Ни́колас Джеймс (Ник) Ву́йчич көпшілікке танымал австралиялық азамат. Оны өмірге аяқ-қолсыз келуі еш мұқалтқан жоқ. Қажырлы ерік-жігерінің арқасында өмірде жетістікке жетті, табысты бизнесмен, танымал жазушы болды. Ол әрбір ісімен адамдарға мотивация беріп отырады. «Менің миссиям — адамдарға өз жолын табу үшін көмектесу»,- дейді Ник Вуйчич. Оның дәрістері көбіне дене кемістігі бар балалар мен жастарға арналған. Ол әрбір адамның мүмкіншілігінің бір екенін дәлелдеді. Барлығы адамның ойлау қабілетіне байланысты. Не ойласаң соған қол жеткізесің. Ник Вуйчич он екі мүшесі сау болып, өмірге өкпелі адамдарды ойландыра қоймайды. Оның өткен өмірі мен бүгінін кереп терең ойға шомыласың. Ойлана келіп, мықты болуға іштей серт бересің!
Джеймс Ву́йчичтің мотивациялық сөздерін назарларыңызға ұсынамыз!
Табыстың бір ұшы білекте болса, бір ұшы жүректе.
Адамды тік тұрғызатын екі аяғы емес қайта арманы мен парасаты, еркі мен жасампаздық қуаты .
Өмір дегеніміз жан рақатын күйттеу емес, қайта төтенше машақатты жұмыстарды тындыру.
Әрқандай табыстың бір ұшы білекте болса, бір ұшы жүректе болады .
Үміт өрге тартады, үмітсіз көрге тартады .
Игі іске ілгіш, келелі іске кесір көп .
Табыс дегеніміз — төзімділік артына жасырынған байлық!