Әлем менімен әдемі (сценарий)

0
1946
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы:  Әлем менімен әдемі

Сынып: 2 «Е»

Сынып жетекші: А.Булебаева    

Мақсаты: Оқушыларды әлемді әдемілікпен сезіне ала отырып отбасы бақытын бағалай білуге тәрбиелеу;

Жеке тұлғаның шығармашылық және танымдық белсенділіктерін арттыру. Адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастырып достық қарым-қатынас жасауға баулу.

Көрнекіліктер: Гүлдер, шарлар, от шашулар, т.б

Басталуы:

  1. 2 «Е» сынып оқушыларының мектеп табалдырығынан аттағаннан бастап қазіргі кездердегі суреттерінен слайд көрсету.
  2. (Сахна төріне қауашағы ашылмаған гүл күлтешелері тұрады. Ішінде қыз балалар бар. Әкелері әуен ырғағымен келіп қыздарын гүлдің ішінен шығарып алып бірге билейді) Қыздар мен әкелер биі
  3. Монолог оқу. Асан Ақтолқын мен Файзуллин Ермұрат

Мұғалім:

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,

Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта Адам?

Ар ма өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!

     Әлем дарқан, саялаңдар, бәріңе де орын бар- деп Мұқағали атамыз рас айтқан. Адамның өмірі бүкіл әлеммен тығыз байланысты.

      Әлем – адамның жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі. Әлем – ол дарқан, кең, құдіретті. Адам өзінің әлемі туралы шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір-құрметін тек жүректен шыққан сырлы сазбен, ойлы әуенмен, сырлы суретпен жеткізеді. Ал біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміз тамаша өнерлерімен сіздерді тәнті етпек. Олай болса ортаға Отбасының ажары балатын аяулы анамыздың бірі Гүлбану апамызды қос құлыншағымен шақырамыз.

   «Ақ қанат арман» әнін қабыл алыңыздар.

Ақтолқын:

Уақыт –шындық безбені

Алысқа сал көзіңді

Білу үшін өзгені,

Сыйлау керек өзіңді

Мұғалім: Әрине,  жақсылықты да, сүйіспеншілікті де білу үшін мейірімді жүрек пен ыстық ықылас, сыйластық керек. Бүгін әлемді көркейтетін аналарымыз өнерлерін балаларымен көрсетуге келіпті. «Мама золотая» әнімен Ақерке мен анасын ортаға шақырсақ.

    Мұғалім: Елбасымыз біз үшін, балалар үшін көптеген игі істер атқаруда. Қазақ халқы «Болмас елдің баласы бірін-бірі табалар, болар елдің баласы бірін-бірі ағалар» деп бекер айтпаған. Біздің болашағымыз –баладан басталады. Қазіргі балалар қандай болса , келешегіміз де сондай болмақ. Қазір бүкіл әлемнің сенетіні –бала. «Темірді дәнекер қосады, өмірді бала қосады» деген. Олай болса біздің сыныпта да өнерімен көпшілікке танылып жүрген балаларымыз жеткілікті емес па, Ермұрат?

  • Термелетіп, домбырасын қолына алып Әлім біздің сөз маржанын теретін талантты досымыз. Әлімнің термесіне кезек берсек
 Терме: «Алпамыс жырынан үзінді»

Мұғалім: Күн келбетті кезеңнің көркі біздің достығымызда, сүйіспеншілігімізде, айналамызға деген қарым-қатынасымызда осыны естен шығармайық, достар. Біз өмір сүріп отырған әлем-әдемі әлем. Өйткені бұл әлемде сен барсың, ол бар, біз бармыз. Әдемі әлемге әдемі жандар лайық. Біз ғаламды шат күлкі жандармен икөруге құштармыз. Қап  қара түннен жарық іздейміз, сұп-сұры бұлттан жаңбыр күтеміз. Төрткүл дүниеге тек жақсылық тілейміз.

Біздің алға қойған мақсатымыз өткенімізді білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын азамат пен азаматшаларды тәрбиелеу. Сол болашақта әлем танитын азаматтарымызды тәрбиелеп жатқан аяулы аналарымыз елдің ертеңін ұстар азаматтарымен өнер көрсетсеп.

Би: Флышмоб     Анасы мен баласы

Ақтолқын: Көркемсөз шеберлері бар біздің сыныпта. Өнерімен республикалық байқауларда жүлделі орындар төрінен көрініп жүрген қос қызымызды ортаға шақырсақ.

Шеше сен бақыттысың                 Ақерке Есетова

Үш бақытым                                Нинель Сабит

Мектеп вальсі                         ( 18 оқушы)

Қос ішекті домбырланы күмбірлетіп күйге толтыратын анамыз бар ортамызда . Керімбектің анасы өнердің тағы бір түрі Ерке сылқым күйін орындап бермекші.

Ермұрат: Айтыс өнері бүгінгде қазақтың кім екенін, ұлттық құндылығын дәріптеп көрсететені өнер. Біздің сыныпта да айтыскерлер бар екен.  Ортаға Ақерке мен Әлімді шақырсақ қалай болар екен?…..

Айтыс

Талайды таңқалдырған, өнері мен ел сенімін арқалап жүрген ел ағасы, балам болашағым, көзімнің нұры деп әр қадамына қуанышпен марқаятын ата-анамыздың бірі Бексұлудың әкесі Қонысбек ағамыз баяндатып ән  шашуын ала келіпті.

Енді осындай әлемді әнмен өрнектеп жатқан сәтте біздің бүлдіршіндеріміз аналары мен әкелеріне арнап Альтаирдың орындауындағы «Әке — ана»  әуеніне билеп бермек.

Өнерге шек бар ма? Біздің сыныпта өнер десе отыра алмайтын өнерпаздар жеткілікті. Бүгін өз өнерлерін әнмен өрнектеуге келген Мейіржанды анасымен сахна төріне шақырсақ.

Ән: Анашым

 Мұғалім:

Адам! Адам!

Бөлісіп уайымды.

Болашаққа болыңдар дайын үлгі,

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Дерт шалмасын

Ешқашан өрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайығымды,

Бір –біріңе болыңдар қайырымдыдей отырып сыныбымыздың тәрбие сағатына арнап жаздырған әсем әнін қабыл алыңыздар!

Хор: Мен әлеммен әдемімін  ( Жүрекшелерін ата-аналарына ұсынады)

От шашу жағылады.

Лицейдің 10 жылдығына арнау оқылып  «Мен ғажайыппын, Сен ғажайыпсың, Біз ғажайыппыз» деп ұрандатып аяқтайды.

Басқа жариялымдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ