Реферат. Нотариаттық қызметке ақы төлеу

0
3110

Мемлекеттiк нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттiк баж алады.\r\n\r\nЖекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн консулдық алымдардың тарифiмен белгiленетiн алым алады.\r\n\r\nЖеке және заңды тұлғалар үшiн заңда көзделген нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер бұл адамдарға жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде де қолданылады.\r\n\r\nНотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi. Нотариаттық әрекетке ақы төленген кейін ғана әрекет жасалды деп саналады. Тұлғалардың нақты категорияларын нотариаттық әрекетке ақы төлеуден босату туралы белгі тіркеу журналында және құжаттың өзінде жасалатын куәландыру жазбасында көрсетіледі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ