Оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру жұмысының жүйесі

0
13018
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Әлемдік бірлестікте жаңа тенденциялардың дамуына байланысты білім беру жүйесі маңызды ресурс болып келеді. Бұл таңда оқушылардың өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерін үйрету міндетіне көп мән беріп тұр. Мұндай жағдайда өзекті мәселенің бірі — өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, қоршаған ортадағы белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаның алдына мындай талаптар қойылып тұр: креактивтік, белсенділік, ой-өрісінің кеңдігі, шығармашылық әрекетке қызығушылығының басымдылығы.

Мұның өзі баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, дарын иелерін жастарынан таңдай білу, оларды ерекше жетілдіруді  талап етеді. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылық пен шығармашылықтың табиғаты шексіз екенін, сондай-ақ оған ықпал ететін факторлардың да сан қырлы болатынын көрсетеді. Бірақ, дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады.

Баланы ізденушілікке баулу, оған ғылыми зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды мәселесі болып саналады. Ғылыми зерттеу дегеніміз ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығы қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.

Зерттеуге қызығушылықты тудырудың маңызды алғышарты ретінде іс-әрекеттің кең әлеуметтік түрткілерін тәрбиелеу, оның мағынасын ұғыну, өз іс-әрекеті үшін зерттеп отырған үрдістерінің маңыздылығын түсіну болады. Осыған орай Аристотельдің мынандай сөзі бар: «Таң қалу арқылы адамдар философияға жақындай бастайды, олар алдындағы қиын мәселені шеше келе одан ары жолдың жалғасында одан да қиын мәселелердегі қиындықтарды түсінеді», яғни қызығушылық зерттеу әрекетінің қозғаушы күші. Қазіргі жас жектіншектердің негізгі міндеті – білім алу, ғылымды игеру. Білім-ғылымсыз ешбір қоғам алға баспайды, ешбір мемелекет күшеймейді.

Келешек мемелекетіміздің тағдыры білімді жастарға байланысты, бұл туралы Елбасы былай дейді: «тұрақты дамуға қол жеткізу үшін біз интеллектуалдық элитаға, жоғарғы технологияға, еліміздің ғылыми әлеуетіне сүйенуіміз қажет. Тек өзінің интеллектуалдық әлеуетінің арқасында ғана ел әлемдегі өзінің орнын ала алады». Ал іздену жұмыстары оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастырады.

Себебі, біріншіден, зерттеу барысында оқушылардың коммуникативтік мүмкіндіктерін дамытады: категориялық ұғамдарды қабылдау үшін базистік, арнайы терминдердің мәнін ұғыну керек. Мағлұматтарды түсініп қабылдамайынша, оқушы басты мәселелер бойынша қандай да бір шешім қабылдай алмайды. Екіншіден, зерттеу әрекеті ақпараттық қызмет атқарады: тақырыбына байланысты белгілі жүйелер және олардың құрамдас бөліктерін, құрылымдары, заттар мен құбылыстардың арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсетеді. Сонымен қатар, Адам мен қоршаған ортамен байланыс жасаудың дағдысын игеру мүмкіндігіне ие болады. Біртіндеп ғылыми көзқарасы қалыптасады. Үшіншіден, зерттеу оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға ең басты, ой-өрісін, жауапкершілігін, еңбекқорлық, шыншылдық, өзара қамқорлық, әдептілік пен сыпайлықты дамытуға үлес қосады.

Аталған негізгі коммуникативтік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізу үшін интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Осы жерде оқушының зерттеу мәдениетінің қалыптасуына көмек беру мұғалімнің негізгі міндетінің біріне айналады. Бұл оқу-әдістемелік жұмысты жаңаша құруды талап етеді. Осыған орай мектебіміздегі эксперимент алаңында ұйымдастырылған «Зерттеу мәдениетін қалыптастыру» курсы бойынша жинақтаған тәжірибемізді ортаға салғымыз келді.

Зерттеуші-білім алушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім болып келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалылығымен  жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.  Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қараумен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыру мен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде қабылдамай, өз зерттеуі арқылы алады.

Балалардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру жұмысының жүйесі

Адам тек шығармашылығының нәтижесінен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық, зерттеушілік процестің өзінен ләззәт алуға қабілетті. Оқушының зерттеушілік әрекеті тұлғаны толық қамтитын күрделі кіріктірілген білімі болып табылады. Иә, қазіргі жағдайдағы негізгі мәселе-оқушының шығармашылық жұмысы арқылы өзінің жеке білімін байқауы және оған жаңа ойларды қосуы. 12 жылдық білім беру жүйесіне байланысты  мектебімізде білім алушылардың зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастыру  2-4 сыныптар аралығында  «Зерттеу мәдениетін қалыптастыру», 5-11 сыныптар аралығында «Зерттеу және жобалау іс-әрекеттерінің негізі» арнайы курсы өз жұмысын бастады. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ү.Б.Жексенбаеваның әдістемелік құралына негізделіп жасалынды. Мұндағы мақсат: оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.

Зерттеушілікке оқыту-баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі.  Әр  баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ  көрсең көзін аш» — дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту пародигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап дамыту, №47 орта мектебінде «Зерттеу мәдениетін қалыптастыру», «Зерттеу және жобалау іс-әрекеттерінің негізі» курстың оқу-тақырыптық  жұмыс жоспары жасалынды.

Бағдарлама мазмұны:

І. Кіріспе сабақтары-кіріспе сабақтарды ұйымдастыру оқушыларға зерттеушілік әрекеті мен осы процестегі ойлау тәсілдерін түсінуіне мүмкіндік береді.

ІІ. Жаттығу сабақтары немесе ізденіс жұмыстары- оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға арналған. Ізденіс жұмыстары барысында оқушы арнайы білімді, зерттеушілік білігі мен дағдыларын игеруі тиіс: — проблеманы көру және анықтау;

— сұрақ қоя білу;

— болжамын ұсыну;

— ұғымға анықтама беру;

— ойды жеткізе білу;

— бақылау;

— материалды құрылымдау;

— баяндамасынан мәтін құра білу;

— өзіндік идеяларын дәлелдей және қорғай білу.

ІІІ. Жобаның презентациясы немесе зерттеушілік әрекетінің нәтижесін жариялау, бағалау- оқушы өз жұмысының нәтижесін жариялау өте маңызды. Қазіргі оқушы жобаны презентациялау практикасын игеруі қажет, өзіндік пікірін дәйектей алуы тиіс, өз ойын тұжырымдап, қорытынды жасай алуы тиіс, сондай-ақ ораторлық, төзімділік, оппоненттің пікіріне дәйекті жауап қайтара білу, өз әрекетін бағалай білу қабілеттерін болғаны жөн.

ІҮ Қорытынды.

Іздену жұмыстары оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастырады. Себебі, біріншіден, зерттеу барысында оқушылардың коммуникативтік мүмкіндіктерін дамытады: категориялық ұғамдарды қабылдау үшін базистік, арнайы терминдердің мәнін ұғыну керек. Мағлұматтарды түсініп қабылдамайынша, оқушы басты мәселелер бойынша қандай да бір шешім қабылдай алмайды. Екіншіден, зерттеу әрекеті ақпараттық қызмет атқарады: тақырыбына байланысты белгілі жүйелер және олардың құрамдас бөліктерін, құрыламдары, заттар мен құбылыстардың арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсетеді.

Сонымен қатар, Адам мен қоршаған ортамен байланыс жасаудың дағдысын игеру мүмкіндігіне ие болады. Біртіндеп ғылыми көзқарасы қалыптасады. Үшіншіден, зерттеу оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға ең басты, ой-өрісін, жауапкершілігін, еңбекқорлық, шыншылдық, өзара қамқорлық, әдептілік пен сыпайлықты дамытуға үлес қосады.

Жұмыс папкасының үлгісі:

  1. Оқушы туралы жалпы мәлімет.
  2. Жұмыстың тақырыбы. Жұмыстың мақсаты мен міндеті.
  3. Жиналған материалдар, сызбалар, суреттер т.б.
  4. Жұмыс күнделігі.
  5. Рефераттар мен баяндамалар, мақалалар мен ғылыми жұмыстар.

Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды. Ал сол матиалдарды оқушы қайдан алады? Олар кітаптан, интернеттен және электрондық оқулықтардан алынған материалдарды қалай пайдаланады? Мысалы:  Кітапхана орталығымен жұмыстың мақсаты: оқушылардың кітапхана-ізденушілік дағдысын қалыптастыру, өзінің іс-әрекетіне бақылау жасауға баулу. Оқушыны зерттеушілікке жетелейтін сабақтар тек кітапхана көмегімен жүзеге асырылады. Мектеп кітапханасы оқу процесін кіріктіруде негізгі дидактикалық қор болып табылады. Кітапхана дегеніміз-көпшілік тұтынуына керекті кітаптар сақталып тұратын үй, мекеме. Онда жүргізілетін іс-әрекеттер түрі:

— Энциклопедиялармен жұмыс түрі негізгі ақпаратты табуға көмектеседі. Энциклопедия

анықтамалық қызмет атқарады.

— Мамандырылған сөздіктер: тілдік, түсіндірмелік, синонимдер сөздігі, сілтемелер

сөздігі, мифологиялық сөздіктер, т.басқа.

— библиографиялық басылымдармен жұмыс. Ақпараттар түрімен, ақпараттар таңдау

негізімен және қажетті материалдарды іздеу жолымен танысу, ктапхана каталогымен

жұмыс,т.басқа.

— мерзімді басылымдармен: газет, журналмен жұмыс. Кітапханадағы жұмыс нақты тапсырмаларды орындау кестесі бойынша кітапханашының немесе мұғалімнің басшылығымен пәндік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Интернетпен жұмыстың мақсаты қажетті ақпараттарды іздеу, электрондық каталогпен жұмыс істей білу, ақпараттарды сайтта жинақтау тағы басқа.

 

Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Зерттеушілік — еркін, белгілі бір сыртқы жағдайлармен шектеусіз жүргізілуі тиіс. Зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже:

  • баланың жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілеті;
  • алынған материалды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту.

Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерде көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.Кітаптағы материалдың шынайылығына көз жеткізу үшін оларды салыстыратын өзіндік пікірі болуы тиіс.

Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері:

  1. Проблеманың өзектілігі (болашақ зертеулерді анықтау, проблемаларды табу);
  2. Зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелерді белгілеу);
  3. Зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу);
  4. Шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);
  5. Зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;
  6. Ақпаратты жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);
  7. Алған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,

материалдарды жинақтау);

  1. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша

хабарлама дайындау);

  1. Баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру).

Баланың зерттеушілік әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс:

  1. Балаларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;
  2. Нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару;
  3. Талқылау кезінде баға беруге асықпау;
  4. Білім алу барысында балаларға көмектесу:
  • өз бетінше проблеманы шығару;
  • проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;
  • пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау;
  • ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;
  • өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну.
  1. Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету.

Мұғалімнің ғана қолынан келетін нәрсе-ол балалардың өз пәніне деген қызығушылығын өшіріп алмай, ары қарай жалғастыруы. Яғни, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, таным белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту, барлық оқушыларға берілетін тапсырмалардан ерекше, күрделі тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық, логикалық ойындар беру арқылы қызығушылықтарын үстемдеу, проблемалық сұрақтармен мәселелерді шешуді, өз бетімен жұмыс істеуді үйрету, зерттеуге баулу қажет.

Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі. Бүгінгі баланың әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Баланың айналаны өз бетімен танып-білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану кіші жастағы оқушымен жұмыста ерекше орын алады.

Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі тиімді болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру

стандарты

  1. Жексенбаева Ү.Б. «Зерттеушілік оқыту технологиясы» (Бастауыш мектепке)
  2. Жексенбаева Ү.Б. «Организация научно-исследовательской деятельности школы»
  3. Жексенбаева Ү.Б. «Мен зерттеуге үйренемін дәптері».
  4. «12 жылдық білім беру» республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журналы.

 

Әліпбаева С. Н

№47 орта мектеп, Тараз қаласы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ