Мұқағали Мақатаевқа арнау

0
5368

Артқа тастап замандарды, бағып өр мен ылдиды,
Өмір — теңіз айдынында уақыт аққу сырғиды.
Мен тірлікті танымас емес, танымас ем тылсымды,
Сенің жырың сәуле шашты , жүрегіме нұр құйды. 

Жырың сенің бейне жасын, найзағайдың жарқылы,
Нәзік өлең наз айтқандай сабырымды сарқыды.
Таныдым мен көк аспан мен ұлы дала болмысын,
Мынау дарқан дала жайлы дастандарың арқылы.

Жан азасы ұғындырды жалғандығын фәнидің,
Сен арқылы ұлылыққа мен басымды сан идім.
Мен өзіңді көрмесем де, көрмесемде тұлғаңды,
Тәңіртауға қарап тұрып, болмысыңды танимын.

Ұлылықты білсін бәрі, бәрі — бәрі ұғынсын,
Ғасырлардан ғасырларға естіледі үнің шын.
Сарқылмайды Мұқағали Мақатаев дастаны,
Өйткені, аға, сен мәңгілік, сен мәңгілік ғұмырсың. 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ