Қазақ тілінен ҰБТ сұрақтары

0
1118
Freepik.com

 

 1. Ана туралы мақал-мәтел

A) Алыс жердің хабарын керуенші әкеледі.

B) Жаны тоқ адам тез қартаймайды.

C) Азығы бар адам арымайды.

D) Aнаның көңілі балада, баланың көңілі далада.

E) Су татырмағанға сүт бер.

 2. Кәсіби сөздер қатары

A) Сұлу, көрікті

B) Шиіт, қоза

C) Сым, пәс

D) Өте, тым

E) Жазыс, тоқыс

 3. Ашық буынды сөздер

A) Кешегі оқиға

B) Кішіпейіл бала

C) Құрметті ұстаз

D) Аяулы Сәния

E) Әдемі сурет

 4. Тіркесу жолымен жасалған туынды сөз

A) Ғарыш кемесі

B) Тар бөлме

C) Жаңа мектеп

D) Үлкен ұл

E) Терең көл

 5. Туынды түбірлі одағай сөз

A) Ойпырмай

B) Тамаша

C) Шіркін

D) Пәлі

E) Алақай

 6. Сабақты, болымды етістіктер қатары

A) Жаз, оқыма

B) Бер, бар

C) Көрін, біл

D) Шық, айтпа

E) Оқы, баста

 7. Екі етіс жұрнағы арқылы жасалған қатар

A) Жинақталды, оқылды

B) Көрсетілмеді, айтылды

C) Сөндірілді, жазысты

D) Тазартылды, орылды

E) Бергізілді, көшірілді

 8. Сан есімнен болған жалпылауыш мүше

A) Алпамыс, Ер Сайын – бәрі байдың жалғыз баласы.

B) Қаламды, қағазды – бәрін сөмкеме салдым.

C) Мағаш, Әбіш, Күлбаданды – барлығын Абай жақсы көрді.

D) Абай, Мұхтар, Шәкәрім – үшеуі де Шыңғыстау перзенті.

E) Көкпар, тоғызқұмалақ, бәйге – баршасы ұлттық ойын.

 9. Толымды сөйлем

A) Қалай тез өткен?

B) Қызықты өтті.

C) Арманыма қол жеткіздім.

D) Ата-аналарды байқамадым.

E) Бүгін от шашу шашылды.

10. Даулы (полемикалы) сөз сипатына сай тіл амалдары қатары

A) Сұраулы сөйлем, мысқыл сөз, мақал-мәтелдер

B) Қаратпа сөздер, экспрессивті сөздер, неологизмдер

C) Образды сөздер, синоним сөздер, экспрессивті сөздер

D) Тұрақты үлгідегі сөйлемдер, сөз тіркестері, терминдер

E) Толымсыз сөйлем, жергілікті сөздер, қарапайым сөздер

11. Берілген мақал-мәтелдердегі көнерген сөз

A) Ешкім батыр болып тумайды.

B) Жақсыда мін жоқ, жүйрікте сын жоқ.

C) Қараша үйден ханша шығар.

D) Алтынды тот баспайды.

E) Асылды егеу алмас.

12. Ашық буынды күрделі сөздер қатары

A) Әл-қуат, әлсін-әлсін

B) Әкім-төре, әл-дәрмен

C) Әке-шеше, ата-ана

D) Әнші-күйші, ою-өрнек

E) Әдіс-тәсіл, оқта-текте

13. Түбір сөз

A) Саудагер

B) Ғарышкер

C) Топырақ

D) Көкжиек

E) Мұздатқыш

14. Келер шақтың анықтамасы

A) Іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын білдіреді.

B) Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болғанын білдіреді

C) Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді

D) Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болғанын білдіреді

E) Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатынын білдіреді

15. Берілген мақалдағы етістікті сөз тіркесінің саны

Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар

A) Бесеу

B) Үшеу

C) Екеу

D) Біреу

E) Төртеу

16. Іскерлік қарым-қатынасқа тән лексика саласы

A) Көнерген сөздер

B) Терминдер

C) Тұрақты тіркестер

D) Кәсіби сөздер

E) Диалектілер

17. Көнерген сөздер қатары

A) Сауыт, қалам

B) Патша, ғалым

C) Қабілет, дарын

D) Күйме, мектеп

E) Саптыаяқ, айбалта

18. Тәуелденген есімшелі сөзі бар сөйлем

A) Айтылған сөз – атылған оқ.

B) Жер астында жатқанды қазбай қарап, тіл табар.

C) Отанға опасыздық еткенің – өз түбіңе жеткенің.

D) Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.

E) Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес.

19. Анықтауыш қызметіндегі етістік қатысқан сөйлем

A) Көз көргенше ауыз – батыр, сөйлеп қал.

B) Көнектей басқа шүмектей тілің жау.

C) Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.

D) Оттың шаласы, сөздің аласы жаман.

E) Ми ойлағанды тіл тындырады.

20. Есімді сөз тіркесі

A) Хатты алу

B) Үлкен үй

C) Мектепке бару

D) Сауатты жазу

E) Жақсы оқу

Дереккөз: Ұлттық Тестілеу орталығы

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ