«Қоғамның даму үдерісін ілгертудің қозғаушы күші – жастар»

0
645

Самғар тұсы заңғар биіктен алқынып ұшып, желдете өршіп өткен өмірін
тариx бетіне төпшелеп кетпек. Көлденең бойында, кедергі бетін кеспекке
қарамай, бағытына қарай бағдарымен жүре бергендегі бағындырған жетістігі
ауыз толтырардай. Ардақты еселеп, одан жалғай кезең-кезеңге үйлесін тауып
келген ғұмыр-ақиқатымыз еңгезердей әкемізден көңілі ояу еліміздің
болашақтарына берілген бірден-бір таптырмас асылымыз екені мәлім.
Еліміздің бетке ұстар арыстарымыз талай жыл белестерінде басын тау мен
тасқа ұрып, тар жол тайғақ кешіп, ұлтымыздың келешегі, келер ұрпақтың
бейбітті ғұмыры үшін еш нәрседен тайынбай күресіп асқан қайсарлық пен
шыдамдылықтың арқасында бізге осы — ұлан байтақ жерімізді мұра етіп
қалдырды. "Елім үшін не істей аламын?",  деген сұрақ әрбір көкірегі ояу
қазақты мазалауы тиіс. Себебі өз елінің патриоты болатын азамат қана Отаны
үшін  көп еңбек сіңіріп, елі мен жері үшін отқа да, суға түсіп өз елінің бетке
ұстар азаматы бола алады.

Халқымыздың маржан Мағжаны:"Мен жастарға сенемін!"– деп бүгінгі
жастарға үлкен үміт артып кеткенін байқаймыз. Сол себепті біз ата-
бабамыздың мұра еткен жерін одан әрі көркейту үшін қолымыздан келгенінің
барлығын жасауымыз шарт болмақ. Осындай ғажайып мемлекетте тұрып,
шаттықты күннің астында өмір сүргеніміз – ең үлкен бақыт. Қаншама нағыз
патриотшыл қазақ аталарымыз армандаған, аңсаған бақыт. Сол бақытты
бағалап, әрі қарай мемлекетіміздің өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу – біздің
парызымыз. Отанға деген ыстық ықылас – мемлекеттің жарқын болуына
септігін тигізер керемет сезім.Мемлекеттің жан-жақты гүлденуі дегеніміз –
айналамыздағы бүкіл жамандықтан арылу. Тек қана биік-биік үйлер
тұрғызып, атақ-даңққа бөленумен мемлекет гүлдемейді.

Біз жастар ұжымы
болып бірге атсалысып, еліміздегі түрлі қайырымдылық шараларға қатысып,
жаралы жанға демеу болсаң, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрып,
сапалы білім алып, болашақта қазақ елінің ар-намысын, қорғайтындай нағыз
патриот болуымыз керек.Өзіміздің ұлттық салт – санамызды, әдет –
ғұрпымыз бен тілімізді құрметтей отырып, халықаралық мәдениетке
талпынып, соның ішінде өз мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды
көрсете білер азамат болуымыз шарт. Ал нашақор, еңбексіз нан табудың,
тегін олжаның жолын ойлаған жастар бұл жолда адасары сөзсіз. Әрбір жас
«Ел мен үшін не істей алады деп сұрамай, ел үшін мен не істей аламын?»

деген мақсатты ұстанса Қазақстанымыз гүлдене, көркейе бермек. "Еңбек
етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей " деп қазақ атам айтқандай, бүгінгі
жастарымыз еңбекқор, жаңашыл, ізденімпаз болып қалыптасуда. Бұның да
сөз төркіні Елбасымыз арқасында алға өрбіген түрлі білім саласындағы
бағдарламалар арқасы екендігі естір құлаққа да шындық болмақ. Бұлардың
арасындағы "Болашақ" бағдарламасын ерекше айтып өтуге болады.

Осы бағдарлама арқылы біздің көптеген жастарымыз шет елдерге барып, білім
нәрімен сусындап , тәжірбие жинап қайтуда. Олар осы алған білімдерін
еліміздің игілігіне жаратып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүр. Бұдан
бөлек, жастар саясатына қатысты басқа да бірқатар бағдарламалар қолға
алынуда. Мәселен «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға»
сынды бағдарламалар бізге, яғни жастарға серпін беріп, алға қарай ұмтылуға
ықпал етуде. Дегенмен қазіргі таңда жастар арасындағы мәселелер де жоқ
емес. Біз қазақ жастары,есті де текті,көреген де кемеңгер басшының өзге
мемлекеттер қазақ халқын көргенде таңғаларлық үлгі-өнеге тұтарлық
ұлағаты зор айтулы елі, оның кемел ұрпағы болуға міндетті. Ең қуатты, ең
құнарлы, ең сауатты руханият тек жастарға ғана тән. Егер жастардың өздері
білім алуға ұмтылмаса, ешкім де және ешнәрсе де, тіпті ең дамыған білім
беру жүйесі де оларды ешнәрсеге үйрете алмайды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ