Өмірде түңілме!

0
2641

«Өмірден жеңілдім, ешқандай үміт жоқ…» — дейтін адамдар бар. Олар әлеуметтік желілерде де бар. Әлемжеліден тыс жүргендердің арасында да бар. Ондай ойлар бізде де болған. Түңілгенбіз. Құлағанбыз. Қайта тұрғанбыз. Қарсы жүргенбіз. Соғылғанбыз ұшы-қиыры жоқ жартастарға.
Ақымақтық қой, иә?))
Шындығында бұл өмірді жеңу деген не деген ақымақтық! Өмір түгілі, өлім де сенікі емес. Сенікі болса, сенің оған билігің жүрсе, қайта туып, қайта өл. Өлмей гөр, өмірден жеңілетініңді білмесең, келмей гөр. Өмірге һәм өлімге билігің жүрмесе, бір гәп бар емес пе мұнда!

Күндердің күнінде санаңа: «Өмірмен күресуге, оны жеңуге келетін сен кімсің?» деген дауыс-ой келгенде, дүния шіркін өзгеріп сала береді ғой! Мен кіммін мына өмірді билеп-төстейтін, оны жеңетін? Хех, рас қой!

Бұл өмірді сүю керек, достар! Нәзіктік күштен мықты. Тегеурінге де тегеурін бар. Ал, нәзіктіктің алдында бәрі пас. Және бәрі пәс. Өмірді қалай сүйем десең, ол оңай: «Сүйем!» деп айт, процесс жүреді.

Тибет монахтары айтады ғой: «Әлемде ештеңе боп жатқан жоқ, барлық пәле — сенің кәллаңда боп жатыр…» — деп.
P.S.
Ақылым тасып бара жатқаннан жазып отыр деп сөкпеңіздер. Маған да сіздердің постарыңыздан үлкен көмек кеп жатады. Ол үшін рахмет! Бір бірімізді аялайық. Қонақпыз. Тәмам.

(Ақберен Елгезектің парақшасынан)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ