Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ — ға дайындауда ата — аналарға кеңес

0
2393

   Алдына мақсат қойып, қалаған оқуына түсуін көздеген талапкермермен қоса ата-аналардың да ҰБТ кезінде сарсаңға түсетіні белгілі. Кейбіреулері  өз баласының қабілет-қарымына толықтай көз жеткізбей тестілеуде жоғары балл алуға  перзенттерін міндеттеп жатады. Мұндай жағдайда  өзара  түсініспеушілік туындауы да ғажап емес. Егер сіздің балаңыз биыл мектеп бітіретін болса, барлық шаруаларыңызды кейінге ысырып, балаңызға жиі көңіл бөлгеніңіз  жөн .Сонымен қоса, онымен сырласып, табиғат аясында бірауық сенуендеген де дұрыс.. Біздің сайт оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ — ға дайындауда ата — аналарға басты 7 кеңесті ұсынады.
1. Балаңыздың ҰБТ — ға барар алдындағы алдын — ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл — кеңес беруге тырысыңыз.
2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ — ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз
3. Балаңыздың көңіл — күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз
4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз
5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс — жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз.
6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз.
7. Ешқашан балаңызды сынап — мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ