«Ойыншықтар дүкені» балабақша ұйымдастырылған оқу қызметі

0
3320
Дене шынықтыру
Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсінігін кеңейту, оларды атай отырып сипаттай білуге үйрету,сөйлеу барысында «ағаштан,матадан,пластмассадан,резинадан» деген сөздерді қолдана алуға үйрету.Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту. Дыбыстарды анық айтуға үйрету. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу, балаларды еңбекке,еңбекті құрметтей білуге, сыпайлыққа, ізгілікке, адалдыққа баулу.

Сөздік жұмыс: ағаш – деревянный – wood(вуут) ,пластмасса – пласмассовый – plastic (пластэик), матадан — тканевый — fabric – (фабрэик)                                                                   резинадан – резиновый – rubber (робэ)                                                                     Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет,музыка                                                                                                                    Көрнекі құралдар: әр түрлі ойыншықтар, суреттер,слайд.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу,ойын,Монтессори

Шаттық шеңбері.                                                                                                        Армысың, Алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысыңдар,достарым!
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Здравствуй, солнце золотое!

Здравствуй, небо голубое!

Здравствуйте, друзья

Здравствуйте, гости!

Goоd morning, Good morning!

Gоod morning to you!

Good morning, Good morning!

I am glad to see you!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын,ал сендер мұқият тыңдап жауабын табасыңдар.

1.Ұшып қонып тынбайды
Қанша соқсаң сынбайды
Суға салсаң, батпайды
Түскен жерде жатпайды

  1. Аяғы бар, жүрмейді ,
    Аузы бар, күлмейді .
    Айнымайды бөпемнен,
    Тек сөйлеуді білмейді.

Балалар,ойыншықтардың  барлығы  балалар сендер үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады. Ойыншықтарды сындырмай, ұқыпты, таза ұстауымыз керек. Күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Балаларға әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды көрсету.

1.ағаштан
2.пластмассалы

3.матадан
4.резинадан

Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер.

Сөздік жұмыс:

ағаш – деревянный – wood(вуут) ,пластмасса – пласмассовый – plastic (пластэик), матадан — тканевый — fabric – (фабрэик) резинадан – резиновый – rubber (робэ)

Балалар енді сендер өздерінің сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ендеше , ойыншықтар туралы тақпақтар айтайық.

Сергіту сәті.

Сюжетті рольдік ойын: «Дүкен»

Кейіпкерлер: сатушы, тұтынушы, ойыншықтар

Мақсаты: Сөйлемді  құрай білуге үйрету,ойлау қабілеттерін дамыту. Мамандыққа баулу,яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету.
Дүкенге барғанда тәртіп сақтауымыз керек,айқайлауға, жылауға, рұқсатсыз заттарды ұстауға болмайды. «сәлеметсіз бе!», «рахмет!»деген сөздерді пайдалану.

Дидактикалық ойын: «Ойыншықтарды жинаймыз»

Ән: «Ойыншықтар»

Қорытынды.                                                                                                     Ойыншықтар қандай материалдардан жасалады? Ойыншықтарды қалай ұстауымыз керек?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықтардың түрлерін

Игереді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды

Меңгереді: ойыншықтар туралы тақпақтарды біледі

Басқа материалдар

Каламбаева Айкен Кумисбаевна
Атырау облысы,
Кызылкоға ауданы
«Алтын кілт» бөбекжай бақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ