Іскерлік ойын «Балабақшада заттық дамытушы ортаны құрудың маңыздылығы»

0
7488
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілетін іскерлік ойын бағдарламасын назарларыңызға ұсынамыз.

Мақсаты: балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтау.

Міндеттері:

— мектепке дейінгі білімнің жаңару жағдайында тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

— мемлекеттік стандарт талаптарын ескере отырып, балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негіз болатын заттық-дамытушы ортаны жобалауға теориялық және практикалық тұрғыда толыққанды дайындықты қамтамасыз ету;

— балабақшаның жас ерекшелік топтарына  сәйкес заттық-дамытушы ортаны жобалау және болжам жасау біліктілігін қалыптастыру

Қазіргі таңда  біздің елімізде  дүниежүзілік білім берудің  жаңа жүйесіне  бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Білім беру кеңістігінің басты мақсаты – әлемдік масштабтағы білім беру жүйесінен қалмай, озық  Отандық жүйені қалыптастыру. Осы үдерісті енгізу педагогиканың қалыптасқан  қағидалары мен оқу-тәрбие жұмыстарында  ауқымды өзгерістерге әкеледі. Жаңартылған білім беру  бағыттары мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін қолданып жұмыс атқаруда. Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін оқу материалдарын дайындауда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың жаңа жолдарын қарастырады.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмысын  ұйымдастырудың ерекшелігі оқу бағдарламасы бойынша негізгі міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта стандарт талаптарына сәйкес барлық мектеп дейінгі ұйымдарда заттық дамытушы орта болуы шарт.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы «13» мамырдағы  № 292 қаулысы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша заттық дамытушы орта дегеніміз – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың  тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын  қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ ВАРИАТИВТІК  БӨЛІМІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненттері Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының: «Денсаулық», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша жас кезеңдерін ескере отырып, педагогикалық процесті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына Үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімін қолдануда көмек көрсету. Міндеттері:

— тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының қажеттіліктерін зерделеу;

— ұйымдастырылған оқу қызметінің шеңберінен тыс тақырыптық бағыт, балалалардың қызығушылықтары бойынша топтарда заттық дамытушы  ортаны қамтамасыз ету;

— оның даралығына сәйкес тәрбиеленушінің тұлғасын дамыту;

— белгілі білім беру ұйымының білім беру процесі жүзеге асырылатын аймақтық, демографиялық, климаттық жағдайларды ескеріп, білім беру процесін үйлестіру;

— балалардың қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне сәйкес, кіріктірілген сабақ түрлері мен іс-әрекетке жағдай жасау;

— дарынды балалармен жұмысқа инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану.

Заттық-кеңістік дамытушы ортаға қойылатын талаптар:

Заттық-кеңістік дамытушы орта толық мазмұнды, өзгермелі, көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек.

Заттық-кеңістік дамытушы орта:

— әрбір жас кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеуге арналған заманауи дидактикалық материалдарды, жабдықтар мен құрал-саймандарды қолдана отырып Үлгілік бағдарлама мазмұнын тиімді іске асыруға;

— балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға;

— балалардың дамуында кемшіліктерді түзетуге, инклюзивтік  білім беруге жағдай жасауға;

— түрлі білім беру мен дамыту бағдарламаларын іске асыруға;

— балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық және қимыл белсенділігін қамтамасыз етуге;

— заттық-кеңістік дамытушы ортада ересектер мен балаларды қоршаған өзара әрекеттерде балалардың эмоционалдық жағдайын жасауға;

— балалардың өзін-өзі таныту үшін мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Заттық-кеңестіктік дамытушы ортаны құруда гендерлік тәсілдемені есепке алып, қыздарға және ұлдарға арналған ойыншықтар, материалдар және арнайы заттармен жабдықталуы тиіс.

Заттық-кеңестіктік дамытушы орта білім беру салаларын біріктіру принципі есебінен құрылады. Бір білім беру саласына арналған материалдар мен жабдықтарды басқа білім салаларын жүзеге асыруда қолдану қажет. Келесі қызмет түрлеріне жабдықтарды таңдау жүзеге асады: балалардың шығармашылық, психологиялық және дене бітімінің дамуына ықпал ететін ойын, танымдық-зерттеушілік, коммуникативтік, еңбек, көркем-музыкалық, көркем әдебиетті қабылдау және басқалары.

 

Ойын «Мамандағым – мақтанышым!»

Мақсаты:  балаларды белгілі бір мамандық иесі болуға бағыттау, әр мамандық иесінің қызметімен таныстыру.

 

Сәрсенбаева Гүлнұр Теңізбайқызы

Алматы облысы Іле ауданы

«Күншуақ» бөбекжай – балабақшасының әдіскері

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ