірибелер Д2 витаминін еккенен гөрі азықтармен бірге берген тиімді екенін көрсетті. Ал сиырларға Д витаминін тері астына егу басқа әдістермен салыстырғанда әлдеқайда әсері. Неғұрлым препарат сирек енгізілсе, соғұрлым оның мөлшері көбірек болуы тиіс. Ал көп мөлшерде берсе, ол организмді  уландырыпжіберуі ықтимал.

Д витаминінің малға қажеттілігі рационды кальций мен фосфор шамасына байланысты. Мысалы, сауын сиырдың рационында кальцийдің фосфорға қатынасы 2 немесе 1,5:1 болуы керек.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

  2. Витаминдердің аталуы және жіктелуі

  3. Витаминдер және витамин тектес заттар

  4. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі

  5. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі

  6. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ