О дыбысы қонақта (сабақ жоспары)

0
2415

Білгіштер бекеті: Мад тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу

Тақырыбы: «О дыбысы қонақта»

Мақсаты: Балаларға «О дыбысымен таныстыру. 2,3 әріптерді қосып оқу,ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,дауысты жане дауыссыз дыбыстарды ажырату. Оның дыбысталуын білу,тану.

Көрнекіліктер: Суреттер,әріптер төртбұрышты әріп салғыш.т.б

Өзара байланысы: Көркем әдебиет, математика

Барысы Тәрбиешінің іс әрекеті Балардың іс әркеті

 

  Салемдесу.

Балалар оқу қызметін бастамас бұрын мен сендерден сұхбат алып алайын

-Қазір жылдың қай мезгілі?

—Неше ай бар ,ата?

— Күзде кандай ауа райы болады?

-Сауат ашудан откен әріптерді ата?

-дыбыстар дегеніміз не ?

-Оларды нестейміз?

-Әріптер туралы кім тақпақ біледі?

Жарайсыңдар балалар

-Дұрыс айтасыңдар балалар ,ендеше сендер ертегі тыңдағанды жақсы коресіңдер ме ?

Мен сендерге

«Тынымсыз Тіл»туралы ертегі айтып беремін

Сендер ол ертегі мына сиқырлы айнадан көріп отырасыңдар .Айнаны қолдарыңа алып ,ауыздарына қаратады.

Ертеде Ауыз деген қуыста Тынымсыз тіл өмір сүріпті.Ол аппақ тістерді қатарластырып қойып ,өзіне дуал ал екі еріннен ашылып-жабылып тұратын есік жасап алыпты.Ауыз арқылы дыбыстар жиі-жиі сыртқа шығып тұрады екен.Кейбір дауысы бар дыбыстар ылғи көңілді ән салып жүреді екен .Осы дыбыстар өткенде ,тынымсыз тіл тып-тыныш тыңдап жатады екен. Мысалы.аааааааа,ооооооооо,еееее,әәәәәә

Ал кейбір дыбыстар ән салуды ұнатпайтын болыпты,олардың дауысы жоқ екен .Ән салмай,тып-тыныш  өтіп бара жатқан дыбыстарға ренжіген тынымсыз тіл ,оларға ылғи кедергі жасауға тырысады.Дауысы жоқ дыбыстарды сыртқа жібермеу үшін, біресе таңдайға, біресе тіске тақалып алады,кейде тіпті еріннен жасалған есігін жауып алады екен Мысалы: м,қ,т,н

Ертегі бойынша сұрақтар

 

-Ертегі сендерге ұнадыма?

-даусы бар әнші дыбыстарды атаңдаршы

-даусы жоқ ән айтпайтын қандай дыбыстар бар

Бұгін бізде даусы бар ән айтатын «О»ДЫБЫСЫМЕН танысамыз

.Ол үшін мына лотодан қызыл және көк текшелерді алып 2 топқа  бөлініп отыру

 

Балалар ендеше мынау О дыбысы ,ауада жаздыру »О»дыбысынан келетін көрнекілікпен түсіндіру.Оның дауысты екенін айту.

Осы кезде, Тосын сәт «О»дыбысы келеді

Мен өзімді кейде тоқашқа

Кейде жүзікке ұқсатамын

Мен әріптер бағынан келдім Осы білгіштер тобы көмек береді деген соң келдім.Менде көптеген тапсырмалар бар,   соны бірге орындаймызба?

.Ендеше сұрақтарды оқу

 

— 1ші тапсырмам

-Мына көп әріптердің ішінен «О»ДЫБЫСЫН ТАБУ

-2 тапсырма балалар маған о дыбысынан келетін 2,3 сөзден тұратын сөздерді атап жазып бересіңдер ме?

 

Сергіту сәті

«О»дыбысы бар сөзді айтқанды қол шапалақтайды  басқа сөздерді айтқанда аяқ топылдатады.

3 тапсырма

«О»дыбысы қандай заттарда «Ұқсас заттарды тап» ойыны

Қимылды ойын

« Жұбыңды тап» балалар  билеп жүреді музыка тоқтағанда өз жұптарын табады

Оқу қызметін қорытындылау

 

-«О»дыбысы балаларға өзінің «о»дыбысы екенін түсінгенін айтып мәз болып әкелген сыйлықтарын  таратады. Балалар музыкамен шығады

 

Сау болыңыздар балалар

Күз мезгілі

Қыркүйек ,қазан ,қараша

Кун суытады,жаңбыр жауады

Балалар әріптерге байланысты тақпақтарын айтады.

 

Өткен әріптерді қайталады.

А,У,Н,Р,Ғ,Л,П.

Оларды дауысты немесе  дауыссыз екенін ажыратты

 

 

Балалар айнаны алып
отырады, тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар айтады аааа,ооооо,еееее

 

Т,к,н,р,п

 

 

 

 

 

 

 

 

 

О дыбысын табады

 

 

 

От,доп,тон,тор,ою сөздерін жазады

 

Балалар белсене араласады.

 

 

 

Өз жұптарын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гульмарс Алманова
«Қарлығаш» Балабақшасы

 Қызылорда обл Арал ауданы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ