XXI ғасырдағы «Оқу жайы»

0
3078

Иә, бүгінгі күні де, дамыған технологияның, жедел ақпараттар заманында да  оқудың, білімнің маңызы зор екеніне талас жоқ. Кез-келген мемлекеттің, кез-келген қоғамның дамуы оның білімінің, ғылымының қаншалықты дәрежеде екеніне байланысты. «Қазақтың осы күні сатып алмайтын нәрсесі жоқ, сол алған нәрселерінің бірін де қазақ өзі істеген емес. Басқа жұрттарда өздерінің істеген нәрселері өз ішінде сатылып, жұмсалған ақша өз елдерінде қалып, шетке кетпейтін болса, оны жұртқа шығын деп есептемейді, тек бірінен біріне ауысқан санайды. Қазақ малының басқаларға кетпейтін орны жоқ. Бәрінде де қазақ осы көлденең көк аттыларға түсіп, соларға жем болады…». Меніңше, өте таныс сурет!  Бұл сонау 1913 жылғы қазақ қоғамының суреті. Екі жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де, қазақтың жайы бір мысқал өзгермегені ме?!\r\n\r\nБүгінде керегімізді, үлкен заттардан бастап ұсақ -түйекке дейінгінің бәрін қайдан аламыз? Мойындайықшы, «шығыстағы» көршілеріміз болмаса, жағдайымыз не болмақ? Әлі де, А.Байтұрсынов айтпақшы «қазақ басқа жұрттың өнерін қымбатқа сатып алып отыр». Соншама уақыт өтсе де, неліктен біз әлі де өзімізге керек дүниелерді өзіміз жасап шығара алмай, басқаларға жем болып, тәуелді болуымыз қажет? Өзіміздің табиғи, таза дүниелерімізді сыртқа шығарып, орнына сапасыз және қымбат нәрселерді сатып алудан кімге пайда түседі? А.Байтұрсыновтың талай заман бұрын іш құса боп, қынжылған мәселесі бүгінгі күні де өзектілігін жоймай отырғаны дәлелдеуді қажет етпейді.\r\n\r\n         «Қазақша оқу әлі бір белгілі төртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп….»  дейді тағы сол жылдары. Ал, қазіргі қоғамдағы «Оқу жайы» қандай деңгейде?  Бұл сұраққа жауап беру қиын емес, егер шындықты айтар болсақ, әрине…\r\n\r\n Шындығына келгенде, осы мәселеге барын салып күрескен алаш ардақтасы Ахмет атамыздың өкінішіне орай, бүгін де «оқу жайында» ауыз толтырып айтарлық дәнеңе жоқ, кемшіліктер шаш етектен. Білім мәселесі- қоғамымыздағы ең өзекті, ең күрделі мәселе болып отыр. Тәртіпке келді деп те айта алмаймыз, оқу кітаптары жоқ емес бар, бірақ кемшіліктер өте көп, оқу бағдарламасы күрделі, тұрақсыз. Әрбір басшы өзінің заңын енгізгісі келеді, сөйтіп оқушылардың басын қатырады. Әсіресе оқушы кітабының тапшылығы – білім мәселесіндегі үлкен  проблема болып отыр. Дегенмен, сонау жылдардан бері қарай өзгерістер болған жоқ деп те айта алмаймыз. Біз дамушы елміз және білім баспалдақтарына енді-енді көтеріліп келе жатқан жағдайымыдың барын, талай ғасыр бодан болған тарихымыздың барын ескерсек «өнер-білім бар жұрттарға» айналу үшін әлі талай уақыт қажет. Осыдан талай жылдар бұрынғы Ахмет Байтұрсынов қынжылып жазған сол кездегі қоғамдағы «оқу жайы»  мен бүгінгі  XXI ғасырдағы «оқу жайының» аражігі соншалықты ашыла қоймаған, бәріде бәз қалпында. Осы тұрғыдан бас қатырар адам жоқ. Әркім талаптанып, еліміздегі білімнің жағдайына алаңдаушылық білдіріп, осы тұрғыдағы кемшіліктерді жоюға атсалысса Ахмет Байтұрсыновтың арманының орындалғаны да…\r\n\r\n \r\n\r\nМуса Назерке\r\n\r\nӘл — Фараби атындағы ҚазҰУ\r\n\r\nЖурналистика факультетінің\r\n\r\n 1 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ