Наурыз — жыл басы (сценарий)

0
4153
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Сынып сағаты: 2 «Е» сынып

Тақырыбы:  Наурыз — жыл басы

Мақсаты: Қазақтың  мейрамдары — Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;

Көрнекілік:  нақыл сөздер, суреттер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар,магнитофон,шарлар,гүлдер;

Франковский

Альтаир:

Ақбоз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің – көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен, Наурызым!

 Рауан

Құлпырады сәнді бақтар,

Жұлқынады арғымақтар.

Сылқылдайды бал бұлақтар,

Мерекемсің мәңгі мақтар, Наурызым!

 Бек

Жарқыраттың шығыс Күнін,

Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының, Наурызым!

 Керімбек

Аңсап жүрсең осы күнді,

Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді, Наурызым!

Бағжан:

Бұл әлем қалғығандай,

Ұшты көкке ән қырандай.

Наурыз көже дәмді балдай,

Сенің көшің сәнді қандай, Наурызым!

 Ермұрат

Аталардың – Қара Нардың,

Ақ жаулықты Аналардың.

Бас иетін саған әр күн,

Ақ батасын ала барғын,    Наурызым!

 Әділет

Ғашықтардың түр-түсінде,

Сәбилердің күлкісінде.

Ел үшін де, жұрт үшін де,

Қара Жерге кір түсірме,       Наурызым!

Саян:
  1.     Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады.  Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты.

Азамат:

  1. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған.

Рамазан:

  1.  Наурыз – шығыселдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы.

Мейіржан:

  1. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.
Мұрат:
  1. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді.
  2. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі.
  3. Қазақ халқы бұлк үнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған.

Көктем аруы: ( Гүлнұр)    Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен  бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.

Жүргізуші: (Бексұлу) «Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз

  • Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды.
Жүргізуші: (Алим)
  • Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.

Ән: “Мерекем” Орындайтын: Есетова Ақерке

Көктем аруы: Жоғары шығыңыз Алдар аға. Бүгін барлық келген қонақтарды төрімізге отырғызамыз. Төрлетіңіз!

-Балалар біздің Наурыз мерекесінің тағы бір қонағы Қыдыр ата мен Жер ана ел елді аралап жүр екен. Біздің сыныпқа да келіпті. Қош келдіңіз Қыдыр ата!

(Қолын төсіне қойып амандасады)

Қыдыр ата: Армысыңдар балалар, аманбысыңдар ақ жаулықты абзал аналар мен ақ сақалды аталар! Жаңа жыл, жаңа күн құтты болсын! Сыныптарыңа, елімізге, лицейлеріңе құтты жыл болғай!  (Бетін сипайды)

 Оқушы: Наурыз неге жыл басы?

Кыдыр ата:   Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім жылдың шартты түрде үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр көктем, маусым, шілде, тамыз жаз, қыркүйек, қазан, қараша күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Көктем наурыздың 22-інен, жаз маусымның 22-інен, күз қыркүйектің 23-інен, қыс желтоқсанның 23-інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді.

Оқушы: Наурызды кім қалай тойлаған?

Жер ана:  Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:

Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.

Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.

Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.

Ескі киімдерін тастаған.

Ескірген шыны аяқты сындырған.

Бір-біріне гүл сыйлаған.

Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған.

Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.

Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.

Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.

«Көктем гүлдері»  биі

Ұл: Алим

Ассалаумағалейкум барша халық,

Қартқа құрмет,сыйлайық жасқа шабыт

Салты солай Наурыздың…..

Ей,адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық.

Қыз: Бексұлу

Көктем сайын арда емген Ана-Күнді,

Дүбірлесін думаннан дала күллі.

Салты солай Наурыздың…

Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Жаңа жылды.

Ұл:

Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,

Сол ізгі елдің Ұрпағы мына біздер.

Салты солай Наурыздың…

Ей, адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер.

Қыз:

Тілейді олар:

— Болсын-деп, ырыс жылы!

Жер бетінің болсын деп тыныштығы

Салты солай Наурыздың…

Ей,адамдар, тым болмаса

Ұлы бол, Ұлыс күні!

Ұл:

Құрметті қонақтар,балалар,

Көктемнің тамаша мерекесі,

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын

Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін.

Қыз:

Наурыздың аппақ қарындай, ақ киімшегі ананың аппақ арындай әжеміз өзінің немерелерімен келеді. Қош келіпсіз, әже!

Қасына 7 немересін ерткен әже кіреді. Табақшаларында Наурыз көже, шашу, дән, су, ақ (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән және жеміс-жидек) және қызылдан (ет тағамы) 7 түрлі тағамы бар табақша. Балалар ыдыстарын әдейі дайындалған дөңгелек үстелге қояды. Қыздар иіліп ұлдар қолдарын кеуделеріне қойып сәлем етеді.Әжей наурыз көжеге не салып пісіргені туралы айтып береді. (Көрмеге қойған тағам түрлерін қыздарымыз таныстырады.

Әже: (Жібектің әжесі)

Уа халайық, бүгінгі мейрамға жиналып қалыпсыңдар ғой. Ал, мейрамдарың құтты болсын. Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бақыт, табыс, құт береке, қуаныш әкелсін. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» — Мен 7 күлше әкелдім. Алыңдар ауыс тиіңдер! — деп әжесі отырады

Ұл:

Келді Наурыз теңіздей шаттығымен,

Таңғы шықтай көңілдің ақтығымен.

Құтты дәмі,береке байлығымен,

Нұр дидарлы мәңгілік жастығымен.

Қыз:

Көктем ана жазылып алақаны,

Бусанғандай бүгін бір дала таңы,

Нәркес көзін төңкеріп ару қыздай,

Наурызым тұр аймалап Сарыарқаны.

Тазша: Бағжан

Туа сала атандым Тазша бала,

Мендей аңқау болмас ау басқа бала.

Наурыз тойы басталды дегенді естіп,

Көк есекпен желдірттім жас та бола.

Алдар: (Алия апай)

Мен Алдармын,алдаймын,

Сайтанды да арбаймын

Сараңдарға қаттымын,

Мырзаларға балдаймын.

Ау, халайық менсіз қалай наурыз мерекесін тойлағалы жатырсыздар? Осы 2 «Е» сыныбында керемет Наурыз мерекесі өткелі жатыр деген хабарды есітіп мен үйімде отыра алмадым. Балалардың қалай тойлап жатқанын өз көзіммен көруге келдім. Маған бұл тойда орын бар ма?

Ұл:

Алдар ата,Ұлыстың ұлы күні сіздерді көргенімізге өте қуаныштымыз.Төрге озып қонақ болыңыздар.

Алдар: Иә, балам, біз ойын-ойнап, той-тойлаумен бірге балаларға ескіден қалған есті сөздерді нәсихаттап жүрміз. Білгенге маржан деген емеспе?

Қыз:

Олай болса, ата тіпті жақсы, білгенімізді бекітейік, білмесек үйренейік, ашыңыз сыр сандығыңыздың аузын!

Алдар:

  1. Дүниеде жеті тойымсыз бар дейді, соны балалар білеме екен?

Жауап: Көз көруге, құлақ естуге, жер жауынға, жол тұйыққа, дария суға, аспан буға, пеш отынға тоймайды.

  1. Жеті жұртқа не жатады?

Жауап: Иә, жұрт жеті ағайынды дейді. Олар: Жұрт, қуаншылық, індет, өрт, соғыс, сел, жер сілкіну.

3.Бәрекелді балаларым. Соңғы сұрақ. Жеті қазынаға не жатады?

Жауап: Ақыл-ой, денсаулық, ақ-жаулық, бала, көңіл, жер және ит.

Тазша бала:

Атасы, біз балаларды сынаймыз десек олар Алдар атанған, Сіз бен суайт атанған менің аузымды аштырар түрі көрінбейді, одан да осылардың өнерін тамашалайық, ойын-ойнайық.

Тазша:

Мен қазақтың ұлттық ойыны «Бүркітті» ойнауға шақырамын. Бұл ойында икемді, оралымды бала жеңіске жетеді. Себебі жүресінен отырып, екі қолын қанатша жайып, еңкейіп жердегі тақияны ауызымен іліп алу екінің бірі орындар оңай әрекет емес.

Қыз:

Ал енді айтыс өнерінің үлгісін көпшілік назарына ұсынайық.

Айтыскерлерді ортаға шақырайық. Айтыскерлер: Ақерке мен Алим

 

Оқушы: Наурыз атаулары туралы айтып бересіз бе?

Наурыз ата:  Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы

Сондай- ақ, Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне тілек білдірген. Ал бата ырыс – бақтың символы.  Олай болса, мен бүгін өз батамды берейін.(бата оқылады, тілек білдіріледі).

Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын!

Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!

Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын соңынан!

Бақ берсін, Қыдырдарысын!

Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

Ұл:

Наурыз тойға жиналған,халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.

Қыз:

Келді Наурыз бұла күш тасқынымен,

Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен.

Жер иіп,тамыр толып,бүршік жарып,

Табиғат ықыласына тас жібіген.

Ұл:

Келді Наурыз даладай кеңдігімен,

Көк байрағы желбіреп желді күнмен.

Тәуелсіздік ұранын аспандатқан

Айналамын,Теңдігім,Елдігімнен.

Қыз:

Арайыңдай көрінген таңғы үміттің,

Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың.

Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз

Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің.

Басқа жариялымдар

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ