Өлең: «Күз бастауы берекенің»

0
1579

Күз бастауы берекенің,

Қуанатын кезі бұл терлегеннің.

Алтын бидай, көкөніс – жемістерің,

Осы күзде шығады не еккенің.

 

Дала бейне алтынға оранғандай,

Теректердің жапырақтары жоғалғандай.

Дастархан да түрлі асқа бір толады,

Көктемдегі еккенің шаршап тынбай.

 

Балалар да сабағына асығады,

Кітап толы сөмкелерін асынады.

Күн суытып, жел соғып, күңіреніп,

Қара бұлттар күннің бетін жасырады.

 

Басталды, міне, күздің кереметі,

Күнде шаттық, күз мерекелі.

Не жетеді керемет алтын күзге,

Себебі, керемет күз берекелі!

 

ШҚО Семей қаласы, Бөкенші ауылы, Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Укиртаева Сая


ПІКІР ҚАЛДЫРУ