Оқу үлгерімін қалай дамытуға болады? Әлі де кеш емес.

0
2281

Адамның таным мен ақпаратты жедел қабылдауы алдымен ата-анасынан берілген гендік қабілет пен бойында қалыптасқан ерік-жігеріне байланысты. Мектепте оқығанда бір балалардың тек кілең бестікке, ал кейбірінің араласас бағаға, келесілерінің үштік пен нашар нәтижеге бағалануын  байқау қиын емес. Мұндай біртектілікке жат  келеңсіздіктердің артында ең бірінші — деңгейлік тұрақсыздық жатыр. Деңгейлік тұрақсыздыңтың зардаптары уақытында байқалмағанымен кейінгі кезеңдерде адам өмірін мүлдем  басқа бір арнаға бұрып жіберуі де ғажап емес. Білім саласында қалыптасқан «негіздік фундаментті» дұрыс орнықтыру алдымен оқушыны мен студенттің үлгеріміне байланысты. Сол себептен сіздерге оқушы мен студент үлгерімін жетілдірудің бірнеше тәсілдерін ұсынамыз.
1. Визуализацияны, яғни көзбен шолуды қолданыңыз
Бұл қағида жетістікке тиімді, әрі тез жетуге ықпал етеді. Себебі визуализация арқылы сіздер тамаша өмірді көре аласыздар. Бір-екі минуттық бұл көріністерден кейін жерге түскенде, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болып, одан сайын көп жұмыс істегіңіз келе береді.
2. Ешқашан өзіңізге шектеу қоймаңыз
Есте сақтаңыз: өзінің дегеніне жете алмағандар, өздері кінәлі. Алдындағы мақсаттарына аз жұмыс істегені немесе ынтасын аз салғаны үшін кінәлі емес, өздеріне шектеу қойғандары үшін кінәлі. Шектеу қою арқылы, өздеріңізді тоқтатасыздар, өйткені адам баласы алмайтын қамал жоқ. Ол үшін өзіңізді дайындау керек, бастысы сан емес, сапа ғой!
3. Есте сақтаңыздар: өмір бойы оқу керек
Сіздер білесіздер, жекелеген дағдыны меңгеру арқылы жақсы жұмыс көрсете аласыздар. Ал егер мансап қуғыларыңыз келсе, өмір бойы оқу шарт. Кейде, қажетті білімді жұмыс барысында аласыздар, бұл да жақсы. Кейде жұмыстарыңызда ондай мүмкіндіктер жоқ, сондықтан уақыт бөліп білімді шыңдау керек.
4. Өз-өзіңізді ұйымдастыра алудың маңыздылығы
Егер сіздер өз уақыттарыңызды, демалысыңызды, жұмысыңызды, әр күніңізді дұрыс ұйымдастыра алсаңыздар, онда уақытты тиімді түрде жұмсап, қалаған нәрселеріңізге тез арада қол жеткізесіздер.
5. Ескертпелер жасаңыздар
Ескертпе – сіз жасау керек немесе жасайтын іс-әрекеттерді ескертеді. Алғашқы оқушыларыңыздың суреті де ескертпе қатарына жатқызса болады, өйткені оған қарап сол кездер еске түсіп, көңіліңіз көтеріледі. Қолдан, көрінетін жерге ескертпелерді тізіп қойған жөн. Бұл мақсаттарыңызды дұрыс қоюға және орындауға көмектеседі.
6. Өзге адамдарға көмектесіңіздер
Сіздер оқушыларға көмектескенде, көңіліңіз жай табады, сіз біреуге керексіз деген сезім бойды билейді. Оқушыларға нәтижеге қол жеткізуге көмектесе аласыздар, оқушылар сіздің көмегіңізге мұқтаж екенін ұмытпағайсыздар.
7. Балалармен жиі араласуға тырысыңыздар
Егер сіз сынып жетекшісі болмасаңыз, сабақ беретін сынып балаларымен араласуға болады. Себебі балалар үлкендерге қарағанда әлемді қарапайым түрде көреді. Кейде олармен араласу арқылы мәселелерді бір-ақ сәтте шеше аласыздар. Балалар көмегімен жаһандық мәселелер де шешілген кездер болған!
8. Сіздер сияқты үлкен жетістікке жеткісі келетін адамдармен араласыңыздар
Табысқа жетуде сіздің әдісіңізге ұқсас әрекет ететін адамдармен қарым-қатынаста болыңыз. Бұл көмектеседі, сіздер бір-біріңізбен тәжірибе алмасып, бірге мәселелеріңізді шеше аласыздар, қолдау көрсете аласыздар.
9. Дем алуды ұмытпаңыздар
Дем алысты әрдайым есте ұстаңыздар, дем алыс уақытын орынды пайдаланыңыздар. Ұйықтар алдында қыдыруды әдетке айналдырыңыздар. Жұмыстан шаршағанда, жарты сағат тынығып алу керек. Егер қыдыратын уақыт болмай жатса, жақсы көретін музыкаңызды тыңдауда жақсы әсерін береді.
10. Басқа адамның тәжірибесі туралы ұмытпаңыздар
Атақты ғалымдар туралы көп оқып, олардың жетістіктерін, кемшіліктерін, қылықтарын зерттеп, барлығын өзіңізге керекті түрде пайдаланыңыз.
11. Әр кез ақпаратпен сусындап отырыңыздар
Мотивация туралы бір мақала немесе бір кітап оқу әр кез оң нәтижеге апармайды. Өйткені бірдеңені ұмытып, түсінбеуіміз әбден мүмкін. Осы тақырыпқа байланысты ой-өрісіңізді кеңейтіп отырған жөн.
12. Өзіңізді мақтауды ұмытпау
Иә, мақтауды ұмытпау. Кез-келген мақсатқа жекенде, мейлі, болмашы нәрсе болсын, өзіңіздің мақтауды ұмытпаңыздар. Егер сіздерді өзіңіздің көрсеткен нәтижеңіз қанағаттандырса, ары қарай биік шыңдарға да шыға аласыздар.
13. Оптимист болыңыздар
Кез келген нәрсеге позитивті көзқараспен қараңыз. Тіпті сізде проблема болса да, осы жағдайдан жақсы нәрсе көре біліңіз.
14. Тәжірибелі адамның сөздеріне құлақ салыңыздар
Біз жиі өзімізді үлкен санап, ақыл-кеңес тыңдаудан бас тартамыз. Егер ақыл-кеңес беруші бізден жасы кіші болса, намысымыз тіпті жібермейді. Ол дұрыс емес. Өзгенің тәжірибесін пайдалана отырып, уақыт пен күшімізді үнемдей аламыз. Біздің өміріміз аға буынның тәжірибесін үйренуден құралады.
15. Өзіңіздің күшіңізді және уақытыңызды үнемдеңіз.
Бос уақыттарыңызды алып қоятын адамдармен көп араласпаңыз, олар өзінің де, өзгенің де уақытын сарп етеді. Нәтижесінде не бітірген шаруа жоқ, не дем алып үлгермейсіздер.
Оқу үлгерімінің жоғары болуы — болашақтағы табыстың кепілі. Білім берілу процесінің жас талғайтынын ескерсек, ілімді уақытында бойға қабылдаған дұрыс. Құр босқа өткен алтын уақыттың қайтып келмейтіні — ақықат.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ