Музыка және би өнеріндегі шеберлік

0
5291
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

 

                                                                                        Асылбекова  Айгерим  Асылбеккызы
 музыка жетекшісі,
КМҚК №148 бөбекжай-балабақшасы

Түсіндірме хат

Музыка оқу қызметіндегі балаға би өнерін үйрету және иілгіштік қасиетін ашудағы әдістерінің тиімді тәсілі дәстүрден тыс би қойылымдары болып табылады. Дәстірден тыс би қойылымдары — классикалық заңдылыққа бағынған жаттығулар немесе қойылымдарды  баланың жас ерекшелігіне байланысты түрлендіру. Бала түсінігіне жеңіл келетін би қойылымдарын меңгеру әдісіде жеңіл болады. Әртүрлі кейіптерге немесе құбылысқа еніп, жаттығуларды музыка ырғағының көмегімен түрлендіріп  жаттығу жасау барысында кездесетін  кедергілерді шешу. Дәстүрден тыс білім беру технологиясы педагогтың жұмысының өнімділігіне және баланың білім алу процесінің жемісті нәтижесіне ықпал етеді.

Өзектілігі:

Музыка оқу қызметіндегі би қойылымдарын үйрету түрлі геометриялық сызбалар мен қимыл-қозғалыстарды дәстүрден тыс, кейіпке немесе құбылысқа ұқсата отырып үйрету тәсілі

Мақсаты:

1.Ең алғаш бала өміріндегі қимыл-қозғалыстарын, ырғақты, әуенге сәйкес қозғалуды үйрету.

2.Баланы биге, өнерге баулу.

3.Жас ерекшеліктеріне байланысты би қойылымдарын қою.

4.Би қойылымдары арқылы баланың физиологиялық-шығармашылық қабілетін ашу.

5.Жеке тұлға ретінде баланың қалыптасуына көмектесу.

Музыка оқу қызметі  мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Музыкалық тәрбие формасы қоғамдағы әлеуметтік факторларға сай музыкалық шығармаларға байланысты. Тәрбие – баланың қоғамда өзін-өзі ұстауы, жеке баланың  мақсаты, жүйелі қалыптасу процесі, жоғарғы буынның тәжірибесін кейінгі буын меңгеріп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Музыка баланың іс-әрекетін сүйемелдейтін фактор болып табылады. Ән салу, аспабта ойнау, би билеу физиологиялық процес болғандықтан, баланың денсаулығына , дене мүсініне, эстетикалық тәрбиесіне жағымды әсер етеді. Ән салу-баланың тыныс алу жүесін қалыптастырады, аспабта ойнау- ырғақты ажырата білуін үйретеді, би билеу-бала өз денесін игеруін қалыптастырады.   Заман талабына сай мекетепке дейінгі жастағы балаларға  білім беруінде баланың талғамы мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелері инновациялық технологияларды еңгізе отырып іске асады. ХХІ ғасырда балалар  жас ерекшеліктеріне қарамастан  заманауи  техникаларды  меңгерген  жаңашыл ұрпақ болып қалыптасуда. Ал, осындакй ұрпаққа білім беру мәселелері бір орнында тұрмай қарқынды дамуы тиіс. Педагог өз алдына үнемі жаңалықтар ашып, талапқа сай білім беру жүйесінде озық технологияларды меңгеруі тиіс. Музыка оқу қызметінің негізгі бөлігі болып табылатын би қойылымдары өз алдына үлкен сұранысқа ие болып отырған бағыт. Балабақшадағы би өнері – қарапайым, жеңіл би қойылымдары. Би – бала физиологоиясының дұрыс қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Баланы бүлдіршін кезінен биге баулу дененің дұрыс жетілуіне, бұлшықет, буын, тірек қозғағыш апараттарының дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Ең бастысы баланы музыка ырғағына қарай қозғалуын қалыптастыру. Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беруде би өнері үлкен сұраныста, себебі жасбуынды заманауи ата-аналар балаларын жан-жақты дамыған, білімді, парасатты, бәсекеге қабілетті болып қалыптасқанын қалайды. Балалның ақыл-ой ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденпаздық қасиеттерге ие, бірақ оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әртүрлі, сондықтан баланың талғамдық қабілеттерін дамыту, оның бағыттарын анықтау ең алдымен жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Мектеп жасына дейінгі балаларға би қойылымдарын үйрету үшін мазмұнды, сюжеттік, сызбалы суреттемелерден тұратын би қойылымдарын қою қажет. Орындалатын би қойылымының астарын ашу, балаларға мағынасын жеткізу басты мақсат. Би қойылымын құрайтын негізгі 4 фактор бар.

 Бірінші, би драматургиясы – ол бидің негізін қалайтын фактор. Би қойылымында қандай мәселені айтып, не көрсеткіміз келетінін жеткізу.

Екінші, музыка – қандай да  би қойылымы қойылмасын оның болашағы таңдап алған сазды әуенге байланысты. Драмалық ойды ашуда сазды әуен негізгі роль атқарады.

Үшінші, қимыл – қойылымның басынан аяғына дейін орындалатын элементтер.

Төртінші, сызбалар – би қойылымы барысында кездесетін геометриялық сызбалар (шеңбер, жарты шеңбер, бір сызық және бірнеше сызық, деоганал, колона, шахматтық сызба) қойылымды аша түседі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық білім беруде би қойылымдарын үйретуге жеке бағдарлама жасадым. Би өнерінен білім беру бағдарламасы мақсаты мен міндеті, дәстүрден тыс тәсілдері мен білім беру бөлімдері айқын музыкалық сала болып табылады.

Би өнерін үйрету тәсілдері негізгі 6 бөлімнен тұрады:

  1. Ырғақ(Ритмика)
  2. Әуенді-ырғақты жаттығулар
  3. Шеңбер бойымен жүріс түрлері
  4. Едендегі жаттығулар (Партерная гимнастика)
  5. Диагональ бойымен айналулар
  6. Қосымша құралдармен би (танцы с атрибутами)
  7. Сюжеттік билер
  8. Ұлттық би қойылымдары
1.Ырғақ

          Ырғақ-темп. Ырғақты қимыл-қозғалыс денсаулық негізі. Баланы музыкадан бұрын санау немесе шапалақтау арқылы  ырғаққа бағындыруға болады. Жаттығуларда музыка үстінен әуен ырғағына байланысты санау арқылы ырғақты қозғалу қалыптасады. Уақыт өте келе музыкалық аспабтарды пайдалануға да болады. Мысалы: тамбурин(Италиян халық аспабы), сылдырмақ, кастаньеты(Ипан халқының аспабы),ағаш қасық(орыс халық атрибуты).

2.Әуенді-ырғақты жаттығулар

Әуеннің сөздеріне байланысты ырғақты қимыл-қозғалыстар әуенді-ырғақты жаттығулар болып табылады. Әуен мәтінінде кездесетін бас, қол, аяқ сөздеріне байланысты сол дене мүшеміздің қозғалу арқылы жатығу жасау. Әуен мәтініндегі «Аю келеді қорбаңдап, қоян жүрді секіріп»-деген секілді теңеулерге байланысты жүріс түрі мен секіруді жасауға болады.

3.Шеңбер бойымен жүріс түрлері

Марш ырғағымен шеңбер бойымен жүріс түрлерін орындау:

1) Марш толық табанда.

2) Жартылай табанда жүріс түрі.

3) Өкшемен жүру.

4) Екі қолды бесінші қалыпта ұстап, тізені қолға тигізіп марш ырғағымен жүру.

5) Аяқты алдыға 90 градусқа көтеріп кезектесіп жүру.

6) Жартылай табанша майда қадаммен жүгүру.

4.Едендегі жаттығулар

Едендегі жаттығулар бала физиологиясының, ден мүсінінің түзету үлгісіндегі физикалық күш түсетін жаттығулар. Осы жаттығулар балаға өте қажет болғанмен, бала жаттығу жасау барысында үлкен кедергілерге тап болады. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырсақ бала классикалық  заңдылықта орындалатын жаттығуларды сол күйінде орындауы екі талай. Мүмкіндіктің жеткіліксіз болуы, шыдамдылықтың әлсіздігі, ойының шашыраңқылыға, қызығушылықтың жоқтығы. Осы мәселелерді шешу жолдарының бірі бала қызығушылығын арттыратын ойын түрінде жүретін жаңа  жаттығу тәсілдері. Әртүрлі кейіптерге немесе құбылысқа еніп, жаттығуларды музыка ырғағының көмегімен түрлендіріп  жаттығу жасау барысында кездесетін  кедергілерді шешу. Жаңа дәстүрден тыс технология деп алғанымыз әртүрлі кейіптегі құбылысты интерактивті тақтадан немесе слайд арқылы көрсете отырып, балаға өз еркіне салып қайталату және жасалған іс-әрекетті дұрысынан, бала физиологиясына тиімділігіне қарай түзету.

1-жаттығу.Табан жаттығуы.

  • Бастапқы қалып: денемізді тік ұстап еденде орырамыз, екі аяқты алдыға созып, тіземізді тартамыз. 1-сурет
  • 1 такт аяқтарымызды табаннан созамыз

2 такт өзімізге қарай табаннан тартамыз

  • Осы жаттығуды кезектесіп қайталаймыз
  • Екі аяқтың табан бөлігінен ішке қарай айналдыру және сыртқа қарай айналдыру.
 2-жаттығу.Көбелек
  • Бастапқы қалып: денемізді тік ұстап отырып, тізені бүгіп табандарды біріктіреміз. 2-сурет
  • Екі қолмен қосылып тұрған табандарымызды ұстап отырамыз.
  • 1-4 такт аяқтарымызды көбелектің қанаты секілді қағамыз
  • 1-8 такт бастапқы қалыпта отырған қалыпында басты еденге тигіземіз. Көбелек гүлге қонады. 3-сурет

 3-жаттығу.

1) Бастапқы қалып: еденде отырып денені тік ұстаймыз,екі аяқты екі жаққа барынша ашамыз, тізені тартып, аяқтың үшын созамыз.

2) Қол 2 қалыптан аралас 3 және 1 қалыпқа қойып оң аяққа денемізді тік ұстап жатамыз.

3) Қолды екінші қалыпқа әкеліп, аралас қалыптан сол аяққа денемізді тік ұстап жатамыз

4) Екі қолымызды 3қалыпқа көтеріп алдыға жатамыз.

4-жаттығу. Созылу жаттығу.

1) Бастапқы қалып: еденде отырып, денемізді тік ұстаймыз, екі аяғымызды алдыға созамыз.

2) Екі қолмен аяғымызды 2 рет аяғымыздың саннан аяқ ұшына дейін сипау арқылы омыртқамызды созамыз.

3) 3-ке екі қолды жоғары көтереміз.

4) 4-ке кеудемізбен аяққа жатамыз, дене белден екіге бөлініп бүктеледі   

5-жаттығу. Мысық-Күшік

  • Бастапқы қалып: екі тіземен және екі алақанды еденге қойып тұрамыз.
  • Мысық: омыртқаны барынша жоғары көтереміз, басымызды төменге түсіреміз.
  • Күшік: Бел омыртқаны төменге түсіріп, басымызды көтереміз.

 6-жаттығу.Бақа.

  • Бастапқы қалып: Бақа тұрады:денемізді тік ұстап,екі табанды жартылай табаннан қосып, екі тізе екі жаққа қарай бүгіліп отырамыз.
  • Бақа отырады: денемізді тік ұстап, тізені еденге түсіреміз.
  • Бақа ұйықтайды: кеудемізді еденге төсеп жатамыз, екі тізе екі жаққа ашылып шатымызды созамыз.
8-жаттығу. Ұшақ.
  • Бастапқы қалып: еденде етбетімізбен жатып, аяқтарымызды қосып созамыз, екі қолды екі жаққа ашамыз.
  • Ұшақ: Екі қолды, екі аяқты қосып, тізелерді тартып еденнен көтереміз.
  • Қонамыз: аяқ, қолдарды түсіреміз.

 9-жаттығу. Кеме.

  • Бастапқы қалып: еденде етбетімізбен жатып, аяқтарымызды қосып созамыз, екі қолды екі жаққа ашамыз.
  • Кеме жүзеді: Бірінші кеулемізді, екінші аяғымызды көтереміз. Осылай кезектесіп жаттығуды қайталаймыз.
  • 10-жаттығу. Күн мен Түн.
  • Бастапқы қалып: еденде етбетімізбен жатып, аяқтарымызды қосып созамыз, екі қолды үшінші қалыпқа көтереміз.
  • Күн: Екі қолды үшінші қалыпта, екі аяқты қосып, тізелерді тартып еденнен көтереміз, бас екі қолдың ортасынан терезеден күн шыққандай қарайды.
  • Түн: еденге жатып демалады.
  1. Диагональ бойымен айналулар

        Бастапқы қалып: денемізді тік ұстап, екі қол төртінші қалыпта(белде) ұстаймыз. Залдың бір бұрышынан екінші бұрышына диагональ бойымен айналу. Оң жақтан және сол жақтан. Айналуларды үнемі өз уақытында орындау бала денесін тік ұстауын техникалық тұрғыда өз осін сезіне білуді қалыптастырады.

6.Қосымша құралдармен би(танцы с атрибутами)

        Қосымша құралдар би қойылымында  өте үлкен роль атқарады. Би қойылымында көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Және де сол құралды таныстырып, атқаратын қызметін көрсетіп кетеді.

        Би қойылымындағы қосымша құралдар: Лента, гимнастикалық доп, тамбурин(Италиян халық аспабы), сылдырмақ, кастаньеты(Ипан халқының аспабы),ағаш қасық(орыс халық атрибуты), асатаяқ(Қазақтың ұлттық аспабтарының бірі), қолшатыр, гүл және гүл орамдары, қамшы, тросттар(жігіттер биіне), әуе шарлары, қуыршақтар, веерлер, жапырақтар, дождиктер, қоңыраулар, қамшы, кесе, оймақ пен тарелкені қолдану,т.б.

7.Сюжеттік билер

Сюжеттік би қойылымы шағын драмма. Өзіндік кейіпкерлері мен сценариі болады. Қойылымның ішінде бала өзіне тиісті ролін орындап шығуы тиіс. Сюжеттік би қойылымын орындау баланың дайындық деңгейіне қарамайды. 3-6 жас аралығындағы балалар кейіпке оңай енеді. Ол жастағы балалар кейіпкерлерді сомдауға бейім келеді. Кейіпкерлердің жүрісін және іс-әрекетін орындау арқылы би қайылымының мағнасын көрсетуге болады. Ал балаларға мұндай билерді орындау ойынмен тең болып, жеңіл әрі жылдам уақытта үйретіп, бала тез есте сақтауға мүмкіндігі бар. 3-6 жас аралығындағы балалардың сюжеттік би қойылымдары қиял-ғажайып іспеттес. Жас ерекшеліктеріне байланысты балалардың сүйіп көретін мультфилімдерін би қойылымы ретінде қою баланың биге деген қызығушылығын оятады.

8.Халықтық-сахналық би қойылымдары

          Халықтық-сахналық билер әр халықтың өз тарихымен тікелей байланысты. Халықтық-сахналық билер сол ұлттың тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүрін және де өзіндік болмысын көрсетеді. Би қойылымын орындамас бұрын бала сол ұлтпен қысқаша танысуы тиіс. Сол ұлттың  қай мемлекетте орналасқанын картадан көрсетіп, өзінің ұлты мен мемлекетімен қандай байланысы бар екенін түсіндіру қажет. Бала өзінің іс-әрекетін қимыл-қозғалысын түсініп меңгеруі тиіс. Халықтық-сахналық би қойылымдарыңың басы қазақ ұлттық биімен басталады. Қазақ биі қазақ ұлтының батыр жігіттері мен нәзік қыздарымен мінезделеді.

Халықтық-сахналық билер қазақ биімен тоқтап қалмай балалардың дайындық деңгейіне байланысты көршілес жатқан мемлекеттердің халықтық-сахналық билерімен таныстырып би қойылымын қоюға болады. Мысалы: орыс халықтық-сахналық билер, өзбек халықтық-сахналық билер, түрік халықтық-сахналық билер.          Педагогикалық қабілет — ерекше талант! Құрметті музыка жетекшілері сіздер адам өміріндегі ең алғашқы би түсінігін қалыптастырасыздар, сол себепті сіздерге шығармашылық ой-өріс, ұшқыр қиял серіктес болсын.

Басқа да жариялымдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ